Табиғат дыбысы. Музыка, 3 сынып, сабақ жоспары. 2 - сабақ.


1-бөлім:Тірі табиғат

2- сабақ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Табиғат дыбысы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.1.1 тыңдалған әннің немесе музыкалық шығарманың мазмұнын, көркем бейнесін және көңіл-күйін музыкалық терминдерді қолдана отырып анықтау және салыстыру

3.1.2.3 - музыкалық штрихтарды қолдана отырып,аспаптарда ойнау дағдыларын көрсету;

 Сабақ мақсаттары

  • Үсенов «Күзгі әуен» шығармасын тыңдайды және талдайды;
  • қобыз, қылқобыз аспаптарын салыстырады;
  • табиғат дыбыстарына музыкалық дыбыстау жасайды;
  • «Қобызым» әнін үйренеді және орындайды.

Бағалау критерийлері

Білім алушылар:

аспаптарды үні бойынша ажыратады;

тыңдаған шығарманы талдайды;

қобыз, қылқобыз аспаптарды жайлы ақпарат іздейді, оларды салыстырады;

қылқобыз, қобыз аспаптарында табиғат дауыстарын салып ойнайды;

дауыстарымен табиғат дыбыстарын салады;

Қорқыт «Қобызым» әнін мәнерлеп орындайды.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

музыканы сипаттайды және талдайды, тыңдаған музыкалық шығарма жайлы өз ойын ортаға салады.

Пәндік лексика мен терминология:

музыкалық аспаптар, қобыз, қыл қобыз

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Музыка сізге ұнады ма?
  • Орындаушылар шығарманың көңіл-күйін не арқылы жеткізіп тұр?
  • Неше адам орындап тұр?
  • Қандай аспапты естіп тұрсыздар?
  • Бұл шығармадан табиғаттың дауысын естідіңіздер ме?
  • Қобыз және қылқобыз аспаптарының ұқсастығы мен айырмашылығын анықта?

Құндылықтарды дарыту

 

Қазақтың музыкасын тыңдау және талдау арқылы патриоттық сезімге тәрбиелеу, түрлі музыкалық іс-әрекеттерге қатыса отырып эстетикалық талғамын қалыптастыру.

  Пәнаралық байланыстар

Дүниетану – сабақтың басында Табиғат құбылыстарының суретін көрсету арқылы табиғат дыбыстарын салу кездінде байланыс байқалады.

АКТ қолдану дағдылары

Қобыз, қылқобыздың ұқсастығы мен айырмашылығын анықтау кезінде ноутбуктарды қолданады.

Бастапқы білім

Алдыңғы сабақтардағы 1-2 сыныптарда алған білімдеріне сүйене отырып, қобыз, қылқобыз аспаптары жайлы білімдерін толықтырады. Табиғат дыбыстарын импровизациялайды.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Музыкалық сәлемдесу

Бірлескен орта құру мақсатында сабақтың басында музыкалық жаттығу жасату.

Суретке қарап табиғат дыбыстарын салу.

Табиғат дыбыстарының аудиожазбалары: http://audios.nur.kz/artist-3351-zvuki-prirodi

Сабақтың ортасы

30 мин

1-тапсырма. Музыка тыңдау және талдау.

Қобызшылардың орындауында Ермұрат Үсеновтың «Күзгі әуен» шығармасын тыңдаңыз.

  • Музыка сізге ұнады ма?
  • Орындаушылар шығарманың көңіл-күйін не арқылы жеткізіп тұр?
  • Неше адам орындап тұр?
  • Қандай аспапты естіп тұрсыздар?
  • Бұл шығармадан табиғаттың дауысын естідіңіздер ме?

2-тапсырман. Ақпарат іздеу.

Интернет желісін, музыкалық энциклопедияларды, ақпараттық парақтарды қолдана отырып, қобыз және қылқобыз аспаптарының ұқсастығы мен айырмашылығын анықта.

Кестені толтырыңыз. 1-қосымша.

ұқсастығы

айырмашылығы

Қобыз

Қылқобыз

3-тапсырма. Импровизация.

Қорқыт «Қасқыр үні» күйін тыңдатыңыз.

Қылқобыз, қобыз аспаптарында және дауыспен табиғат дыбыстарын, қасқырдың ұлуын салып көрсетіңіз.

3-тапсырма. Ән үйрену және орындау.

Жанар Айжанованың орындауындағы Қорқыттың «Қобызым» әнін үйреніңіз және орындаңыз.

Е.Үсенов «Күзгі әуен»

https://www.youtube.com/watch?v=A2bmWHDCfDw

Ермұрат Үсенов туралы ақпарат

Қобыз аспабы туралы- https://www.youtube.com/watch?v=SuIi6bYI_f8

Қылқобыз, қобыз аспаптары

Ноутбуктар, энциклопедия, ақпараттық парақтар

Дауыспен табиғат дыбысын салу-

https://www.youtube.com/watch?v=FkaVBszsgkY

https://www.youtube.com/watch?v=M0ZUez6udnE

Жанар Айжанованың орындаында «Қобызым» әні -

https://www.youtube.com/watch?v=W_DJKhmCGC8

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия:

  • Мен не білдім?
  • Мен не үйрендім?
  • Қай тапсырма қиын болды?
  • Қай тапсырма жеңіл болды?

Саралау

Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Домбыра аспапта орындай білетін оқушыларға, әнді домбырамен қосылып орындау тапсырылады.

Бағалау критерийі бойынша бағалау

Ноутбуктен жұмыс жасаған кезде қауіпсіздік ережелер сақталады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу