Түрлі-түсті дыбыстар. Музыка, 3 сынып, қосымша материал. 2 – сабақ.


 Сабақты ұйымдатыруға арналған әдістемелік нұсқаулық

 

«Өнер» бөлімінің екінші сабағы «Түрлі түсті дыбыстар» деп аталады. Сабақтың тақырыбын ашу үшін алдымен оқушылардың назарына Ә.Қастеевтің «Амангелді сарбаздары» туындысын ұсыныңыз. Оқушылармен сұрақтарды талқылай отырып, сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстырыңыз.

Амангелді Иманов туралы айтып кетіңіз. Дидактикалық материалдар. 1- қосымша.

1-тапсырмада оқушыларға Ә.Қастеевтің «Амангелді сарбаздары» туындысын қайта көрсетіңіз. Суретті «сөйлету» үшін қандай аспаптарды қолданар едіңіз? -деген сұрақты қойып, оқушылардың жауабын тыңдаңыз. Ұрмалы және шулы-музыкалық аспаптарды қолдана отырып суретті музыкамен сөйлетуді тапсырыңыз.Тапсырманы орындату үшін алдын-ала ұрмалы музыкалық, шулы-музыкалық аспаптарды ( барабан, дауылпаз, тұяқтас, асатаяқтар,тоқылдақ т.б) дайындап алыңыз. Оқушыларға аспаптарды ұсына отырып, сарбаздардың мінген аттарының шабысын көрсетуді тапсырыңыз.

Ә. Қастеев туралы ақпарат беріп кетіңіз. Дидактикалық материалдар. 2-қосымша.

2-тапсырмада Ә.Қастеевтің «Жайлауда» суреті мен Тәттімбеттің «Сарыжайлау» күйінің өзара бейнесін салыстыруды тапсырыңыз. Алдымен Қастеевтің «Жайлауда» картинасын көрсетіңіз, содан кейін Тәттімбеттің «Саржайлау күйін тыңдатыңыз. Тыңдаған музыканы талдатыңыз. Венн диаграммасына қойып екі туындыны салыстыруды тапсырыңыз.

Оркестр жайлы ақпарат беріңіз. Оркестрдің түрлерімен таныстырыңыз. Дидактикалық материалдар. 3-4-қосымша.

3-тапсырмада оқушыларға А.Естеновтың сөзіне жазылған А.Танидің «Бояулар мен дыбыстар» әнін ереже бойынша үйретіңіз. Әннің сөзін таратып беріңіз.

Дидактикалық материалдар. 5-қосымша.

Әнді жеке,жұппен және топпен атйқызыңыз. Аспапта орындайтын оқушылар болса сүйемелдеу жасауды тапсырыңыз. Әнді орындау кезінде таза интонацияға, сөздің тазалығына, ырғақтың сақталуына мән беріңіз. Әнді мәнерлеп орындауды тапсырыңыз.

Орындаудан кейін оқушыларға кері байланыс жүргізіңіз.

  • Орындауда не жақсы шықты?
  • Не жақсы шықпады?
  • Нені жақсартуға болады?

Осы бөлім тақырыптарын толық меңгергенде оқушылар:

  • Қастеевтің өмірі мен шығармашылығымен танысады;
  • Қастеевтің туындыларын талдайды;
  • Музыка мен бояулардың байланысын зерттейді
  • Әнді мәнерлеп орындайды.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу