Жобаны жоспарлау және құрастыру. Музыка, 6 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар:

6.2 Заманауи музыка мәдениеті

Мектеп:

Мерзімі:

Оқытушы:

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Жобаны жоспарлау және құрастыру (2)

Сабақта іске асырылатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.2.2.2 – компьютерлік бағдарламаларды (Audacity, Soundation, Windows Movie Maker, Киностудия) қолдана отырып, музыкалық композицияларды редакциялау және интерпретация жасау

6.2.2.1 – музыкалық көркем құралдарын, музыкалық аспаптар мен дауысын қолдана отырып, музыкалық композициялар шығару және импровизация жасау

 Сабақ мақсаттары:

Оқушылар:

  • компьютерлік бағдарламаларды қолдана отырып музыкалық композицияларды редакциялау;
  • музыкалық көркем құралдарын және дауысын қолдана отырып музыкалық композициялар шығару.

Бағалау критерийлері

  • компьютерлік бағдарламаларды қолдана отырып музыкалық композицияларды редакциялай алады;
  • музыкалық көркем құралдарын және дауысын қолдана отырып музыкалық композициялар шығара алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

Тыңдалған музыкалық шығарманы талдайды, сонымен қатар өнердің өзге түрлерімен байланысын анықтай отыра, музыкалық терминологияны қолданады.

Лексика и терминология:

Эстрада, жанр, ән,джаз, заманауи музыка жанрлары.

Диалог пен жазбаға арналған арнайы сөздер:

Бұл әуеннің көңіл-күйі ...

Тыңдалған шығарма ... жанрға жатады.

Импровитзация жасаған уақытта ..... қолдандық.

Интепретацияға ... құралдар керек етіледі.

Құндылық

Берілген сабақ жоспары оқушылардың бойынша бірлесе жұмыс жасауға, бір-біріне деген құрмет пен жауапкершілікке баулиды.

Бастапқы білімдер

1 тоқсанда алған білімдерін негізге алу

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Қорлар

Сабақ басы

0-5

5-8

1.Ұйымдастыру кезеңі.

«Сәлем- сөздің анасы». Оқушылар шеңберге тұрып әр-түрлі тілде сәлемдеседі.

Қазақ елі: Ассалаумағалейкум( қол ұстасу)- Сәлеметсіз бе( басымызды иіп сәлем беру)!

Орыс елі : Доброго времени суток-Здравствуйте(екі қолымызды жайып ашу)!

Қытай елі: Екі қолымызды дене бойымызбен тік ұстап, белден иіліп сәлемдесу! т.б.

Өткен сабақты еске түсіріңіз.

  • Жобаға арналған жоспарды негізге алу.

Сабақ тақырыбын, сабақ мақсаты мен сабақ барысында орындалатын іс-әрекеттерді анықтау.

Презентация

Сабақ ортасы

8-10

10-38

2.Сабақ барысы

Жоба тақырыбен таныстыру.

Оқушылар таңдалған тақырыптары бойынша жобаны орындауға кіріседі. Жобаны орындау барысында жобаға арналған бағалау критерийлерін айтып өту, қайталау.

Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.

Жобаны орындау. Шығармашылық жұмыс.

Компьютерлік бағдарламаларды қолдана отырып жобаны құрастыру.

Audacity, Soundation, Movie Maker бағдарламалары.

Бір әуенді таңдап алыңыз. Бұл әуенді компьютерлік бағдарлама арқылы редакциялауды бастаңыз.

  • Әуенге қосымша музыкалық эффекттер қосу;
  • Дауыс жазу;
  • Темп, динамикасын өзгерту.

Презентация

Ноутбуктер немесе компьютерлер

Сабақ соңы

38-40

4. Рефлексия

Мұғалім оқушылармен сабақ барысында орындалған іс-әрекеттерді талқылайды. Қиындық туғызған тапсырмаларға көңіл бөлу. «Терезе» әдісі арқылы ауызша рефлекися өткізіледі.

Презентация.

Ауызша

Дифференциация мұғалім практикалық жұмыс барысында оқушылардың жұмыстарын бақылап, керек кезде қайта түсіндіріп, көрсетеді, көмектеседі. Аса қабілетті оқушыларға қиындау тапсырманы орындау ұсынылады, мысалға, бірнеше символдарды қолдану.

Бағалау – практикалық жұмыс басында оқушылар топ ішінде кестеде бағалау критерийлерін толықтырады.

Техникалық қауіпсіздік сақтау.

Қауіпсіздікті сақтау сабақ жүргізу.

Оқушылар музыкалық шығармашылық жұмысты орындау үшін ерекше ойлау қабілетін қолданан отырып жаңа идея ұсына алады музыкалық және музыкалық емес құралдарды қолдана алады.

Қалыптастырушы бағалау

6.2.2.2 – компьютерлік бағдарламаларды (Audacity, Soundation, Windows Movie Maker, Киностудия) қолдана отырып, музыкалық композицияларды редакциялау және интерпретация жасау

6.2.2.1 – музыкалық көркем құралдарын, музыкалық аспаптар мен дауысын қолдана отырып, музыкалық композициялар шығару және импровизация жасау

Топтық жұмысты орындау барысында ақпарат ізденуде, таныстырылым кезеңінде оқушылар бір-біріне деген құрметтілігін көрсете отырып, сабақ барысында қауіпсіздік ережелерін сақтайды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу