Егіннің түсімділігі. Аудан. Массасы. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: Қозғалысқа, егіннің түсімділігіне берілген есептер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Тақырыбы:

Егіннің түсімділігі. Аудан. Массасы

Оқу мақсаты:

4.5.1.2**

есептерді шығаруда егіннің түсімділігі, ауданы мен массасы шамаларының өзара тәуелділігін пайдалану

4.5.1.1

есепті сызба, алгоритм, дөңгелек диаграмма, график түрінде модельдеу

Бағалау критерийлері

шамалар арасындағы тәуелділікті орнату және түсіндіру;

модель бойынша есепті құрастыру;

есептерді шешу алгоритмі кезеңдерін айту;

есептер мен олардың шешімдерін салыстыру;

Ғылыми тіл

Пәндік терминология мен тірек сөздер:

үлес, бөлшек сан

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланатын тіл.

сызба, график, схема, бағыт;

үштік шама, шамалар тәуелділігі;

егіннің түсімділігі, егін массасы;

Құндылықтар

Өзіне өзі құрмет, өмір бойы білім алу

Пәнаралық байланыс

жаратылыстану

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

шамалар арасындағы тәуелділікті біледі

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

(Ұ) Кіріспе тапсырма.

Сыныппен «Топтама» әдісін қолдану арқылы ұжымдық жұмыс ұйымдастыру. Әр оқушыға шамалардың өлшем бірліктері жазылған таратпа қағаз (таратпа қағаздарды оқушылардың саны бойынша дайындау) тарату. Таратпа қағазға оқушыларға таныс емес өлшем бірліктері қосылады (ар, гектар).

Шамалар жазылған парақтарды (ұзындық, масса, уақыт, аудан) сынып бөлмесінің қабырғаларына іліп қоюға болады. Оқушылар таратпа қағаздағы өлшем бірліктерін жіктейді, салыстырады, жүргізілген жіктелуге сәйкес топтар құрады. Тапсырманы ойдағыдай шешкен жағдайда төрт топ құрылады. Содан соң барлық таратпа қағаздар өз орындарында тұрғандығына көз жеткізу үшін топтардың орнын ауыстырып, бір-бірінің жұмыстарын тексереді. 2 га, 25 ар жазылған таратпа қағаздар қиындық туғызуы мүмкін. Тексеріп болған соң, оқушыларға қай өлшем бірлік ең алғаш рет кездескенін сұрау. (2 га, 25 ар)

-Бұрын ар, гектар туралы естідіңдер ме? Қайдан? Оқушыларға бұл өлшем бірліктің барлығы қабылданған аудан өлшем бірлігі екенін хабарлау, таныстыру.

№1-2-слайдтар

Таратпа қағаздар

Сабақтың ортасы

Оқу мақсатымен таныстыру:

өнімділік массасын табуды үйренесің;

жаңа аудан бірліктерімен танысасың.

(Т)Ауданды салыстыр.

Суреттер таратылып, аудандарды салыстыру. Қосымша сұрақтарға жауап беру.

-Бұл өлшем бірліктерін қандай жағдайларда қолданады деп ойлайсыңдар?

Әр топтан топ өкілдері жауап береді.

Ережені қорытып шығару:

Жер көлемінің үлкен болуына байланысты, орман және ауылшаруашылығында ауданды ар және гектармен өлшейді. Ар-бұл гектардың жүзден бірі.

(Ж)Ар. Гектар.

Алдын ала дайындалған дидактикалық материалдар мен сұрақтар жазылған кеспе қағаздарды тарату.

Суреттегі шаршыларды салыстыру арқылы ережені бекіту.

Бірінші оқушы сұрағын оқиды, екінші оқушы жауап береді. Жұпта сұрақтардың жауабын толықтырады.

Жауабы:

Ең үлкен өлшем бірлік - гектар.

Ең кіші өлшем бірлігі – м2.

2 га - 200 ар.

1 га — 10 000 м2.

3 ар = 300 м2.

(Ұ) Есіңе түсір!

Өзара байланысты қандай шамаларды білетінін еске түсіру.

Егіннің түсімділігі, аудан, массасының формулаларымен танысу.

m - егіннің түсімділігі;

М — өнімділік массасы;

S — аудан;

m = M : S;

М = m · S;

S = M : m.

Ламинатталған парақтарға формулаларын жазып, көтереді. Жауаптарының дұрыстығына, қателіктеріне назар аудару.

(Т)Шаруа қожалығы. Топтық жұмысты жалғастыруды. Берілген кесте бойынша есеп құрастырады.

Жауабы:

1) 840 : 7 = 120 ц/га; 4) 480 : 6 = 80 ц/га;

2) 140 . 5 = 700 ц; 5) 90 . 8 = 720 ц;

3) 630 : 210 = 3 га; 6) 520 : 13 = 40 га.

Топ жауаптарын ауыстыру арқылы бағалайды.

Сергіту сәті

Қазақтың байырғы өлшемдері жазылған слайдты оқи отырып, қимылмен көрсету.

Ауданның ежелгі өлшемдерімен таныстырып, олар дәл өлшене ме? Неліктен?

(Ө) Шығарып көр. Бір оқушы тапсырманы тақтаға, ал қалғандары дәптерлеріне орындау.

Егістіктің ауданы 15 гектпр.Әр гектардан 75 центнер қарабидай жиналды.Бүкіл өнімнің массасы қанша?

ә) Әр гектардан 36 центнер бидай жиналды. Аудандары 400, 800 және 1000 гектар

болатын үш алқаптан неше центнер бидай жиналды? Жауабын килограммен

өрнекте.

Тапсырманы орындаған соң, жауаптарын жұпта салыстыру.

Жауабы:

а) 75 • 15 = 1125 ц

Жауабы: бүкіл өнімнің массасы 1125 ц.

ә) 400 •36 = 14400 ц =1 440 000 кг;

800 • 36 = 28800 ц = 2 880 000 кг;

1000 • 36 = 36000 ц =3 600 000 кг.

(Ж)Ойлан. Тапсырманың сурет түрінде ламинатталған параққа орындалатынын ескерту.

Агроном шаршы тәріздес егін алқабының төрттен бір бөлігіне бидай, қалған бөлігін 4-ке тең бөліп, сұлы, арпа, күріш және жүгері егуі керек. Агроном оны қалай орындайды?

Жауабы: сызбада жердің әр төрт бөлігі Г әрпіндей орналасқан үш торкөзден тұрады.

№3 слайд

№4-5 слайдтар

№6-7 слайдтар

№ 8-9 слайдтар

№ 10слайд

№ 11слайд

Дәптер

№ 12 слайд

№13 слайд

Сабақтың соңы

)Орындап көр.

Оқушылар нәтижелерін жеке дәптер парағына орындайды. Жұпта өзара тексереді. Жұп мүшелерінен қалауы бойынша тіктөртбұрыштың ауданын айту. Оқушылардың назарын жауап барысында ауданның өлшем бірліктерін дұрыс айтуына аудару.

Жауабы:

5 см • 4 см = 20 cм2;

Егер 1 см2 = 500 м2 болса, онда масштаб бойынша

20 см2 = 10000 м2 = 1 га.

(Ө)Қайтала. Шамаларды түрлендіру.

Жауабы:

а) 8 дм2 = 800 см2; ә) 500 кг = 5 ц;

б) 5 м2 = 50000 см2; в) 20 т = 200 ц.

Жауаптары жазылған шаблонмен жауаптарын салыстыру.

№14 слайд

№15 слайд

Кері байланыс

Сабақтағы материалды игерудің деңгейін оқушыларға берілген бағалау критерийлері бойынша өзара бағалауы арқылы тексеру, ол үшін оқушылар ауызша кері байланыс береді. Ал, эмоционалдық деңгейін білу үшін сабақ соңында «Бас бармақ» әдісін қолдану.

Белгілер: бас бармақ жоғары бағытталса, «жақсы», көлденең бағытталса, «қалыпты», төмен бағытталса, «алаңдаушылық» деген мағынаны білдіреді.

№16 слайд



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу