Қалдықпен бөлу формуласын қолдану. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: Көбейту және бөлу Сандармен амалдар орындау

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Айдаболова Қаракөз Батырхановна

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Тақырыбы:

Қалдықпен бөлу формуласын қолдану

Оқу мақсаты:

4.2.1.8 қалдықпен бөлу формуласын (a = b · c + r) шығарып алу және қолдану.

Бағалау критерийлері

көптаңбалы сандарды үш таңбалы сандарға қалдықпен бөлуді түсінеді, орындайды.

Ғылыми тіл

Пәндік терминология мен тірек сөздер: көбейту, бөлу, көбейткіш, бөлінігіш, бөлгіш, қалдықпен бөлу

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланатын тіл.

Талқылау:

-Екі таңбалы санға бөлу кезінде қандай қалдықтар болуы мүмкін? Үш таңбалы санға?

-Екі таңбалы/үш таңбалы санға бөлу кезінде қалдық қандай жағдайда ең кіші болады? Ең үлкен? Қандай жағдайда қалдық болмайды?

-Қалдықпен бөлудің дұрыстығын қалайша тексеруге болады?

Құндылықтар

Өмір бойына білім алу

Пәнаралық байланыс

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

көптаңбалы сандарды екі таңбалы сандарға қалдықпен бөлуді

Сабақ барысы

Жоспар

ланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынталандыру

«Бағдарды таңда»

(Ұ.Ж) Сабақты жетістік жағдайын құрудан бастау. Оқушылар Қазақстанның ежелгі қаласына виртуалды саяхат жасайды. Дүниетану сабақтарын байланыстыру үшін, оқушыларға қандай ежелгі қалаларды білетіндерін, қандай қалаларға барғылары келетіндерін cұрау. Оқушылар-дың ұсыныстарын тындау және саяхатқа аттанатын орынды математикалық жолмен табу. Оқушыларға оқулықта берілген қалдықпен бөлу амалының компоненттерін анықтауға берілген тапсырманы қай кейіпкер дұрыс орындағанын анықтауды ұсыну. Оқушылар сандық түзу арқылы тапсырманы Сызғыш дұрыс орындағандығын анықтайды. Сызғыш ұсынатын қала – Отырар. Бұл Ұлы Жібек Жолында орналасқан, мәдени және сауда орталығы болған, ежелгі қала.

Тапсырма

Сызғыш пен Өшіргіш саяхатқа баруды шешті. Ол үшін оларға өрнектің компоненттерін сандық сәуледе анықтап, сәйкес сандық теңдік жазу керек. Қай кейіпкер жұмысты дұрыс орындағанын тексер. Саяхатшылар Қазақстанның қай ежелгі қаласына аттанбақ?

Жауабы: Отырар қаласы

Бөлінгіш — 18.

Бөлгіш — 3.

Бөлінді — 5.

Қалдық — 3.

18 : 3 = 5 (3 қалдық)

(Сөздік бағалау жүргізу «Тамаша!», «Жарайсың!», «Жақсы!»

3-слайд

4-слайд

Сабақтың ортасы

Сабақтың соңы

Керуен

(Ұ.Ж) Оқушылардан ежелгі заманда саудагерлер қалай орын ауыстырғандығын сұрау. Қай жануар және неліктен алмастырылмайтын көлік түрінің қызметінат қарған. Оқушыларға ұсынылған бағанды диаграмманы оқу.

Тапсырма

Диаграмманы оқы. Егер әр саяхатшының қозғалыс жылдамдықтары әртүрлі болса, олар өз жолын қандай уақытта өткендігін анықта. Алынған қорытындыны өрнектер арқылы жаз. Әр жағдайда қандай қалдық болды?

-Әр жолаушы қандай жылдамдықпен орын ауыстырды?

1-жолаушы – 9 км/сағ

2-жолаушы – 6 км/сағ

3-жолаушы – 7 км/сағ

4-жолаушы – 5 км/сағ

-Бірінші саудагер қандай арақашықтықты өтті? Екінші? Үшінші? және т.б.

-Берілген арақашықтықты әр жолаушы қандай уақытта өткендігін кім анықтай алады? (Арақашықтықты жылдамдыққа бөлу.)

Оқушылар берілген амалды орындайды. Есепті шығару барысында, қалдықпен шыққанын анықтау. Оқушылар алынған сандық мәндерді жазады. Әр жағдайда қандай қалдық болғандығын сұрау.

-Қалдықпен бөлуде қалдық қандай болуы тиіс?

(Қалдық әрқашан бөлгіштен аз болуы тиіс. r < b)

Жауабы:

1) 38 : 9 = 4 (2 қалдық)

2) 17 : 6 = 2 (5 қалдық)

3) 45 : 7 = 6 (3 қалдық)

4) 21 : 5 = 4 (1 қалдық)

Бағдаршам түстері арқылы бағалау

Ежелгі кітапхана

(Ж.Ж) Оқушылар сол заманның ең үздік кітапханасы Отырарда орналасқандығын айту. Ол өзінің сирек және бағалы кітаптарымен танылған. Өкінішке орай, бұл кітапхана біздің күндерге дейін жетпеді. Оқушылар жұптарда жұмыс істеуге және ежелгі кітаптардың әрқайсысы қай сөреде орналасу керектігін анықтауға тапсырма беру.

Тапсырма

Ежелгі Отырар қаласының кітапханасы бүкіл әлемге өзінің сирек және құнды кітаптарымен танымал болған. Әр кітап үшін сөрені тап:

Формуланы қолдан а = b · c + r.

а) b = 9, с = 4, r = 1

ә) b = 14, с = 7, r = 5

б) b = 25, с = 3, r = 5

в) b = 46, с =2, r = 3

г) b = 84, с = 5, r = 6

Жауабы:

а) 9 · 4 + 1= 37 (3 кітап)

ә) 14 · 7 + 5 = 103 (2 кітап)

б) 25 · 3 + 5 = 80 (5 кітап)

в) 46 · 2 + 3 = 95 (1 кітап)

г) 84 · 5 + 6 = 426 (4 кітап)

Смайлик арқылы бағалау

Ойлан

(Т.Ж) «Мәдени мұра» тақырыбына жұмысты еліміздің тарихын зерттеу мақсатында археологиялық қазбалар жүргізудің маңыздылығы жайында әңгіме жүргізу. Әр топ артефактты іздеу жұмыстарын жүргізетіндері туралы айтып, сыныпты топтарға бөлу. Тақтаға әртүрлі археологиялық заттардың фотосуреттерін орналастыру. Оқулықтағы тапсырмаларға ұқсас тапсырмалары бар таратпа қағаздар дайындау. Топтағы оқушылар шешуін сандық мән түрінде жазып, тапсырманың жауабын алады және өз артефак-тын табады. Артефакттар туралы білімді кеңейту үшін, оқушыларға суреттерді түрлер бойынша топтастыруды ұсыну: зергерлік бұйымдар, қарулар және керамикалық ыдыстар.

Тапсырма

Археологиялық қазбалар жүргізуге қатыс. Ежелгі Отырар қаласынан археологтар қандай заттар тапқанын анықта.

а) Санды 12-ге бөлгенде мәні 8 және 9 қал-дық болды. Бұл қандай сан? ә) Мәні 4 және қалдығы 34 шығу үшін, 282-ні нешеге бөлу керек?

б) 48-ге бөлгенде мәні 9 және 7 қалдық шыға-тын санды анықта.

в) Егер 156-ны 31-ге бөлгенде қалдық 1-ге тең болса, бөліндінің мәні нешеге тең болады?

Жауабы:

а) 12 · 8 + 9 = 105 (қылыштар)

ә) (282 – 34) : 4 = 62 (қыш ыдыстар)

б) (156 – 1) : 31 = 5 (зергерлік бұйымдар)

в) 48 · 9 + 7 = 439 (садақ пен жебелер)

Отшашу арқылы бағалау

Шығарып көр

Оқушыларға тарихты барлық уақытта адамдар жасайтынын айтыңыз. Тапсырманы орындап және Шығыстың ұлы ғалымдарының бірінің есімін білуді ұсыныңыз. Ол үшін оқушылар ұсынылған тапсырмадағы мысалдарды шығара алады және есімнің бөліктерін өсу ретімен орналастыра алады.

Тапсырма

Қалдықпен бөлуді орында және тексер.Қалдық мәндерін өсу ретімен орналастырсаң, ежелгі Отырар қаласында өмір сүрген танымал математик, философтың есімін біле аласың.

Жауабы:

4764 : 5 = 952 (4 қалдық)

3458 : 4 = 864 (2 қалдық)

37525 : 6 = 6254 (1 қалдық)

46573 : 8 = 5821 (5 қалдық)

64578 : 7 = 9225 (3 қалдық)

1665 : 7 = = 237 (6 қалдық)

1Абу; 2) Насыр; 3) Мұхаммед; 4) ибн Тархан; 5) ибн Узлаг 6) Әл-Фараби.

Абу Насыр Мухаммад ибн Тархан ибн Узлаг әл-Фараби

Бағдаршам түстері арқылы бағалау

Қалыптастырушы бағалау

Есепте

Оқушылар қалдықпен бөлудің формуласын қолдана отырып, қалдықпен бөлу амалының компоненттерінің мәнін таба алады.

Жауабы:

1) а = b · с + r, а = 14 · 8 + 4 а = 116;

2) b = (a – r) : с, b = (131 – 2) : 3 b = 43;

3) с = (a – r) : b, c = (248 – 3) : 7 с = 35;

4) а = b · с + r, а = 61 · 6 + 5 а = 371)

Формуланы қолдан

Төртінші сынып оқушылары мәтіндік ақпаратты сандыққа өзгертудегі алынған білімді қолдануға бағытталған тапсырманы орындай алады.

Жауабы:

а) 81 : b = 7 ( 4) , b = (81 – 4) : 7, b = 11;

ә) 85 : b = 5 ( 10) , b = (85 – 10) : 5, b = 15

Салыстыр

Оқушылар, атаулы сандармен амалдар орындай отырып, көптаңбалы сандарды қосу және азайту дағдысын дамытады.

Жауабы:

а) 3040 кг > 1195 кг

ә) 16776 л = 16776 л

б) 61898 < 111 686

5-слайд

6-слайд

7- слайд

8-слайд

9-слайд

Кері байланыс

Рефлексия «Бағдаршам»

-Қалдықпен бөлудің дұрыстығын қалайша тексеруге болады?

- Қалдық әрқашан бөлгіштен қандай болу керек?

-Қалдықпен бөлудің формуласын жазып көрсет?

10- слайд



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Үздік криптобиржа: Binance, ByBit, OKX

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Рамазанға 21 күн қалды 🌙
» ҰБТ ұзақтығы — төрт сағат болады
» 1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімі 31 тамызға дейін ұзартылды
Пікір жазу