Механикадағы күштер. Физика, 9 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: | Мектеп: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні : | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 9 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Механикадағы күштер | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 9.2.2.3 ауырлық күші, серпімділік күші, және үйкеліс күші табиғатын түсіндіру | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жетістік критерийлері | Білу және түсіну Күштің вектор екендігін біледі. Әртүрлі күштердің бағыттарын біледі Қолдану Еркін денеге әсер ететін күштерді оқ арқылы көрсетіп, суреттерді толықтырады Білу және түсіну Күштің физикалық мағынасын түсінеді. Күштің әсерінен дене жылдамдығы мен бағыты өзгерген қозғалыстарға мысалдар келтіреді. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар өздерінің түсініктерін көрсететін жаңа сөздерді пайдаланулары керек. Олар терминдерді түсіну және қолдану керек. Арнайы пәндік лексика мен терминология Оқушылар: Күш және салмақ туралы білетіндерін, жеке пікірлерін айтып,өз ойларын дамыта отырып,ауызша және жазбаша түрде талқылай алады | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Оқушылар оқу үдерісінде бақылау жүргізуге, топтастыруға, құбылыстарды бір-бірімен байланыстыру мен оларға түсінік беруге үйрету.Ойды, пәндік білім мен дағдыларды құру мен дамытуға ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік және жеке бастың маңызды тапсырмалары контексінде ғылыми мәселелерді ойлауға қабылетті ақпараттандырылған және сындарлы ойлай білетін азаматтар тәрбиелеу. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | математика | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Оқушылар АКТқолдану дағдыларын дамытау. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Масса ұғымы ,оны анықтау, кейбір өлшеу әдістері | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жопарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы Ой шақыру 3 мин 2 мин Ақпарат алу 15мин Практикум 15 мин 5 мин | Ұйымдастыру кезеңі: Үй тапсырмасын тексеру: Сурет бойынша өз ойыңды білдір. Табиғаттағы күштердің түрлері сан алуан:
Сипаттап көрелік:
Fүйк=mg, мұндағы жанасатын беттің үйкеліс коэффициенті. Әр дененің өзінің үйкеліс коэффициенті болады Үйкеліс күші мына жағдайларға тәуелді:
Үйкеліс күшінің түрлері: Бір дене екінші дененің бетімен қозғалған кезде пайда болатын күш үйкеліс күші деп аталады. Fүйк. әрпімен белгіленеді. F = µN 1. Тыныштық үйкелісі. Блеуді көлбеу тақтайға қоялық. Тақтайдың еңке? Бұрышы онша үлкен болмаған кезде білеу орнында қала алады. Оны төмен қарай сырғудан не ұстап тұр? Тыныштық үйкелісі. Үстелде жатқан дәптерді қолдарыңмен қысыңдар да оны жылжытыңдар. Дәптер үстелге қатысты қозғалады, бірақ сендердің қолдарыңа қатысты тынышuықта тұрады. Сендер ненің көмегімен дәптерді қозғалуға мәжбүр еттіңдер? Дәптердің қолмен тыныштық үйкелісі көмегімен. Тыныштық үйкелісі қозғалыстағы транспортер таспасында тұрған жүктердің орнын ауыстырады, баулардың шешілуіне кедергі жасайды, тақтаға қағылған шегені ұстап тұрады және т.б. Тыныштық үйкеліс күші әр түрлі бола алады. Ол денені орнынан қозғалтуға ұмтылған күшпен бірге артады. Бірақ кез келген екі жанасушы денелерде ол одан әрі бола алмайтын бір шама аз мәнге ие болады. Мысалы, ағаш тақтада тұрған ағаш білеу үшін ең көп тыныштық үйкелісі шамамен оның салмағының 0,6-сын құрайды. Денеге максимал тыныштық үйкеліс күшінен асып түсетін күш түсіріп, біз денені орнынан қозғаймыз және ол қозғала бастайды. Тыныштық үйкелісі сол кезде сырғанау үйкелісімен алмасады. 2. Сырғанау үйкелісі. Таудан сырғыған шана біртіндеп ненің салдарынан тоқтады? Сырғанау үйкелісінің салдарынан тоқтады. Мұзда сырғанап келе жатқан шайба өз қозғалысын неге баяулатты? Сырғанау үйкелісінің салдарынан. Сырғанау үйкелісінің күші әрқашанда дене қозғалысының бағытына қарама-қарсы жаққа бағытталған. Үйкеліс күштерінің пайда болу себептері қандай? 