Деформация. Серпімділік күші. Гук заңы. Физика, 7 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

ТАНЫСТЫ

ӘБ жетекшісі:

____________________

« »______20__ж.

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7.2В Күш. Масса, және салмақ

Сабақ тақырыбы

Деформация. Серпімділік күші. Гук заңы

Сабақта іске асатын оқу мақсаты

7.2.2.11 - Пластикалық және серпімді дефморацияларды ажырату, мысалдар келтіру;

7.2.2.12 - Гук заңының F = - k∆x формуласы бойынша серпімділік күшін есептеу;

7.2.2.13 – Серпімділік күшінің ұзаруға тәуелділік графигінен қатандық коэффициентін анықтау

Бағалау критерийлері

Оқушы

  • Деформация түрлерін ажыратады;
  • Гук заңының формуласын есептер шығаруда қолданады;
  • Серпімділік күшінің ұзаруға тәуелділік F(x) графигінен қатандық коэффициентін анықтай алады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Қазақша

Русский

English

Деформация

Деформация

Deformation

Серпімді деформация

Упругая деформация

Elastic deformation

Пластикалық деформация

Пластическая деформация

Plastic deformation

Серпімділік күші

Сила упругости

Elastic force

Қатаңдық коэффициенті

Коэффициент жесткости

Stiffness coefficient

Гук заңы

Закон Гука

Hooke's law

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Серпімділік күші … пайда болады және  … тәуелді. Серпімділік күші … бағытталған және … әсер  етеді;

Егер … , деформация болады;

Серіппенің қатаңдық коэффициенті … тәуелді  және … өлшенеді.  Серпімділік күші … өлшенеді;

Гук заңы тек … үшін орынды

Құндылықтар

Ынтымақтастық, академиялық адалдық, белсенділік дағдыларын жетілдіру

Өмірмен байланыс

Күнделікті өмірде біз деформацияның түрлі мысалдарын көре аламыз. Спорттық ойындарда деформация түрлері көп қолданылады. Мысалы, трамплиннен суға секіру; садақпен атысу, биіктікке секіру, т.б.

Пәнаралық байланыс

Биология сабақтарында сен қаңқа-бұлшы қет жүйесінің функциясын сипаттап түсіндіруді үйрендің, физика сабақтарында сенің денең деформацияның қандай түрлерін көретінін оқып білесің.

Химия сабақтарында сен заттардың бөлшектерден тұратынын оқып білдің. Бөлшектердің өзара орын ауыстыруы заттың деформациясына алып келеді. Математика сабақтарында сен координаталық жазықтықта нүктенің координаталарын анықтауды, сонымен қатар, жазықтықта сызық салуды үйрендің. Осы дағдылар серпімділік күшінің созылуға тәуелдігі графиктермен жұмыс істеуге көмектеседі.

Алдыңғы білім

Денелердің өзара әрекеттесуі. Ауырлық күші

Сабақ барысы

Жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Дереккөздер

1-сабақ

Ұйымдастыру кезеңі.

(W) Starter. Неліктен адам Жерге құламайды?

Оқушылардың ойын тыңдағаннан кейін сабақ тақырыбы мен мақсаты таныстырылады

Презентация

(W) Теориялық білімді қайталау

  • Денелердің өзара әрекеттесуі дегеніміз не?

Дененің басқа денеге әрекет ету құбылысы

  • Өзара әрекеттесуді сипаттайтын шама.... Өлшеу құралы ...

Күш. Динамометр

  • Күштің табиғатта қандай түрлері болуы мүмкін?

Ауырлық күші, серпімділік күші, үйкеліс күші, т.б.

  • Ауырлық күші дегеніміз не? Бағыты қандай?

Дененің Жерге тартылуын сипаттайтын күш.

Дене центрінен Жерге бағытталады

  • Ауырлық күшінің формуласы, өлшем бірлігі қандай?
  • Массасы 4 кг дененің ауырлық күші Күн жүйесіндегі барлық планетада бірдей болады ма?

Жоқ, себебі g мәні әртүрлі планетада әртүрлі

Бағалау: мұғалім сұрақтарға жауап беру барысында оқушыларға бағыт беріп отырады

презентация

(W) ойша эксперимент

Жұқа тақтай екі блоктың үстіне қойылды. Егер осы конструкцияның үстіне ауыр денені қойсақ не байқалады?

Тақтай дененің ауырлық күші әрекетінен майысады, яғни деформацияланады

Оқушыларға деформация ұғымын түсіндіірп, оның түрлері туралы айтыңыз.

Тапсырма 1. Талқылау: суретте берілген мысалдарда қандай деформация көрсетілген?

(W) Бекіту:

Есептер шығару

Дескрипторлары:

  • Есептің берілгенін жазады;
  • Физикалық шамаларды ХБЖ келтіреді;
  • Гук заңын қолданады;
  • Математикалық есептеулерді дұрыс жүргізіп, жауабын көрсетеді

1 мин

Қорытындылау

  • Деформация дегеніміз не? Оның қандай түрлері бар?
  • Гук заңы қандай деформация үшін орындалады?

Рефлексия

Өз жұмысыңызға баға беріңіз

  • Сабақта .... оңай болды
  • Сабақта ... Қиын болды

2 сабақ

(W) Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларға сабақ тақырыбын, оқу мақсаттары мен бағалау критерийлері таныстырылады.

презентация

(W) Миға шабуыл

  • Деформация деп ....
  • Серпімді деформация ...
  • Пластикалық деформация ...
  • Серпімділік күші деп...
  • Ол ... бағытталады
  • Гук заңы ....
  • Гук заңын k, Δx анықтау үшін түрлендіріңіз

(W) Графиктік есептерді шығару

Дескрипторлары:

  • График бойынша есептің берілгенін жазады;
  • Физикалық шамаларды ХБЖ келтіреді;
  • Гук заңын қолданады;
  • Математикалық түрлендірулер мен есептеулерді дұрыс жүргізіп, жауабын көрсетеді.

Бағалау: мұғалім тапсырмаларды орындау барысында оқушыларға бағыт беріп отырады;

Дифференциация: тапсырмаларды жылдам орындаған оқушыларға мұғалім қосымша тапсырмаларды бере алады

Презентация

Қорытындылау

  • Оқу мақсаттары мен бағалау критерийлеріне сәйкес жүргізілген жұмыс бойынша

Рефлексия

Өз жұмысыңызға баға беріңіз

  • Мен орындай аламын ....
  • Маған әлі де ... түсініксіз
  • Мен үшін қиын болды ...

презентация

Үй жұмысы

  • Серпімділік күші, есептерді аяқтау

Денсаулықты және қауіпсіздікті сақтау

Күнделікті жағдайда деформация жағдайындағы қауіпсіздікті сақтау (жол-көлік апаты, сынған денелерді ұстау, жинау, т.б.)

Қорытынды бағалау

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Сабақтың қандай аспектілері жақсы өтті (оқыту және оқу туралы ойлаңыз)?

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Сабақты жақсартуға не көмектесе алады (оқу және оқу туралы ойлаңыз)?

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Сабақ туралы сабақта не жеке оқушылардың жетістіктерімен / қиындықтарынан не таптым, келесі сабақтарда неге наздару керек?

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу