Электромагниттік индукция, генератор. Физика, 8 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Электромагниттік құбылыстар

Мектеп:

Күні:

Сынып:

Мұғалімнің аты-жөні:

Класс: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Электромагниттік индукция, генератор.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.4.3.7 – электромагниттік индукция құбылысын түсіндіру;

8.4.3.8 – Қазақстанда және дүние жүзінде электр энергиясын өндірудің мысалдарын келтіру

Сабақ мақсаттары

  • электромагниттік индукция құбылысын сипаттау;
  • Фарадей тәжірибесін түсіндіру;
  • индукциялық ток контур ішінде магниттік ағынның өзгерісінен пайда болатынын дәлелдеу;
  • генератордың құрылысы мен жұмыс істеу принципін түсіндіру.

Бағалау критерийлері

Оқушылар

  • электромагниттік индукция құбылысын сипаттайды және электромагниттік индукция заңын тұжырымдайды;
  • Фарадей тәжірибесін түсіндіреді;
  • индукциялық ток контур ішінде магниттік ағынның өзгерісінен пайда болатынын дәлелдейді;
  • генератордың құрылысы мен жұмыс істеу принципін түсіндіреді.

Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар электромагниттік индукция заңын ауызша тұжырымдайды.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Тұрақты магнит- Permanent magnet; Магнит өрісі- magnetic field

Магнит өрісініӊ күш сызықтары- The magnetic field lines

Магниттік полюстер- magnetic poles; Оӊтүстік полюс -South Pole

Солтүстіқ полюс - North Pole; Электромагниттiк индукция- electromagnetic induction; Индукциялық ток- induction current ; Ленц ережесi – Lenz rule

Өздiк индукция- self induktion; Айнымалы ток генераторы - alternator

Трансформатор- transformer

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

 Электромагниттік индукция - контурды тесіп өтетін магниттік ағынның кез келген өзгерісінде контурда электр тогының пайда болу құбылысы.

 Пайда болған ЭҚК индукциялық ЭҚК, ал ток индукциялық ток деп аталады.

Индукциялық токтың бағыты Ленц ережесімен анықталады. Ленц ережесі: Контурдағы индукциялық ток әрқашанда өзінің магнит өрісімен өзін тудырған магнит ағынының өзгерісіне кедергі жасайтындай болады.

Құндылықтардыдарыту

Ғылымды қолдану; -Көшбасшылықты дамыту; -Ынтымақтастық

Жауапкершілік.

Пәнаралық байланыстар

Бастапқы білім

Магнит өрісінде орналасқан кез келген тогы бар өткізгішке магнит өрісі тарапынан күш әсер етеді. Бұл күш Ампер күші деп аталады.

Ампер күшініӊ бағыты сол қол ережесімен анықталады:

 Қолымыздың алақанына кіретіндей етіп, тік төрт саусақтың бағытын токтыӊ бағытына сәйкестендірсек, онда бас бармағымыз оң Ампер күшінің бағытын көрсетеді.

Магнит өрісініӊ тогы бар рамкаға әсері

 Рамканыӊ оӊ және сол бөліктеріне бағыттары қарама-қарсы болған Ампер күштері әрекет етеді. Нәтижеде тогы бар рамка айналмалы қозғалыс жасайды.

Солай етіп, магнит өрісі тогы бар рамканы айналмалы қозғалысқа келтіреді.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 мин

5-7 мин

1. Алдыңғы алған білімдерін еске түсіру үшін оқушыларға қойылатын сұрақ.

а) Эрстед қандай тәжірибе жасады?

Тогы бар өткізгіштің айналасында магнит өрісінің бар екендігін дәлелдеді. Яғни, ток арқылы магнит өрісін алуға болады.

b) Тізбектегі электр тогы үшін қандай шарттар қажет екендігін еске түсірейік?

- электр зарядын тасымалдаушылар;

- ток көзінің болуы;

- электр тізбегінің тұйықталуы.

2. Ой қозғау. Оқушылар жұпта талқылайды

Магниттік құбылыстарды электр құбылыстарына айналдыруға бола ма? Магнит өрісі арқылы электр тогын алуға бола ма? Ол үшін не істеу қажет?

XIXғ.басында көптеген ғалымдар шешуге тырысты. Жан-Даниэль - Колладон және ағылшын физигі Фарадей бір уақытта осы мәселені шешу үшін жұмыс жүргізді. Фарадей өз күнделігіне «Магнит өрісін электр өрісіне айналдыру қажет» деген сөзді жазып қойып, 10 жыл жұмыс жүргізіп зерттеу нәтижесін алды.

Мұғалім оқушылардың ойын тыңдап болған соң, олардың назарын бүгінгі сабақтың мақсатына бағытайды. Оқушылармен бірге сабақтың мақсаты талқыланады.

Сабақтыңортасы

7-22 мин

22-37мин

3.Түсіндіру Мұғалім Фарадей тәжірибесін демонстрациялайды

Оқушылар Фарадей тәжірибесін бақылап, оны талдауға қатысады.

Оқушылар индукциялық токтың пайда болуына катушкадан өтетін магнит өрісінің өзгеруі себеп болатынын түсінулері тиіс.

Мұғалім генератордың жұмыс істеу принципі мен құрылысын таныстырады

4. Сабақты бекіту

Оқушылар практикалық жұмыс жасайды.

Таратпа материал

Сабақтың соңы

37-40 мин

Рефлексия. Оқушы «Жетістік баспалдығын» толтырады. Үйжұмысы:

  • 59, 60 сұрақтарға жауап беру
  • Түрлі ақпарат көздерінен М.Фарадейдің өмірбаянымен танысу.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуыСабақ барысында оқушылардың денсаулық және қауіпсіздік техникасы сақталды.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесісабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу