![]() |
|
![]() |
Дұрыс және дұрыс емес пішінді денелердіӊ көлемін өлшеу. Физика, 7 сынып, дидактикалық материал.
Зертханалық жұмыс Дұрыс және дұрыс емес пішінді денелердіӊ көлемін өлшеу
ОМ: әртүрлі пішіндегі қатты дененің немесе сұйықтың көлемін өлшеу үшін өлшеуіш цилиндрді (мензурка) қолдану.
Жетістік критерийлері
Түсіну: Ығыстырылған су көлемінің дене көлеміне тең екендігін түсінеді;
Қолдану: Мензуркаларды қолданып әр түрлі пішіндегі денелердің көлемін анықтайды;
Анализ: Дұрыс пішіндегі денелердің көлемін өлшеудің әдісін талдай алады. Әр түрлі пішіндегі және дұрыс пішіндегі денелердің көлемдерін өлшеу тәсілдерін салыстырады және тәжірибе жасайды.
Синтез: Дұрыс емес пішіндегі денелердің көлемін өлшеудің әдісін ойластырады және жоспарлай алады.
Құрал-жабдықтар: (оқушылар өздері құралдарды танып, жазады)
Жұмыстың барысы:
І Дұрыс пішіндегі денелердің көлемін ақытау үшін:
- сызғыштың көмегімен білеушінің ...................... өлшеймін.
- білеушенің көлемін V= ......... формуласымен анықтаймын
ІІ. Дұрыс емес пішінді дененің көлемін анықтау үшін, ........... құралды қолданамын.
Дүрыс емес пішінді дененің көлемін өлшеудегі менің қолданған тәсілімнің алгоритмі:
1.
2.
3.
Тәжірибенің нәтижесі бойынша кестені толтырамын:
Дене көлемі, см3 | дененің көлемі, м3 | ||
|
|
|
|
Сұрақтары:
- Дененің көлемі дегеніміз не? [1]
- Дұрыс пішінді денелердіӊ көлемін қалай өлшеу керек? [1]
- Дұрыс емес пішінді денелердіӊ көлемін қалай өлшеу керек? [1]
- Берілген зертханалық жұмыста қандай кемшіліктер болуы мүмкін? [2]
- Осы кемшіліктерді болдырмау үшін, не ұсынар едіңіз? [2]
Мұғалімге ескерту: тапсырманы барлық оқушылар орындауы міндетті, бірақ бұл жерде оқушы қабілетіне орай тапсырмаларды деңгей (дифференциация) бойынша орындайды.
Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Қарап көріңіз 👇
Жаңалықтар:
» Оқу-ағарту бірінші вице-министрі: ЖАЗҒЫ КАНИКУЛ 90 КҮНГЕ СОЗЫЛАДЫ 29.05.2023
» Шетелге шығу турларының құны бір жыл ішінде қалай өзгерді ? 19.05.2023
» Соңғы қоңырау 2023 жылы қашан болады ? 15.05.2023