Бүтіннің бөлігін табу. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: Бөлшектер және пайыз

№ сабақ. Бүтіннің бөлігін табу

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Жанғабылова Кенжекүл Ғаниқызы

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Тақырыбы:

Бүтіннің бөлігін табу

Оқу мақсаты:

4.5.1.3 бүтіннің бөлігін табуға берілген есептерді талдау және шығару, кері есеп құрастыру, шығару

Бағалау критерийлері

Бүтіннің бөлігін табуға берілген есептерді талдайды, шығарады, кері есептер құрастырады

Ғылыми тіл

Пәндік терминология мен тірек сөздер: бөлшек, бөлшек

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланатын тіл. Бүтіннің бөлігін қалай табуға болады?

Бұл санның немесе шаманың үлесін табу тақырыбының жалғасы болып келеді. Айырмашылығы, тек «санның» немесе «шаманың» терминдерін «бір бүтін» деп түсінуде.

Оқушылар осы сабақта бүтіннің бөлігін табудың мағынасы неде екенін, мәселе есептер арқылы оның қандай жағдайларда қолданылатынын түсінеді.

Құндылықтар

Өзіне өзі құрмет, өмір бойы білім алу

Пәнаралық байланыс

жаратылыстану

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Бөлімдері бірдей бөлшектерді салыстырады, қосады, азайтады.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы

Сабақтың соңы

Сабаққа кіріспе тапсырма

Сабақты өзім дайындаған, санның немесе шаманың үлесін табу мысалдарымен бастау. Оқушылар шағын топқа біргіп, әр топ мысалды талқылайды, плакаттар немесе шағын тақталарға постер дайындайды.

  • Гүлдер

Суретте қанша гүл бар?

Қызыл түсті гүлдер саны қанша? Олардың үлесін бөлшекпен жаз. Оны бөлімі 7 болатындай бөлшекке түрлендір.

Күлгін түсті гүлдер саны қанша? Күлгін түсті гүлдердің үлесін бөлшекпен жаз, бөлшек бөлімі

7 болатындай етіп, түрлендір.

Қызғылт түсті гүлдер саны қанша? Қызғылт түсті

гүлдердің үлесін бөлшекпен жаз, бөлшек бөлімі 7 болатындай етіп, түрлендір.

Көк түсті гүлдер саны қанша? Олардың үлесін бөлшекпен жаз. Оны бөлімі 7 болатындай бөлшекке түрлендір.

Кестедегі үлестерді тап.

Гүлдер түсі

Үлесі

Қызыл

?

Күлгін

?

Қызғылт

?

Көк

?

Қорытынды жаса:

Егер барлық гүл …, қызыл түсті гүлдер олардың

… бөлігі болса, онда қызыл гүлдер санын табу үшін

барлық гүл санын … … бөліп, … көбейтемін. Көк түсті гүлдер санын табу үшін барлық гүл санын … … бөліп, … көбейтемін.

Жауабы:

Егер барлық гүл 14, қызыл түсті гүлдер олардың бөлігі болса, онда қызыл гүлдер санын табу үшін барлық гүл саны 14-ті 7-ге бөліп, 2-ге көбейтемін. Көк түсті гүлдер санын табу үшін барлық гүл саны 14-ті 7-ге бөліп, 1-ге көбейтемін.

Шығарып көр

Қазақстанда 10 қорық бар.

Олардың бөлігі Шығыс Қазақстан облысында.

Осы облыстағы қорықтардың санын тап.

Ақмола облысындағы Қорғалжын қорығында құстардың

298 түрі бар. Жануарлар түрі құстар түрінің бөлігін құрайды. Жануарлар түрінің саны қанша?

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Ақсу-Жабағылы

қорығының ауданы, шамамен 128 118 га, ал Маңғыстау

облысындағы Үстірт қорығының ауданы оның бөлігіндей. Үстірт қорығының ауданын тап.

Жауабы:

Шығыс Қазақстанда 3 қорық бар. Себебі, 10 : 10 · 3 = 3.

Жануарарлардың 42 түрі бар.

Себебі, 298 : 149 · 21 = 42.

Үстірт ауданы 220 га. Себебі, 128 118 : 64059 · 110= 220.

Ойлан. Оқушыларға бұл тапсырма да бүтіннің

бөлігін табуды түсінуін жетілдіруге көмектеседі. Ере жені қолдану арқылы, есептеуге дағдыланады. Орындау үшін шағын топтарға біріктіру. Алдыңғы сабақтарда сипатталған «Джигсо» әдісімен ауыспалы топтарда жұмысты ұйымдастыру және оқушылардың өзіндік оқуын жақсарту.

Аспалы көпірдегі қоңыр түсті баған ұзындығы 10 м.

Қоңыр және қызғылт, қызыл және көк, жасыл және сары бағандардың ұзындығы өзара тең.

Қызыл түсті баған ұзындығы қоңырдың бөлігіне тең

Жасыл түсті баған ұзындығы қоңырдың бөлігіне тең.

Сұр түсті баған ұзындығы қоңырдың бөлігіне тең.

Әр түсті бағандардың ұзындығын тап.

Жауабы:

Қоңыр және қызғылт түсті бағандардың ұзындығы

10 м. Себебі, шартында айтылған.

Қызыл және көк түсті бағандардың ұзындығы 9 м.

Cебебі, 10 : 10 · 9 = 9.

Жасыл және сары түсті бағандардың ұзындығы 8 м.

Cебебі, 10 : 5 · 4 = 8.

Cұр түсті бағанның ұзындығы 6 м.

Cебебі, 10 : 5 · 3 = 6.

Орындап көр

Жауабы:

Оқушылар сызбаны оқи алуы, бүтін нің бөлігін табу есебін көруі, оған сәйкес мәтін құруы керек. Күтілетін нәтиже бойынша, оқушылар 24 санының бөлігін табуға және 24 санының бөлігін табуға есеп құрады, шығармашылығын көрсетеді. Жеке орындап, жауаптарын жұпта тыңдауға, кейін өзара бағалау жасауға болады.

Сен білесің бе?

Оқушыларға тапсырма өз денсаулығына басты құн-

дылық ретінде қарауға, азықтану сауаттылығын үйрету. Ақпараттың дұрыстығын бүтіннің бөлігін табу ережесін қолданып, есептеу арқылы көз жеткізу.

Бөлу алгоритмі жазылған кеспеқағаздар

№4 слайд

№5 слайд

№6 слайд

№7 слайд

№8 слайд

№9 слайд

№10 слайд

Кері байланыс

Сабақ соңында «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісімен

оқушылар сабақтағы өз әрекетіне және сабақтың өтуі-

не бағалау жасау. Стикерлерге «өте ұнаған не-

месе өте жоғары деңгейдегі» өзінің екі әрекеті мен

«жақсартуға болатын» бір ұсыныс жазады.

№11 слайд



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу