Табиғат дыбысы. Музыка, 3 сынып, қосымша материал. 2 - сабақ.


 «Тірі табиғат» бөлімінің 2 сабағына әдістемелік нұсқаулық

 Музыка сабағын нота атаулары мен биіктіктерін қайталау мақсатында музыкалық сәлемдесуден бастаған жөн.

Сабақ тақырыбын мақсаттарын анықтау үшін оқушыларға табиғат дыбыстары тыңдатылады. Жаңбыр, жел, бұлбұл құс, тоқылдақ

Табиғат дыбысы тақырыбын анықтау мақсатында әрбір дыбысты тыңдаған уақытта мұғалім оқушыларға сұрақтар қойып отырады:

  • Бұл ненің дыбысы?
  • Бұл дыбысты қайдан кездестіруге болады?

1 тапсырманы өткізбес бұрын мұғалім оқушыларды жұптарға бөледі. Уақыт үйнемдеу мақсатында партада бүргі отырған оқушылар тапсырманы орындаутыға болады. - Тыңдалған әуенді талдау үшін ақылдаса отырып талдау парақтарды толтыру қажет болады.

Әрбір жұпқа музыка талдау парақтары беріледі.

Мұғалім музыканы тыңдап болған соң ғана парақтар толтырылады және толтырмас бұрын жұппен ақылдасып алу керек екенін оқушыларға ескертеді.

Музыканың көркемдеуші құралдары

1 әуен

2 әуен

Екпін

Динамика

Дыбысталуы

/Қандай аспап орындалды деп ойлайсыздар? Неліктен?/

Сипаты

Қалыптастырушы бағалау. Сынып оқушылардың жазғанымен келісемін, келіспеймін деп басбармақ әдісін қолдана отырып көрсетеді.

2 тапсырмада оқушылар сазсырнай және сыбызғы аспабының құрылысы жасалу жолдары жөнінде біледі. Оқушыларға екі аспаптың суретін көрсетіп не білетіндері жөнінде сұрап алу қажет

  • Жаңағы тыңдалған күйлер осы екі аспапта орындалды. Бұл аспаптар қалай аталады?
  • Қандай аспаптар қатарына жатады?
  • Сазсырнай аспабы неден жасалған?
  • Сыбызғы аспабы неден жасалған?

Сонан соң аспаптың жасалуы және дыбысталуы жөнінде бейнематериал көрсетіледі.

Музыкалық терминдері мұғалім өзі түсіндіреді. Интонация терминінің мәнін түсіндіру үшін мұғалім бір сөйлемді әр түрлі интонациямен оқып беруіне болады. Оқушылар интонация өлең оқу, ін айту, аспаптың музыкада да қолданылып көркемобразды ашатынын түсінеді.

Тембр  (фр. tіmbre – кішкене қоңырау) – дыбыстың сапасы (оның “бояуы”, “характері”). Ол әр түрлі аспаптарда немесе түрлі дауыста орындалған белгілі бір биіктіктегі дыбыстарды ажыратуға мүмкіндік туғызады. Тембр дыбыс тербелістерінің формасына байланысты болады. Тембрге музалық аспаптың материалы, формасы, дыбыс шығару тәсілі, т.б. әсер етеді.

Интонация  латын тілінде «қатты айтамын» дегенді білідереді. Кең мағынада көркем образды музыкалық дыбыстар арқылы жеткізу дегенді білідреді. Интонацияны музыканың жаны, музыкалық ойлау мен түсініктің негізі деп атайды.

3 тапсырма. Дауысты анықта ойыны музыкалық терминдерді бекіту үйшін ойнатылады.

Ойынның мақсаты оқушылар бір-бірінің дыбыс бояуы мен интонация арқылы тануы.

Ойынның шарты. Барлық оқушылар көздерін жұмып отырады. Мұғалім сынып ішінде жүріп бір оқушыны таңдап түртеді, сол оқушы өлең оқып немесе ән орындауы қажет.

4 тапсырмада оқушылар сазсырнай аспаптың музыкасына ырғақтық сүйемелдеу жасайды.

Топқа бөлу. Үлкен шеңберге оқушыларды тұрғызып 3 топқа санау бойынша бөлінеді.

1 топ – ұрмалы аспаптар /ағаш таяқшалар, тоқылдақ, дауылпаз, тұяқтас, барабандар /

2 топ – шулы аспаптар /сылдырмақ, қолдан жасалған маракастар, бубен, асатаяқ/

3 топ – музыкалық аспаптар /металлофондар/

Музыка ойналған уақытта мұғалім сандарды айту арқылы әр аспаптар тобына орындау қажет партияны ойнатады.

Бұл әдіс оқушылардың аспапта ойнау кезінеде мұқият болуы және ырғақты нақты орындауын жетілдіреді.

Оқушылар шеңбер бойымен тұрып ойнайды. Белгілі бір топ партияны ойнап тұрғанда қалған оқушылар музыкаға сай шеібер бойымен жүреді.

Топтар өз партиясын мұғалімнің көмегімен бірнеше рет орындап болған соң, топтар күйге сүйемелдеуді өздері орындайды.

Оқушылар өз орындауларын бағалайды

Рефлексия барысында оқушылар тақатада көрсетілген сұрақтардың бірін таңдап жауап береді. Мұған не бім қосымша сұрақ ретінде не түсініксіз болды, келесі сабаққа қандай тілектері бар екнін сұрап өтуіне болады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу