Өрнектегі амалдар тәртібін қайталау және қолдану. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1В бөлімі – Көбейту және бөлу. Есептер.

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мерзімі: 1-тоқсан

Мұғалімнің аты-жөні: Құрмансеитова Р.М.

Сынып: 4

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Өрнектегі амалдар тәртібін қайталау және қолдану

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.2.1.4 жақшамен және жақшасыз, төрт арифметикалық амалдан тұратын өрнек мәндерін табу және амалдар тәртібін анықтау

 Сабақ мақсаттары

Төрт арифметикалық амалды қолданып, өрнек мәндерін табу және амалдар тәртібін анықтау

 Бағалау критерийлері

Өрнек мәндерін табады және амалдар тәртібін анықтайды.

 Тілдік мақсаттар

Тақырыпқа байланысты математикалық тілді дамыту.

 Құндылықтарды дарыту

Тапсырмаларды шынайы өмір негізінде алады.

 Пәнаралық байланыстар

Өнер пәндерімен байланыс жүзеге асады.

АКТ-ны қолдану

Ойын есептерді шығарады.

Алдыңғы меңгерілген білім

Жарыс түрлеріне арналған есептер шығарды.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

(Ұ) Амалдарды орындау тәртібін оқушылардың есіне салу.

Сабақ ортасы

34 минут

(Ұ,Қ) Оқушылар амалдардың жақша ішіндегілердің бірінші болып орындалатындығын; кейін орналасу ретімен солдан оңға қарай көбейту мен бөлу; одан кейін қосу мен азайту солдан оңға қарай орналасу ретімен орындалатындығын естеріне түсіреді.

(Ө) Оқушылардан амаладарды орындау ретін есте сақтау үшін қандай тәсілдерді пайдаланғандарын сұрау.

https://bilimland.kz/kk/content/lesson/488-1_04_1_amaldardy_oryndau_reti_kirispe

(Ұ) Интерактивті тақтада не флипчартты пайдаланып, алты не одан да көп амалдары бар есептеулерге өрнектер келтіру.

17 168 : 16 + (830 * 65 – 8 548)

(10 283 + 16 789) : 9             

5 * (125 +75): 20 + 80                

(200 496 – 134 597) * 2

Оқушылардан бірінші, екінші және әрі қарай кезекпен қандай амалдар орындалатындығын сұрау. Әрбір амалды қарастырып орындағаннан кейін, маркерлерді пайдаланып немесе амалдың орындалғанын білдіру үшін қоршап дөңгелектеп қою.

Есептеу тәртібі туралы шешім қабылдап және аралық есептеулерді орындай отырып барлық өрнекті есептеуді орындау. Алгоритмін құру.

(Дифф.,Қ., Ж.) Оқушылар амалдардың дұрыс тәртібіне зейін қою үшін қарапайым есептеулерді енгізіп, тапсырманы күрделендіру. Оқушылардан жұппен жұмыс жасай отырып барлық сәйкес келмегендерді қарастырып, нәтижелерді салыстыруларын сұрау.

Операциялар тәртібін қайталау:http://www.bbc.co.uk/bitesize/ks3/maths/number/order_operation/revision/2/

Операция жұмбағы:

http://nrich.maths.org/1013

Сабақтың соңы

1 минут

Рефлексия.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушыларға жұппен жұмыста тапсырма беріледі.

Амалдарды орындау ретін білуі бағаланады.

Сабақ оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып жоспарланды. Ойын кезіндегі қауіпсіздік ережесі ескертілді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу