Жай механизмдер. Физика, 7 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар «Физика» ӘБ жетекшісі: ________

7.4B Күш моменті

ФМБ НЗМ Тараз қаласы

Пән: физика

Мерзімі:

Мұғалімнің аты - жөні: Елибаева А.

СЫНЫП: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:

Жай механизмдер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқыту мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.2.4.1 қарапайым механизмдердің қолданылуына баға беріп, «Механиканың алтын ережесін» тұжырымдау

Сабақтың мақсаттары

Оқушылар:

жай механизм түрлерін ажырата алады;

жай механизмдердің жұмыс істеу принципін түсінеді;

табиғаттағы, тұрмыс пен техникадағы жай механизмдердің қолданылуына мысалдар келтіре алады.

Механиканың «алтын ережесін» тұжырымдай алады.

Бағалау критерийлері

Жай механизмнің түсінік бере алады;

Жай механизм түрлерін ажырата алады;

Жай механизмдердің қолданылуына мысалдар келтіре алады;

Механиканың «алтын ережесін» тұжырымдай алады.

 Тілдік мақсаттар

Арнайы пәндік лексика мен терминология:

жай механизм, иіндік, блок, көлбеу жазықтық, шығыр, сына, бұранда.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Егерде сіз … жасайтын болсаңыз, мен … жасаймын.

Келіңіздер алдымен … жасап алайық, сосын біз … жасай аламыз.

… жасауға қалай қарайсыздар?

Егерде біз…, не болады?

Мен сізбен келісемін/келіспеймін.

Осы идея/ұсыныс жақсы.

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық

Өзіне және өзінің айналасындағы адамдарға деген құрмет

Академиялық шындық

 Пәнаралық байланыстар

Математика

АКТ қолдану дағдылары

Ақпаратты табу, құру және онымен жұмыс істеу, мәліметтер мен ой түйіндерімен бөлісе және алмаса отырып құрал – жабдықтар мен қосымшалардың кең ауқымын пайдалану арқылы өз жұмысын бағалау және жетілдіру

Бастапқы білім

Оқушылар 7.2В тарауынан масса, күш, салмақ және олардың өлшем бірліктері туралы білулері тиіс.

Жоспар

Сабақтың барысы

Уақытты жоспарлау

Жоспарланатын іс-әрекеттер

Ресурстар

0 – 1 мин

Ұйымдастыру. Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау

1 – 5 мин

(W) Жаңа тақырыппен танысу үшін, алдымен жұмбақтарды шешуді ұсыну:

1. Екі басты айдаһарБәрін қырып жояды.Екі аяқпен жер тіреп.Қағазды жеп қояды. (қайшы)

2. Артық кемдi теңестiрер,

Дәндi де өзi жемес бiрер. (таразы)

3. Жансыз жарады,

Жанды ұрады. (балта)4. Жетпіс аяқ бауырында,

Екі қолы жауырында,

Тындырады істі ол,

Жеңілін де, ауырын да. (ара)5. Үй артында бүкір терек,

Күресуге кісі керек. (иінағаш)

Осы құралдардың барлығын бір сөзбен қалай атауға болады?

Оқушылар ойларын айтады. Осылайша сабақтың тақырыбын табамыз.

Сабақтың тақырыбымен, оқыту мақсатымен таныстыру.

Microsoft Power Point

5 – 15 мин

15 – 35 мин

(W, D) Жай механизмдерге түсінік. Күшті түрлендіріп, қозғалыс бағытын өзгерту үшін қолданылатын құралдар жай механизмдер деп аталады.

«Көлбеу жазықтықтар, сыналар, бұрандалар, механизмдер: Пирамидалардың құрылысы, иінтіректер, дөңгелектер, блоктар» бейнефильмдері арқылы жай механизмдердің түрлерін қарастыру.

(W, D) Оқушылардан жай механизмдердің (бірінші және екінші реттік иінтіректер, жылжымалы және жылжымайтын блоктар, көлбеу жазықтық) көмегімен қалай жұмыс атқаруға мысалы, аз күш жұмсап, массасы үлкен жүкті қалай жоғары көтеруге болатынын сұрау. Оқушыларға блок, қайшы т.с.с. жай механизмдерді көрсетіп, жай механизмдер арасында ортақ не бар екендігі туралы болжамдарын ортаға салуды ұсыну. Болжамды тәжірибе арқылы тексеріп,оқушылардың барлық жай механизмдердің айналдырушы күш негізінде жұмыс істейтіндігін және түсірілетін күштің шамасы олардың айналу осінен қашықтық артқан сайын азаятыны туралы қорытындыға келуін қарастыру.

№2-8 слайдтар

http://files.school-collection.edu.ru/dlrstore/669b5266-e921-11dc-95ff-0800200c9a66/5_8.swf

Көлбеу жазықтықтар, сыналар, бұрандалар

https://www.twig-bilim.kz/film/planes-wedges-screws-5774/

Механизмдер: Пирамидалардың құрылысы

https://www.twig-bilim.kz/film/machines-building-the-pyramids-5775/

Иінтіректер, дөңгелектер, блоктар

https://www.twig-bilim.kz/film/levers-wheels-pulleys-5773/

35 – 55 мин

(D) Жай механизмдердің адамдарға аз күш жұмсауға көмектесетіндігін түсінетіндей пікірталасты ұйымдастыру.

Демонстрациямен жұмыс жасап, оқушылар келесі қорытындыға келулері қажет: «Жай механизмдердің көмегімен күштен қанша есе ұтсақ, орын ауыстырудан сонша есе ұтыламыз».

№2 – 5 слайдтар

http://files.school-collection.edu.ru/dlrstore/669b5268-e921-11dc-95ff-0800200c9a66/5_10.swf

55 – 65 мин

(G) Жұптық жұмыс. Оқушыларға жай механизм түрлеріне тапсырма беру.

Бағалау критерийлері

  • Жай механизмнің не екенін біледі;
  • Жай механизм түрлерін ажырата алады;
  • Жай механизмдердің қандай мақсатта қолданылатынын түсінеді;
  • Механиканың «алтын ережесін» біледі.

Қосымша 1 (үлестірмелі материал)

65 – 75 мин

(I) Оқушыларға жай механизмдердің тұрмыстағы қолданылуына 8 мысал келтіріп, оның түрлерін анықтауын ұсыну. Оқушылар тақтадағы дайын жауаптар бойынша өзін – өзі тексереді.

Бағалау критерийлері:

7-8- дұрыс жауап

5-6 дұрыс жауап

0-4 дұрыс жауап

Қосымша 2

Microsoft Power Point

Сабақтың соңы

75 – 80 мин

Кері байланыс (оқушыларға жаңа тақырып бойынша сұрақтар қою)

Үй тапсырмасы

Қосымша ақпараттар

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар: жай механизмдерді ажырата алды;

табиғаттағы, тұрмыс пен техникадағы жай механизмдердің қолданылуына мысалдар келтіре алды.

Механиканың «алтын ережесін» тұжырымдай алды.

Өзін-өзі бағалау

Практикалық жұмыс жасау кезінде ҚЕ бойынша құсқаулық беру

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сыныптың оқушылары ынтымақтастықта жұмыс жасай алды. Оқушылар өз бетімен және жұпта жұмыс жасауға мүмкіндік алды. Негізгі бөлімде дайын материалдар бермей, оқушылардың өздеріне ақпарат табуларын ұсынуға болатын еді.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Сабақ басында күнделікті өмірде қолданысқа ие құралдар бойынша сұрақтар қою

2: Кері байланыс

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Жұптық жұмыс

2: Бейнематериалдар

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Уақытты дұрыс жоспарлау қажет



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу