Бүтін сандар. Рационал сандар. Математика, 6 сынып, қосымша материал.
Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар
Оң сандар. Бүтін сандар. Рационал сандар
Оқыту мақсаты:
6.1.1.6 - бүтін сан ұғымын меңгеру;
6.5.2.3 шамаларды сипаттау үшін бүтін сандарды қолдану;
6.1.1.8 рационал сан ұғымын меңгеру:
6.1.2.11 рационал сандардың ішкі жиындарын Эйлер-Венн дөңгелектері арқылы кескіндеу.
Сабаққа қажетті құралдар: тақырып бойынша таныстырылым; таратпа материалдар (дидактикалық материал); сандар жазылған үлестірме қағаздар.
Бағалау критерийі:
Оқушы:
- рационал сандардың ішкі жиындары натурал, бүтін сандарды біледі;
- Эйлер-Венн диаграммасында рационал сандардың ішкі жиындарын белгілей алады.
Негізгі ұғымдар, анықтамалар.
|
Сабақтың қысқаша түсіндірмесі.
- Топқа бөлу.
Оқушыларға екі таңбалы сандар таратылады, осы сандардың цифрларына байланысты заңдылықты анықтап, топтасу ұсынылады. Заңдылық: соңғы цифрлары бірдей оқушылар бірге жұптасады. Мысалы: 45; 35; 55; 95; 65; 15 немесе 19; 59; 49; 29; 39; 69 т.б
Мұғалім топтық жұмыс пен әр оқушының топта атқаратын рөлі туралы ережені жасап, тиімді топтық қарым-қатынасты ұйымдастырады.
1-тапсырма.
Оқушыларды қазақ тілі пәнінен өткен антоним, мағынасы бір-біріне қарама-қарсы (ұзын – қысқа; толық – арық; (қалың – жұқа); күшті – әлсіз) сөздерін қолдану арқылы оң және теріс сандар, қарама-қарсы сандар ұғымын түсінуге жетелеу.
Тапсырма 1.
Оқушыларға бірнеше сандар жазылған тізбекті таратып, оларды қандай да бір заңдылықтар бойынша екі топқа бөлуді ұсынылады:
Оқушылар өз жауаптарын ұсынады. Мысалы: берілген сандарды оң және теріс сандар деп екіге бөлуге болады.
Басқаша қалай топтастыруға болады? Оқушылар өз ойлары мен сөздері арқылы білімін көрсету кезінде «мүмкін», «егер», «бәлкім» деген сияқты сөздерді қолданып, оқушыларды көтермелей отырып, бүтін сандар мен бөдшек сандар болып екіге бөлінуге жетелеу.
І) - бүтін сандар
ІІ) - рационал сандар
2-тапсырма.
Бұл тапсырма оқушылардың шамаларды сипаттау үшін бүтін сандарды қолдану оқу мақсатын меңгертуге бағытталған.
Суретте көп қабатты үйдің (0) – жертөлесі, жоғарыдағы бөлігі мен төменгі жертөледе орналасқан машина қоятын тұрақ көрсетілген. А)Жертөлені (0 – нүктесі көрсетілген) – координата басы ретінде қарастырып, қалған жоғарғы және төменгі қабаттарды оң , теріс сандармен белгілеңіз;
Б)Жазған сандарыңыздан ең үлкен оң бүтін санды табыңыз;
Сандардың арасынан ең кіші оң бүтін санды табыңыз;
Сандардың ішінен ең үлкен теріс бүтін санды табыңыз;
Сандардың ішінен ең кіші теріс бүтін санды табыңыз
В)Егер әр қабаттың ұзындығы 3 метр болса, жертөледе орналасқан ең төменгі қабаттан ең жоғарғы қабатқа дейінгі қашықтықты табыңыз;
Г)Үйдің жер бетіндегі бөлігінің биіктігін табыңыз, үйдің жердің төменгі бөлігіндегі қабаттарының биіктігін табыңыз.
Жауабы:
А) -4; -3; -2; -1; 0; 1; 2; 3; 4; 5; 6 (10 бүтін сан)
Б) Ең үлкен оң бүтін сан: 6
Ең кіші оң бүтін сан:1
Ең үлкен теріс бүтін сан:-1
Ең кіші теріс бүтін сан:
В)
Г)Үйдің жер бетіндегі бөлігінің биіктігі:,
жердің төменгі бөлігіндегі қабаттарының биіктігі:
Мұғалім оқушылардың жауабын олардың білім деңгейлерін тексеру үшін ғана емес, оларға өз ойларын анық жеткізуге, дамытуға және кеңейтуге мүмкіндік беру үшін де пайдаланады.
Сергіту сәті: «Сандар шеңбері».
Оқушыларға мұғалімнің үстелінде жатқан сандар жазылған қағаздарды таңдап алу ұсынылады. (Сандар әр түрлі түстегі қағазда жазылып, теріс қаратылып қойылады) Оқушылар қолдарындағы сандары бойынша ортаға шеңбер құрады. Натурал сандар отырады.Бүтін теріс сандар қоршайды. Бөлшек сандар партаны қоршап тұрады.
3- тапсырма.
Жеке жұмыс:
Кейбір оқушылар тапсырманы өздері орындайды, ал кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек көрсетіледі. Барлық оқушылар бір тапсырманы орындаса да олардың нәтижелері әр түрлі болады. Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізіледі.
Тапсырма 3.
Оқушылар тақырыпты қаншалықты игергенін анықтау мақсатында өз бетінше орындайды: №324,330, 333
№324
рационал сандарынан:
1)бүтін оң сандарды;
2)қарама – қарсы сандарды;
3)бүтін теріс сандарды бөліп жазыңдар.
Жауабы: рационал сандарынан:
1)бүтін оң сандарды:
2)қарама – қарсы сандар:
3)бүтін теріс сандар:
№330
жиындарының Эйлер-Венн диаграммасында жиынының элементтерін белгілеңіз.
Жауабы:
Диаграммаға бейнелейді.
№333
Қай тұжырымдама тура:
1) Кез келген натурал сан – бүтін сандар жиынының элементі; (дұрыс)
2) Кез келген бүтін сан – натурал сандар жиынының элементі; (дұрыс емес)
3) Кез келген рационал сан бүтін сандар жиынына тиісті; (дұрыс емес)
4) Кез келген бүтін сан рационал сандар жиынына тиісті; (дұрыс)
5) 0 саны рационал сандар жиынына тиісті? (дұрыс)
Пайдалы әдебиеттер мен сілтемелер:
«Математика» оқулығы 6-сынып, Т.А.Алдамұратова, Т.С.Байшоланов, «Атамұра» 2011
google.kz
https://bilimland.kz/kk/home#lesson=10580
https://learningapps.org/display?v=pkxqwpbza17
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру