Жобаның нәтижесін таныстыру. Музыка, 6 сынып, сабақ жоспары. 10 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар:

3 Бөлім: Музыка және өнер түрлері Мектеп:

Мерзімі: Мұғалім:

Сынып 6 Сабаққа қатысқан оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ тақырыбы:

Жобаның нәтижесін таныстыру 10 сабақ

Оқу мақсатына арналған сілтеме

6.2.2.1 – музыкалық көркем құралдарын, музыкалық аспаптар мен дауысын қолдана отырып, музыкалық композициялар шығару және импровизация жасау;

6.2.2.2 – компьютерлік бағдарламаларды (Audacity, Soundation, Windows Movie Maker, Киностудия) қолдана отырып, музыкалық композицияларды редакциялау және интерпретация жасау;

6.1.2.4 – ауызша және жазбаша жұмыстар орындау барысында музыкалық терминологияны пайдалану;

6.3.1.1 – шығармашылық көрсетілімнің бағдарламасын таныстыру, оларды критерияларға сәйкес бағалау, өзінің және өзгелердің жұмысын жақсарту үшін түрлі ұсыныстар енгізу;

Сабақ мақсаты

Оқушылар:

  • Тілдік терминологияны қолдана отырып, шығармашылық жоба жұмыстарын көрсетіп, талдайды;
  • Өзінің және өзгенің шығармашылық жоба жұмыстарын бағалайды,
  • Топ жұмыстарына кері байланыс береді.

Бағалау критерийлері

Оқушы:

  • шығармашылық жоба жұмыстарын көрсетеді;
  • тілдік терминологияны қолдана отырып, талдайды;
  • Өзінің және өзгенің шығармашылық жоба жұмыстарын бағалайды;
  • Топ жұмыстарына кері байланыс береді.

Тілдік мақсат

Оқушылар:

- бейнелеу өнері мен поэзияны, театрлық және кинематографиялық қойылымдарды тілдік терминологияны қолдану арқылы талдау.

Пәндік лексика және терминология:

Шығармашылық жоба, фондық музыка, атмосфералық музыка, музыкадағы көркемдеуші құралдар.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Сіздің тақырыбыңыз қандай?
  • Топта рөлдерді қалай бөлдіңіз?
  • Қандай әндер таңдадыңыз?
  • Шығармашылық жоба дайындауда не үйрендіңіз?
  • Жобаның қай бөлімі сәтті орындалды?

Пәнаралық байланыс

Топта шығармашылық жоба дайындауда тақырыптарға байланысты, бейнелеу өнері, әдебиет пәндерімен байланысын табады.

АҚТ қолдану

Бұл сабақта оқушылар АКТ дағдыларын жоба жұмысын орындау барысында, Audacity, Soundation бағдарламаларын қолдану арқылы дамыта алады.

Алдыңғы білімдері

Берілген сабақ алдыңғы өткен тақырыптардың жиынтығы болып табылады. Оқушылар алдыңғы сабақта шығармашылық жобаны ұйымдастырып бастады.

Құндылық

Сыныптастарының ойы мен идеясына сыйластықпен қарау. Топта жұмыс жасау дағдысын дамыту.

Жоспар

Жоспраланған сабақ барысы

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақ басы

2 мин.

20 мин.

Сабақ ортасы

15 мин.

Ұйымдастыру кезеңі: коллаборативті ортаны ұйымдастыру. Жобаны орындау барысындағы мақсат пен орындалатын іс-әрекетті анықтау.

Алдыңғы сабақта бастаған шығармашылық жобаны дайындау.

Тапсырма. Топта жұмыс жасау.

1-ші топ - «Музыка және поэзия» тақырыбына – 4 шумақ өлең жолдарын құрастырыңыз, әйгілі жазушылар туралы ақпарат іздеңіз.

2-ші топ - «Музыка және кескіндеме» - Наурыз, 8-наурыз арналған сурет жазу.

3 топ - «Музыка және театр» тақырыбына - (ертегі, ықшам қойылым) кішігірім қойылым ойластырыңыз.

4-ші топ - «Музыка және кино» - компьютерлік бағдарламаларды қолдана отырып музыкалық композицияға жөндеу жасаңыз.

Топтарда шығармашылық жоба дайындаңыз. Жоба құрастыруда музыкалық аспаптар, компьютер бағдарламаларын, әндер аудиожазбаларын, т.б. қолданыңыз.

Тапсырма. Презентация.

Шығармашылық жұмыстарыңызды сынып алдында көрсетіңіздер. Сұрақтарға жауап беріңіз:

  • Сіздің тақырыбыңыз қандай?
  • Топта рөлдерді қалай бөлдіңіз?
  • Қандай әндер таңдадыңыз?
  • Шығармашылық жоба дайындауда не үйрендіңіз?
  • Жобаның қай бөлімі сәтті орындалды?

Тапсырма. Бағалау.

Топ жұмыстарын бағалаңыз.

Бағалау критерийлері:

  • Топтық жұмыс;
  • Орындау барысындағы ансамбльдік шешім;
  • Сюжет пен музыканың сәйкестігі;
  • Шығармашылық шешім.

Презентация

Музыкалық аспаптар – синтезатор, домбыра, асатаяқ.

Наурыз, көктем,ана арналған суреттер.

(Audacity, Soundation, Windows Movie Maker, Киностудия);бағдарламалары

Киіз үй макеті, ақ қағаз, фломастерлер.

Сабақ соңы

3 мин.

Рефлексия.

Жоба барысында:

  • Сізге қай топтың жұмысы ұнады? Неге?
  • Не сәтті орындалды?
  • Қандай қиындықтар болды?
  • Не қызықты болды?

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдаукөрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Шығармашылық жұмыс орындау барысында оқушылар өз еркімен белгілі бір дағдылар бойынша рөлдерді таңдай алады.

Компьютер бағдарламаларын қолдану дағдысы жоғары оқушылар музыкалық композицияны өңдеу жұмыстарын атқара алады.

Тапсырмаға арналған бағалау критерийлері;

Кері байланыс;

Бір бірін бағалау.

Сабаққа арналған бағалау критерийлері.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу