12600 · 23 түріндегі көбейтудің алгоритмі. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.
Бөлімі: Көбейту және бөлу № сабақ. 12600 · 23 түріндегі көбейтудің алгоритмі | Мектеп: | ||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Жанғабылова Кенжекүл Ғаниқызы | ||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: | Қатыспаған оқушылар: | |||||
Тақырыбы: | 12600 · 23 түріндегі көбейтудің алгоритмі | ||||||
Оқу мақсаты: | 4.1.2.11**екі таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу алгоритмдерін қолдану; | ||||||
Бағалау критерийлері | Екі таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу алгоритмін қолдана отырып мысалдар орындайды | ||||||
Ғылыми тіл |
| ||||||
Құндылықтар | Өзіне өзі құрмет, өмір бойы білім алу | ||||||
Пәнаралық байланыс | Көркем еңбек | ||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта | ||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Жазбаша көбейту және бөлу тәсілін біледі | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Жоспарланған уақыт | Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы Сабақтың ортасы Сабақтың соңы | (Т) Кіріспе тапсырма. Сабақты топтық жұмыс жүргізуден бастау. Тақтадағы (16300 · 3) мысалында баған түрінде жазып есептегенде қате жіберілгенін, осы қателерді жөндеу керек екенін айту. «Белгі беру» әдісін қолдануарқылы тақтадағы мысалдың адамдарын көрсету, қатені көрсеткенде оқушылар белгі беретін кеспеқағазды көтереді. Бұл оқушылардың жазбаша көбейту алгоритмін қалай түсінгендерін бағалауға мүмкіндік береді. Осыдан кейін топта бірігіп, 16300 · 23 өрнегінің мәнін табу тапсырылады (екінші көбейткіш – екі таңбалы сан). Оқушылар ауызша және жазбаша түрде есептейді. Соңында төмендегі сұрақтарға жауап алу. • Осындай көбейтуді орындай аласыңдар ма? (Егер топтар өрнектің мәнін есептей алған болса, бір оқушыны тақтаға шығарып тексеруге болады. Бірақ көп жағдайда оқушылар мұндай көбейтіндіні есеп- теуге қиналады). • Неге қиын? (Ұқсас мысалдар шығарғанбыз, бірақ оларда екінші көбейткіш бір таңбалы сан болатын). • Сендерге нені үйрену керек? Қандай білім жетіспейді? (Көптаңбалы санды екі таңбалы санға көбейту тәсілін үйрену керек) Топтарға нөлмен аяқталатын көптаңбалы сандарды екі таңбалы санға көбейту алгоритмін құрастыру- ды тапсыру. Оқулықта берілген алгоритмді қарап, осы үлгіні қолдану керек екенін ескерту. Бұл алгоритмде қай қадам жаңа екенін сұрау (Нөлдерді қатыстырмай, көптаңбалы санға алдымен екінші көбейткіштің бірлігін көбейтеміз, содан кейін оның астына солға қарай бір разряд жылжытып, ондығын көбейтіп жазамыз). Топтық жұмысқа қорытынды жасау. (Ж) Түсіндір және шығар. Тапсырма нөлмен аяқта- латын көптаңбалы сандарды екі таңбалы санға көбейту алгоритмін қолдануға берілген. Алгоритмді түсіну үшін бірінші мысалды сынып болып талқылап, бірге шығару. Содан кейін екі мысалды жұпта орындауға тапсыру. Оқушылар бір-біріне кезекпен мысалды түсіндіреді. Жұптық жұмыс барысын бақылап, оқушылардың мысал- дарды дұрыс шығаруын, алгоритмді дұрыс қолдануын қадағалап, түсінбеген жерін түсіндіру. Жауабы: ә) 1) Нөлдерге қарамай, 234-ті 2-ге көбейтемін. 468 шығады. 2) 234-ті 3-ке көбейтемін, 702 шығады. Осы санды 468-дің астына бір разряд солға жылжытып жазамын. 3) Шыққан сандарды қосамын. Нәтижесіне бастапқы нөлдерді тіркеп жазамын. Жауабы: 74880. б) 1) Нөлдерге қарамай, 345-ті 3-ке көбейтемін. 1035 шығады. 2) 1035-ке екі нөлді тіркеп жазамын. Жауабы: 103 500. (Т) Мүмкін көбейтінділер. Тапсырма нөлмен аяқталатын көптаңбалы сандарды екі таңбалы санға көбейту алгоритмін бекітуге арналған. Тапсырманы топқа тапсырып тиімді жолмен орындауды ұйымдастыру. Оқушылар мысалды ламинатталған параққа баған түрінде жазып есептеп, жауабын көрсетеді. Оқушылардың алгоритмді дұрыс қолдануын бақылап, мысалдарды қатесіз есептеуін қадағалау жасау. Жауабы: 4130 · 24 = 99120; 27100 · 24 = 650 400; 14800 · 24 = 355 200; 3210 · 24 = 77040; 4130 · 40 = 165 200; 2710 · 40 = 108 400; 14800 · 40 = 592 000; 3210 · 40 = 128 400. (Ө) Белгісіз сан. Тапсырманы өз бетінше орындауға тапсырып жауабын экраннан/тақтадан көрсетіп, өзін-өзі бағалау ұйымдастырылады. Қандай амалдарды қолданғанын сұрау (көбейту және қосу). Оқушыларды бағалап, қорытынды жасау. Жауабы: 81168, 369 928, 266 328, 728 328. (Ж)Шығарып көр. Тапсырма мәтін есеп шығару арқылы сабақтың тақырыбын бекітуге берілген. Оқушыларға Алтынемел қорығы туралы қысқаша ақпарат беріп, пікір алмасу. Жұптық жұмыс ұйымдастыруға болады. Бірнеше оқушының жауабын тақтада көрсетуін, түсіндіруін сұрауға болады. Оқушыларды бағалап, қорытыны жасау. Жауабы: а) 13650 · 21 = 286 650 (г) = 286 кг 650 г. ә) 21 + 5 = 26 (орын); 13650 · 26 = 354 900 (г) = 354 кг 900 г. (Ж)Ойлан. 4 немесе 6 адамнан құралған шағын топтың құрамында жұптық жұмыс ұйымдастыру. Жұптар бір-бірінің жауабын тексеруіне, кері байланыс беруіне болады. Оқушылардың талқылау барысын, топтық әң- гімесін бақылап, математикалық терминдерді дұрыс қолдануы бақыланады. Жауабы: (42 · 10) · (6 · 100) = (42 · 6) · (10 · 100) = 252 · 1000 = 252 000. (Ө)Орындап көр. Тапсырманы орындау барысында оқушылар картамен жұмыс жасай отырып, нөлге аяқта- латын көптаңбалы сандарды көбейту алгоритмін қолдану дағдысын қалыптастырады. Жұмыс соңында карталардың масштабы әртүрлі болғанмен, жауаптары бірдей болған- дығына көз жеткізеді. (Ө)Қайтала. а) Тапсырманы орындау арқылы оқушылар фигураның ауданын табу дағдысын бекітеді. Оқушылар тапсырманы өз бетінше орындап, бір-бірімен салыстыруы- на, бірін-бірі бағалауына болады. Түсінбеген оқушыларға көмек беріледі. ә) тапсырмасы өрнек құрастыру, мәнін есептеу және сандарды салыстыру дағдысын бекітеді. Оқушыларды бағалап (кері байланыс беру), жұмысты қорытындылау. Жауабы: а) S = 6 м · 6 м + 2 м · 4 м = 44 мІ; ә) С = (2457 · 5) · 3 = 36855; D = (460 700 + 320 100) : 100 = 7808; 36855 – 7808 = 29047. С > D, 29047-ге артық.
|
№4 слайд №5 слайд №6 слайд №7 слайд №8 слайд | |||||
Кері байланыс |
| №9 слайд |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?