Қазақ музыкалық аспаптары. Музыка, 2 сынып. Сабақ жоспары.


6 бөлім: «Салт-дәстүр және фольклор»

Көкшетау қаласы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Оқытушының аты-жөні: Магавин A.Б.

Сынып: 2

Қатысушылар саны:

қатыспағандар:

Тақырып:

Қазақ музыкалық аспаптары

Осы сабақты оқытудың мақсаты:

2.3.1.1 музыка жайында өз байқауларын білдіре отырып ұлттық және өзге әлем мәдениеті музыкасын тыңдау және қабылдау

2.3.1.2 қарапайым тіл, қимыл және қарапайым музыкалық қойылымдарды қолдана отырып музыка жайлы өз ойлары мен сезімдерін жеткізу

2.2.1.1 композицияларды шығару үшін ұсынылған немесе таңдалған суреттерді зерттеу және қолдану

2.2.1.2 музыканың көңіл күйін шығармашылық түрде ұсыну үшін музыкалық аспаптарды және өз дауысын пайдалану

2.4.1.1өз жұмысын жақсарту мақсатында пікір айту және ұсыныстар енгізу

Сабақтың мақсаты

Оқушылар:

  • Қазақ халқының ұлттық музыкалық аспаптарымен танысады
  • Аспаптарды жіктеуді үйренеді
  • Қазақ аспаптарын қолдана отырып оркестр жасайды.

Бағалау критерийі

  • Музыкалық аспаптарды қолдана отырып, ұлттық музыкаға байланысты өз ойын білдіреді
  • Композиция шығару үшін ұсынылған аспаптарды қолданады
  • Шығармашылық жұмысына байланысты пікір білдіріп, бағалайды.

Пән аралық байланыс

Қазақ тілі-оқушылар ұлттық аспаптың атауларын, аспаптардың жіктелуін қайталайды және жаттайды

Халық әнін орындайды

Құндылықтар

Құрмет- дәстүрлі өнерге деген құрмет, оқушылардың бір-біріне деген сыйластық, ынтымақтастық қасиеттерін қалыптастыру

Еңбек және шығармашылық- оқушылар музыкалық аспаптарды қолдана отырып музыка шығару барысында шығармашылық еңбектенеді

АКТ дағдыларын дамыту

Бейнематериал қарау үшін қолданылады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • қазақ халқының би атауларын атайды
  • тыңдалған дыбысқа байланысты өз ойын білдіреді

Пән лексикасы мен терминологиясы:

Халық аспаптары

Домбыра

Қобыз

Шертер

Жетіген

Шаңқобыз

Народное творчество- халық шығармашылығы- folk art

Талқылауға арналған сұрақтар:

- аспаптарды қалай жіктеуге болады?

Қандай қазақтың халық аспаптарын білесіңдер?

Алдыңғы сабақ деңгейі

Оқушылар халық биіөнерімен танысты, аспаптарды қолдана биге арналған музыка шығарды. Халық күйлеріне өздерінің би қимылдарын ойлап тауып, шығармашылық жұмыстарын презентациялады.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған міндеттер

Ресурстары

Сабақтың басы

Сәлемдесу шеңбері «Музыкалық аспап және мен»

Шеңбер бойында тұрған әрбір оқушыға бір аспаптың суреті біледі.

Мұғалім оқушыларға өздерін қолдарында тұрған суретпен ассоциациялауды ұсынады.

Мұғалім «менің мінезім пианино сияқты кеңә деп сәлемдесу шеңберін өзі бастайды

/ оқушылар менің дауысым скрипка сияқты жіңішке, менің шашым домбыра сияқты ұзын деп өз ойларынан айтады/

Оқушылармен әңгімелесу

Музыкалық аспаптарды қалай жіктеуге болады?

Қандай қазақтың халық аспаптарын білесіңдер?

Бүгін балалар, байқаған боларсыздар біздің сабағымыз аспаптарға байланысты болады.Біздің сыныпта әр түрлі аспаптар бар.Қазір сендер алдарыңда тұрған аспаптарды өздерің зерттеп бір-біріңе таныстыратын болатын.

Шығармашылық зерттеушілік жұмыс

Оқушыларды 5 жұпқа бөлу

1 жұп- домбыра

2 жұп-шертер

3 жұп- қобыз

4 жұп- дауылпаз

5 жұп- жетіген

Оқушыларға аспаптарды зерттеу карточкалары беріледі

  • Аспап неден жасалған?
  • Бұл аспапта қалай ойнайды?
  • Бұл қандай аспап шертпелі ме, әлде ұрмалы ма? Неліктен?

Презентация және бағалау

Әр жұп өз аспабын таныстырады

1-2-3-4-5-1 реті бойынша жұптар бір-біріне баға береді.

Мұғалім оқушыларға қазақтың ұрмалы және шулы аспаптарын таныстырып, ойнау әдістерін көрсетеді.

Оқушылар аспаптарда импровизация жасайды

Оқушылар шеңбер бойымен отырады. Аспапқолындағы оқушы бір шағын үзінді ырғақ орынадайды, сынып орындалған ырғақты шапалақ арқылы қайталау керек.

Оқушылар дайындалған соң карточкада берілген сұрақтарға өз жауабын айтады

Музыка тыңдау Н. Будашкин Концерт

Қазақтың ұрмалы аспаптарын қолданып және қолда бар аспаптарды қодлдана отырып оркестр құру

Рефлексия:

Оқушылар сабаққа байланысты өздерінің атқарған жұмыстарын баспалдақ деңгейі бойынша көрсетеді.

Аспаптардың суреттері

Музыкалық аспаптар көрмесі немесе аспаптардың суреттері

Зерттеу үшін сұрақтар жазылған карточкалар

Музыкалық аспаптар

Асатаяқ, тұяқтас, тоқылдақ

Музыка

http://audio.nur.kz/1114080-asilbek-ensepov-konzert-1-4-(nikolaj-budashkin)

Жетістік баспалдағы

Қосымша ақпарат

Күрделендіре отырып дамытусіз қалай қолдау көрсеткіңіз келеді?

Бағалауоқушылардың білім деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсалық пен қауіпсіздік

Аспаптарды таныстыру барысында оқушыларға көпіршелер орнату. Қажет уақытта көмек көрсету

Кейбір оқушыларға өз аспаптарын таныстырған уақытында көмек көрсету

Оқушыларды жұптық жұмыс барысында бақылау

Оқушылардың музыканы қалай қабылдағанын тыңдау және қарау

Оркестр құру кезінде ырғақты қаншалықты дұрыс орындауын бақылау

Рефлексия барысында оқушыларды бақылау

Оқушылар сабақ барысында тапсырмаларға байланысты сынып ішінде қозғалып жүреді

Талқылау

Сабақ/Оқу мақсаттары орындалатын болды ма?

Оқушылар бүгін немен танысты?

Оқыту атмосферасы қандай болды?

Өз жоспарлағанымды күрделендіре

отырып дамытуды қолдануға болама?

Мен уақыт есебін сақтадым ба?

Мен өз жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неліктен?

Өз сабағыңыз туралы талқылау үшін төмендегіні пайдалану. Өз сабағыңыз туралы неғұрлым маңызды мәселелерге жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Екеуінің қайсысы жақсы өтті (талқылау және оқу, және білім деңгейі)?

1

Сабақты екеуінің қайсысы жетілдірер еді (талқылау және оқу, және білім деңгейі)?

1:

2:

Менің келесі сабағымда қамтылатын осы сабақтан сынып немесе жеке тұлға туралы не меңгердім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу