Ішкі энергия және оны өзгертудіңтәсілдері. Физика, 8 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Келісілді

«Физика» ӘБ жетекшісі

Кадыров К К ________

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп: Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні: 13.09.2019ж

Мұғалімнің аты-жөні: Көптілеуов Б.Ә

Сынып: 8 А

Қатысқандар саны:9-10

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ішкі энергия және оны өзгертудіңтәсілдері.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.2.1 - ішкі энергияның өзгеруінің жолдарын сипаттау

 Сабақ мақсаттары

  • Кинетикалық және потенциалдық энергияның ішкі энергияға айналуын түсіну;
  • Ішкі энергия мен механикалық энергияны ажырата білу;
  • Дененің ішкі энергиясын өзгерту жолдарын білу.

 Бағалау критерийлері

  • Кинетикалық және потенциалдық энергияның ішкі энергияға айналуын түсінеді.
  • Ішкі энергия мен механикалық энергияны ажырата біледі.

Дененің ішкі энергиясын өзгерту жолдарын біледі.

 Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика және терминология. Оқушылардың осы бөлімдегі пәнді оқыту мақсаттарына қол жеткізуі үшін көмектесуге арналған ғылыми тілде жазылған термин сөздер: потенциалдық және кинетикалық энергия, ішкі энергия, температура, жылулық процестер, жылу берілу, т.б.

Қазақша

Русский

English

Энергия

Энергия

Energy

Кинетикалық

Кинетическое

Kinetic

Потенциалдық

Потенциальное

Potential

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Дененің потенциалдық энергиясы дененің немесе дене бөлшектерінің өзара ................... тәуелді. Энергия ..............-дан ………. энергияға айналады.

Ішкі энергия дегеніміз……………….

Ішкі энергияны өзгерту тәсілдері ……………….

Дененің температурасы артса…………

Жылу алмасу ………….

Механикалық жұмыс істеу………….

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Топпен бірге тапсырма орындау барысында ынтымақтастыққа, құрметке баулу. оқушылар-мұғалім, оқушы-оқушы ынтықмақтасып, серіктестік қарым-қатынаста болуы.

 Пәнаралық байланыстар

Химия (молекулалар қозғалысы)

 АКТ қолдану дағдылары

Презентация, Интернет ресурстары: bilimland.kz/ сайты

Бастапқы білім

Энергия. Потенциалдық және кинетикалық энергиялар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

4 мин

3 мин

- Ұйымдастыру

- Шаттық шеңбері "Бүгінгі тілек "

- Үй тапсырмасын kahoot ойыны арқылы тексеру

- Алдыңғы білімдерін жаңғырту

Мұғалім келесі сұрақтарды оқушыларға ауызша қояды:

1.Оқушылар сіздер ойынды ойнау барысында қандай энергия түрлерін иемдендіңіздер? (кинетикалық, потенциалдық)

2.Кинетикалық энергия дегеніміз не? (Қозғалыстағы денелердің энергиясы)

3.Потенциалдық энергия дегеніміз не? (Әр түрлі денелердің (немесе бір дене бөліктерінің) өзара орналасуы бойынша энергия)

4.Энергия түрлері неден тәуелді? (жылдамдықтан, денелердің орналасуынан

5.Энергияның өлшем бірлігі қандай? (Джоуль)

1 слайд

Сабақтың ортасы

4 мин

3 мин

10 мин

13 мин

15 мин

5 мин

15 мин

Демонстрация көрсету: насос, тығын, резенке арқылы

Демонстрациялық тәжірибе арқылы проблемалық сұрақ қою нәтижесінде сабақтың тақырыбына және мақсатына шығу

Ішкі энергияның өзгеруінің жолдарын сипаттау;

Оқушылар «Атом-молекула» ойынын ойнайды. Осы ойынның өткізілуі келесідей: мұғалім оқушыларды орынынан тұрғызып билеттіріп қояды да, оқушыларға мұғалім молекула неше атомнан тұратынын айтады. Егер молекула төрт атомнан тұрады деп хабарласа, оқушылар төрт-төрттен бірігуі қажет, дәл осылай молекула үш атомнан тұрады деп хабарласа, оқушылар үш-үштен бірігуі қажет. Бұл мезетте сыныптағы оқушылар санын ескеру қажет. Нәтижесінде оқушылар екі топқа бірігуі тиіс.

Топтық жұмыс. Оқушылар энергияның өзгеру жолдарын қарастырады.

І топ – ішкі энергияны қоршаған денелермен жылу алмасу арқылы өзгерту жолын қарастырады;

ІІ топ - ішкі энергияны механикалық жұмыс істеу арқылы өзгерту жолын қарастырады.

Тапсырмалары кеспе қағазда беріледі.

Әр топтан бір оқушы шығып өздерінің ортақ жауаптарын айтады. Жауаптарын дәлелдеп, негіздей алу қажет.

Теориялық білім

Оқушылардың жауаптарын негіздей отырып нақтырақ теориялық материалды беру.

Алған білімдерін бекіту

Оқушылар жұппен сапалық тапсырмаларды орындайды.

Жұптық бағалау

Жұптар парта бойынша тізбектеліп жауаптарымен алмасады. Қол көтерген оқушылардан жауаптары тыңдалады. Оқушылардың қатерлері болса, басқа оқушыға бағыттау. Жауаптарын дұрыс беруге, анықтауға жетелеу.

Дұрыс жауап берген оқушыларды мадақтау.

Қалыптастырушы бағалау тапсырмасын орындату

Презентация 2-3 слайд

https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/molekulalyq-fizika/termodinamika

Музыка фон

http://files.school-collection.edu.ru/dlrstore/669b7972-e921-11dc-95ff-0800200c9a66/1_3.swf

Үлестірме материал 1

Презентация

Үлестірме материал 2

Үлестірмеліматериал 3

Сабақтың соңы

5 мин

Сабақ соңында оқушылар кері байланыс жүргізеді:

«Білім теңізіне қайықты жіберіңіз»  

Тақырыпты жақсы меңгердім деп есептеген балалар өз қайығын «Білім теңізіне» жібереді, ал оған сенімсіз балалар «Ереже шығанағында» қалады.

Оқушылар бүгінгі сабақта нені меңгердім?

Маған қиындық тудырғандар? Сұрақтарының жауабын стикерге жазып интербелсенді тақтадағы суретке жапсырады.

Үйге тапсырма

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары, өз бетімен ойлау кабілеті жақсы оқушыларға ішкі энергияға байланысты күрделі тапсырманы орындай алады.

Оқушылардың көпшілігі ішкі энергияны өзгерту тәсілдеріне байланысты орта деңгейлі тапсырмаларды орындай алады.

Есептер шығаруда жұптардың бір-бірін бағалауы.

Сабаққа қатысу белсенділігіне, білімділігіне қарай оқушылар бір-бірін ауызша қорытындылап бағалайды.

Қорытынды бағаны мұғалім қояды.

Кері байланыс «Білім теңізіне қайықты жіберіңіз»  

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу