Табиғат әуендері. Музыка, 3 сынып, дидактикалық материал. 4 - сабақ.
Абай Құнанбаев - (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропамәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.[2]
Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды.
Ұлы ақын, ағартушы Абай музыкалық саласында да айта қалғандай мұра қалдырды. Өзінің асыл өлеңдерін, қара сөздерін қағазға түсіріп, кейінгі ұрпаққа жазып қалдырса, музыкалық жөнінде оның мұндай мүмкіншілігі болмады. Өйткені, Абай өмір сүрген көзеңде қазақта музыканың жазба мәдениеті жоқ еді, халықтық музыка ауыз дәстүрлік қалыпта еді. Сондықтан Абай әндері де қазақтың басқа халықтық ән-күйлері сияқты, ауыздан-ауызға, заманнан заманға ауыса отырып жетті. Музыка саласында жазба мәдениеттің болмауына қарамастан, Абай әндерінің бізге толық жеткен себебі - олардың халықтың жүрегінде сақталуға сапасы сай келетін шығармалар болғандығында, халық санасынан өшпес орын алғандығында. Абай әндерінің өзгешелігі - мелодиялық, ырғақтық жақтарындағы жаңалықтарында, идеялық мазмұнының ашықтығында. Бұл өзгешелік алғашқы көзде тыңдағандардың бәріне бірдей тұсінікті бола қоймады, болмақшы да емес еді. Мәдениеттің дамуына кедергі болатын феодалдық жағдайда кейбіреулер үшін ол әндердің жаңа тілдері қазақтың халықтық ән дәстүрінен шығып кеткендік болып көрінуі де мүмкін еді. Бірақ жаңа, прогресшіл мәдениет күрескері болған Абай өз бетінен қайтқан жоқ. Сейтіп, Абай әндері алғашқыда оның өз айналасына - ауыл-аймағына, кейін жалпы қазақарасына тарай бастады. Абай әндері халықтық негізден нәр алғандықтан, халық әндерімен тамырласып жатқандықтан, нотаның жоқ кезінде-ақ, ауыздан ауызға көше отырып, қалың бұқараның игілігіне айналды. Бұған бұрын-соңды халықтың музыкалық салтында болмаған жаңа өткір тілмен өлең тексіне құрылуы да себеп болды.
Эдвард Хагеруп Григ (норв. Edvard Hagerup Grieg; 1843 жылдың 15 маусыныда Берген, Норвегияда туылып —1907 жылдың 4 қыркүйегінде Берген, Норвегияда қайтыс болған) — романтизм кезеңінің норвегиялық композиторы, музыкалық қызметкер, пианист, дирижёр. Григтің шығармашылығы норвегия ұлттық мәдениеті әсерінің арқасында дамыды. Григтің ең әйгілі және танымал еңбектерінің ішінде —Генрик Ибсен драмасына арналған екі сюиталық «Пер Гюнт» музыкасы болды. (фортепианоға арналған оркестрмен бірге жүргізілетін концерт, скрипкалық сонаталар).
Эдвард Григ және Нина Хагеруп Бергенде бірге өскен, бірақ Нина бар болғаны сегіз жасында әке-шешесімен Копенгагенге көшіп кетеді. Эдвард оны тағы келесі рет көрген кезде ол бойжекткен қыз болатын. Балалық құрбысы сұлу әйел, керемет дауысты әншіге айналып, Григ пьесасын орындау үшін жаратылғанадай болды. Бұған дейін тек Норвегия мен музыканы сүйіп көрген Эдвард, махаббаттан басы айналғанын сезіне бастайды. 1864 жылдың Рождествосында жас музыканттар мен композиторлер жиналатын салонда, Григ Нинаға «Жүрек әуендері» атты махаббат туралы сонеталар жинағын сыйлап, тізесіне тұрып оның әйелі болуға ұсыныс жасады, ал Нина келісіммен жауап берді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?