Түрлі-түсті дыбыстар. Музыка, 3 сынып, қосымша материал. 2 - сабақ.


 Сабақты ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулық

 

1. Оқушыларды ұйымдастыру, сабаққа зейінін ояту

Оқушылармен «Рэп айту» әдісі арқылы амандасу үшін мұғалім алдын-ала дайын сөздерді шығарып, оқушыларға сабақ басаталарда таратып беруі қажет.

Мұғадлім көп нүкте қойылған жерге оқушылардың өз аттарын қосып айтуы жөнінде ескертуі қажет.

2. Оқушыларды түстер бойынша топқа бөлу және сабақтың тақырыбын ашу

Таратпа материалды үнемді және уақытты тиімді етіп қолдану мақсатында 3 түсті рэп жазылған қағаздың келесі жағына жапсырыпқою ұсынылады. Мұғалім таратпа материалдағы бейнеге қатысты сұрақтар қою арқылы сабақ тақырыбын ашады және мақсаттарын оқушыларға айтады.

3. Алғаш қазақтың кәсіби суретшісі Әбілхан Қастеевтың туындылары оқушыларға сабақ тақырыбын түсіндіру үшін көрсетіледі.

Оқушылар презентациядағы суреттерге қарап отырып, мұғалімнің сұрақтарныа жауап беріп, жалпы сурет туралы өз ойларын айтуы тиіс.

4. Динамикалық белгі жазылған карточкаларды таратып, мұғалім әрбір динамикалық белгінің дыбысталуын оқушылармен бірге қайталайды.

Мұғалім динамикалық белгілерді кез-келген аспапта өзі орындап көрсетеді. Немесе екі аспапта да көрсетуге болады, мысалы, фортепиано, домбыра немесе маракас, металлофон.

 Оқушылар әрбір орындаудан кейін динамиканың ерекшелігін түсіндіреді, және оқушыларға екінші рет орындау уақытында ойналған динамиканы өздеріне анықтауын ұсынады.

 

5. 1-шығармашылық тапсырманы орындау үшін оқушылар сабақтың басындағы картокаларарындағы түстер бойынга 3 топқа бірігеді. Мұғалім әр топқа әр түрлі динамика

Сіздер топтарда осы динамиканы аспаптармен ырғақ орындап көрсету тиіссіздер.

Әр топтың өзіне тән динамикасы болады. Мұғалім оқушыларға тапрсырмаға көшпес бұрын бағалу критерийін айтуы қажет.

Оқушылар ырғақты бірге келісіп шығаруы қажет. Ырғақ шығару кезінде мұғалім нота ұзақтықтарының саналуын оқушылардың естеріне түсіруіне болады. Қажет болса ырғақты ойлап табуға қиналған оқушыларға мұғалім қосымша көмек көрсетуіне немесе дайын рығақтық суреттемені беруіне болады.

Бағалау критерийі.

Білім алушылар:

  • музыкалық шығармашылық жұмысты жасау барысында динамикалық белгілерді дұрыс қолданады.

Уақыт шегін дұрыс сақтау және тайм менеджемент дағдыларын дамыту үшін тақтадан таймер қосылады.

6. Презентация. Қалыптастырушы бағалау

Әр топ өз орындауын көрсеткен соң мұғалім сұрақтар арқылы топтар өзара бағалау жүргізеді.

  • Бұл қандай динамика?
  • Бұл топ берілген динамиканы жеткізе алды ма?

Оқушылар «Басбармақ» әдісі бойынша топтың жұмысын бағалайды.

/бас бармақ жоғары қараса, бәрі тамаша, бас бармақ ортасында тұрса жұмысқа толықтырулар қажет/

7. 2-шығармашылық тапсырма үшін оқушылар екі топқа бірігеді, оқушыларды бірінші, екінші деп санау арқылы топқа бөлуге болады.

Бұл тапсырмада оқушылар Ә.Қастеевтың суреттеріне дыбыстауды жасау үшін қажет музыкалық аспаптарын анықтап, суреттегі бейнені динамиканы дұрыс қолдану арқылы музыка, дыбыс, импровизация арқылы жеткізеді.

8. Презентация барысында мұғалімге шығармашылық жұмысты таныстыратын топты сыныптың ортасына шақырып, басқа оқушылардың назарын сол топтың таныстыруына аударуын сұрау қажет.

Әр топ өз орындауын көрсеткен соң, барлық оқушылардың бағалауға қатыстыру мақсатында «Бас бармақ» әдісі ұсынылған.

9. Сабақ қорытындысы

Мұғалім оқушыларға сұрақ қою арқылы сабақты қорытады.

  • Бүгінгі сабақта бейнелеу өнері мен түстерді музыкамен қалай байланыстырдық?
  • Жылы түстерге қандай динамиканы сәйкестендіруге болады?
  • Суық түстерге қандай динамиканы сәйкестендіруге болады?

Мұғалім оқушылардың түйіндемелерін тақатаға жазу арқылы, оқушылардың не түсінгендерін жазып отырып, толықтырулар енгшізіп отырады.

Сабақты оқушының көңіл-күйі мен сабақтан алған әсерін білу үшін «Менің бүгінгі көңіл-күйім» рефлексиясы арқылы өткізуге болады.

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу