Кестеден тыс көбейту мен бөлу № 164 сабақ.Көбейтудің қасиеттері. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі:Кестеден тыс көбейту мен бөлу

№ 164 сабақ.Көбейтудің қасиеттері

Мектеп:

7

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Жанғабылова Кенжекүл Ғаниқызы

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.1.2.3 көбейтудің үлестірімділік,терімділік қасиеттерін тиімді есептеулер жүргізу үшін қолдану

Сабақтың

мақсаты:

Барлық оқушылар:

Көбейтуді не үшін қолдану керектігін біледі.

Оқушылардыңкөпшілігі:

Көбейтудің қасиеттерін қолданып,тиімді тәсілмен есептеуді біледі.

Оқушылардың кейбіреулері:

Құрама есептерді шығаруда көбейтудің тиімді қасиеттерін пайдалана отырып шығара алады.

Ғылыми тіл

Оқушыларрационалды есептеу үшін көбейту қасиеттерін пайдалады,әріптік теңдік түрінде жазады,100 сан шегіндегі санды көбейтуді және бөлуді ауызша орындау кезінде санға қосындыны көбейту тәсілдерін біледі.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Көбейту қасиеттері не үшін ойлап табылды?

Неліктен көбейтудің үлестірімділік,терімділік қасиеттерін білу керек?

Құндылықтар

Өмір бойына білім алу

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, көркем еңбек.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Ондық құрамына негізделіпүш таңбалы сандарды қосуды және алуды ауызша орындау,үш таңбалы сандарды қосу және алу алгоритмін,нөлге аяқталатын үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту және бөлу алгоритмдерін қолдану.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланғаніс-әрекеті

Ресурстар

Кіріспе тапсырма. Сабақ «84 және 102» ойыны арқылы оқушыларды сабаққа белсендіруден басталады.

Ұ.Ж. Оқушыларды сабаққа белсенділігін арттыру мақсатында «84 және 102» ойынын ұйымдастыру Суретті слайд арқылы көрсету суреттегі цифрларды пайдалана отырып 84 және 102 сандарын шығар.

«Шапалақ» арқылы бағалау

Егер жауап толық табылса үш рет шапалақ ұру

Жартылай толық болса екі рет шапалақ ұру

Толық емес жауап болса бір рет шапалақ ұру арқылы бағалау.

№4 слайд

«Жылдам есептеу үшін», «Есептеудің тиімді тәсілін таңдау үшін» сөздері жазылған парақтар

Сабақтың басы

5 мин

Көбейтудің қасиеттері.

Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті

Көбейтудің үлестірімділік қасиеті

Көбейтудің терімділік қасиеті

Ж.Ж.Оқушылар жұппен жұмыс жасай және көбейтудің қасиеттерін қолдана отырып,геометриялық фигуралардың ауданы мен периметрін есептеу бойынша қорытынды шығарады.

«Бағдаршам арқылы бағалау»

Тапсырмалармен жұмыс

Ж.Ж. «Тиімдісін тап» Әр оқушы жеке орындайды.Өзара тексеру үшін жұбымен жұмыстарын ауыстыруды ұсыну.Есептеу кезінде көбейтудің қандай қасиетін қолдандың? « Салыстыру» тапсырмасын орындауға есептемей-ақ нәтижесін шығаруға болатынына назар аудару керек.

а) Тиімді тәсілмен есепте:

(42+23)*5= 26-2+52*2=

(67+15)+4= 45*3+12*3=

(45-25)*3= 71*5-22*5=

ә) Түрлі тәсілмен есепте:

(13+17+30)*8= 12*3-30

(76+14-20)*4= 0*9*200

(11+69-40)*6= 42*5*2

б) Салыстыр:

6*3+4*3 (6+4)*3

(75+5)*6 75*6+5

Х*4+6 (Х+6)*4

а*12-5 а*(12-5)

(29+0)*20 20-29+20

(32+с)*0 32+с*0

«Өзара бағалау»

Жұптардың жұмыстары ауыстырлады да бағалау жүргізіледі

Ө.Ж. «Өрнек құр шығар» Оқушылар бұл тапсырманы жеке орындайды.

Қосылғыш

52:4

16+64

15*5

(107-62):9

Қосылғыш

68:4

14*0

35*5

81:9

Сұрау: «Көбейтудің қандай қасиеттерін қолдандың?Есептеу кезінде неге көбейтудің қасиеттерін қолдану керек?»

Кері байланыс

Тапсырманы қалай орындадың?

Тапсырманы орындауда қандай кедергілерге кездестің?

Т.Т. «Түсін, өзгерт» Топқа есеп шарты бойынша бірнеше өрнектер беріледі. Оқушылар топта есепті оқиды, талдайды. Топта ақылдаса отырып берілген өрнектердің нені білдіретіндігін ойласады, топтың бір өкілі түсіндіреді. Бұдан соң есеп шартын өзгертетіндей өрнек беріліп шешуін сол бойынша табу тапсырылады.

Математикалық олимпиадаға қазақ мектептерінен 92 қыз бала және 85 ұл бала қатысты. Қазақ мектеп балаларына қарағанда орыс мектептерінен 3- еуі кем бала қатысты. Орыс мектептерінен қанша бала қатысты?

Мына өрнектер нені білдіреді? Түсіндір және өзгерт:

92+85

(92+85)-3

Есеп былай шығатындай етіп, шартын өзгертіп көр: (92+85):3

Математикалық олимпиадаға қазақ мектептерінен 92 қыз бала және 85 ұл бала қатысты. Қазақ мектеп балаларына қарағанда орыс мектептерінен 3 есе кем бала қатысты. Орыс мектептерінен қанша бала қатысты?

Тапсырманы топпен орындауды ұсыну.Тапсырма оқушылардан құрама есептерді өрнекпен шығару білімін қолдануды қажет етеді.

Топта есепті талқылап, шығарады, шартын өзгертеді, сол бойынша топтан бір өкіл шығып шешуі мен жауабын тақтаға жазады, қалған топ өкілдері дұрыс, бұрыстығын салыстырады.

Т.Ж. «Тез ойла» Жоспарға сәйкес топтық жұмыс ұсыну.Мемлекеттік мерекелер белгіленген күнтізбені қолдануға да болады.

Жоспар:

  • Күнтізбеден мемлекеттік мереке күнін ойла
  • Ол санды 2- ге көбейт
  • Алынған көбейтіндіні 5-ке көбейт
  • Шыққан санды 10-ға көбейт
  • Көбейтіндіге айдың реттік нөмерін қос (наурыз-үшінші, желтоқсан- он екінші)
  • Шыққан санды айт
  • Ойлаған мерекенің күнін табуды ұсын.

Т.Ж. «Жалғастыр және орында» Оқушыларға «Жалғастыр және орында» топтық жұмысты ұсыну. Ол үшін топқа геометриялық пішіндермен берілген өрнектер беріледі. Сол пішіндерден көбейтудің қосуға және азайтуға қатысты үлестірімділік қасиетіне байланысты өрнекті құрып жалғстыру тапсырылады. Тапсырманы орындап қойғандарға кеңесші рөлін ұсыну.

Ұ.Ж. «Кенеттен сұрау» Оқушылардың тез ойлау қабілеттерін және жылдам ауызша жауап беру біліктігін арттыру мақсатында ұжымдық «Кенеттен сұрау» ойынын ұйымдастыру. Мұғалім тапсырмаларды оқиды, оқушылар тез жауап беру керек.

1. Шұбатты 4 литрден 40 бидонға құйды. Барлығы қанша шұбат құйылды?

2. 240 самсаны 24 самсадан ыдыстарға салды. Неше ыдыс қажет болды?

3. Бір мысықтың 4 аяғы бар. 7 мысықтың неше аяғы бар?

4. Мектеп ауласына 12 гүлден 4 қатар гүл отырғызылды. Барлығы неше гүл отырғызылды?

5. Әсел 120 теңгеден 4 балмұздақ сатып алды. Әсел қанша ақша жұмсады?

Жауабы: 1) 160л шұбат, 2) 10 ыдыс, 3) 28 аяғы бар, 4) барлығы 48 гүл, 5) 600 тг ақша жұмсады

Сөздік бағалау «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!» т,б. Сөздік бағалау «Жарайсың!», « Өте жақсы!»,

«Керемет!» т,б.

№5 слайд

№6 слайд

толық жауап

жартылай толық

толық емес

№7 слайд

№8 слайд

№9 слайд

№10 слайд

№11 слайд

№12 слайд

№13 слайд

№14 слайд

№15 слайд

№16 слайд

Сабақтың соңы

5 мин

Кері байланыс. Оқушылармен көбейтудің қасиеттері тақырыбына байланысты қайталау есептерін қаншалықты меңгергендігіне байланысты кері байланыс жасау. Ол үшін сұрақтарға жауап алу. Ол үшін тақтаға «жылдам есептеу үшін», «есепті шығару үшін» сөздері жазылған парақтар ілу.

Сұрақ: Неге көбейтудің қасиеттерін білу керек?

 Оқушылардан «жылдам есептеу үшін», «есепті шығару үшін» сөздері жазылған парақтарға топтасуын сұрау. Бұл ойлардың бәрі сұрақтың жауабы деген қорытынды жасау.

Стикерлер.

№17 слайд

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жұптардың өзара сөйлесулерін бақылап, тыңдап жүру барысында тапсырманы орындауға қиналатын оқушыларғақолдау көрсету.

«Бағдаршам» арқылы бағалау.

Білім алушыларды сөздік бағалау

«Кері байланыс»арқылы бағалау

«Шапалақ» арқылы бағалаут.б

Өмір қауіпсіздігінің ережелері.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
Пікір жазу