1. Жанасатын денелердің беттерінің кедір-бұдырлығы. Тіпті тегіс көрінген беттер шын мәнісінде әрқашанда микроскопиялық тегіс емес (томпақ, ойыс) болады. Бір дененің екінші дененің бетімен сырғанаған кезінде бұл тегіс еместік бір біріне ілініседі де, қозғалысқа бөгет жасайды. 2. Үйкелісетін денелердің түйісетін жерлерінде әрекет ететін молекула аралық тартылыс. Қазір бір нәрсені — заттардың молекулаларының арасында өте аз қашықтықтарда тартылыс пайда болатынын меңгеру маңызды. Молекулалық тартылыс тек денелердің жанасатын беттерін жалтыратқан жағдайларда ғана көрініс табады. Мәселен, арнайы технология көмегімен вакуумда өңделген өте таза және тегіс екі металл салыстырмалы сырғанаған кездегі үйкеліс күші тегіс емес ағаш білеуін жерде орын ауыстырған кездегіге қарағанда айтарлықтай үлкен болады екен. Кейбір жағдайларда осы металдар бір бірімен «ұстасып» қалады да одан әрі сырғанау мүмкін болмайды. 3. Домалау үйкелісі. Егерде дене бірінің бетінен бірі сырғымай, дөңгелек немесе цилиндрге ұқсас домаласа, онда олардың түйіскен жерінде пайда болған үйкелісті домалау үйкелісі деп атайды. Домалаған дөңгелек жол табанын бір шама жаншиды, сондықтан оның алдында әр уақытта жеңуге қажетті шамалы төмпешік болады екен. Домалаған дөңгелекке үнемі алдында пайда болатын төмпешіктен шығуға тура келеді, домалау үйкелісінің пайда болу шарты осыған саяды. Сол кезде жол неғұрлым қатты болса, домалау үйкелісі солғұрлым аз болады. Бірдей жүктеме кезінде домалау үйкеліс күші сырғанау үйкесіс күшінен айтарлықтай аз болады. Бұл тіптен ертеде байқалған. Сондықтан ауыр жүктерді жылжыту үшін біздің ата-бабаларымыз олардың астына дөңгелейтін зат немесе бөрене қойған. Осы себептен адамдар көлікке дөңгелек пайдалана бастады. Тіректің реакция күші Тіректің реакция күші деп тіректің денеге әрекет ететін серпімділік кірітін айтады.. Үйкеліс күшінің модулі Fү = μN тіректің реакция күшіне тура пропорционал: {\displaystyle |F|=\nu N}, мұндағы μ {\displaystyle \nu }— үйкеліс коэффициенті деп аталатын пропорционалдык коэффициент. Үйкеліс коэффициенті жанасатын беттер жұбының өңделу сапасы мен материалына байланысты болады. Үйкеліс күші, денелер беттерінің кедір-бұдырлығынан және жанасатын беттер молекулаларының езара тартылысынан туындайды. Тең әсерлі күш-денеге бір мезгілде әрекет ететін бірнеше күштің әрекетіндей әрекет ететін күш сол күштердің тең әрекетті күші деп аталады Күштер бағыттас болса қосылады.Ал қарама –қарсы бағытталса алынады. ҒR =F1+F2 параллелограмм ережесі.
ҒR =√F12 +F2 2 Пифагор ережесі Жеке жұмыс Жалпы массасы 1 т болатын жүгі бар шананы ат мұзбен сүйретіп келеді. Шана табаны мен мұз арасындағы үйкеліс коэффициенті µ=0,05. Ат арбаны қандай күшпен тартып келеді? 2. Массасы 70 кг шкафты орнынан жылжыту үшін қандай күш жұмсау керек? Үйкеліс коэффициенті µ=0,3. 3. Массасы 50 кг дене 200Н күштің әрекетінен жазық бетте бірқалыпты қозғалып келеді. Үйкеліс коэффициенті неге тең? 1. Қандай күшті үйкеліс күші деп атайды?2. Үйкеліс күші нешеге бөлінеді?3. Үйкелістің пайдасы мен зияны?4. Үйкелісті азайту жолы?5. Нормаль қысым күші дегеніміз не?6. Үйкелістің формуласы? | Презентация http://www.bilimland.kz/index.php/kz/ Бейнефильм күш түрлері http://files.school-collection.edu.ru/dlrstore/669b2b5a-e921-11dc-95ff-0800200c9a66/3_6.swf ttps://www.twig-bilim.kz/film/friction-5767/-үйкеліс ОМ8 және ОМ9 тапсырмалары | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Рефлексия 3 мин Үйге тапсырма 2 мин | «Сингвейн» әдісі арқылы сабақты қорытындыдау «Күш» сөзіне §11, есептер жинағынан есептер шығарып келу. | 9-сынып физика оқулығы Р.Башарұлы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз Оқушылардың эксперименттік жұмыс жүргізу дағдылары бағаланды.Жұмыс жоспарын жасады. | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары Техника қауіпсіздік ережелері ескертілді. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1:Оқушылар белсенді.Оқыту тәсілін түрлендіру 2.Презентацияны пайдалану .өзінсабақ сапасын арттырды. Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Жетектеуші сұрақтар беру қажет 2:Топтық,жұптық,жұмыстар жүргізу Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру