Өзіңді тексер! Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: Жазбаша көбейту және бөлу

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Қыдырбаева Роза Анешовна

3-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

139-сабақ

Тақырыбы:

Өзіңді тексер!

Оқу мақсаты:

3.1.2.13 бөліндінің бір разрядында нөл болатын кезде үш таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу алгоритмін және кері амал алгоритмін қолдану

3.2.1.5 әріпті, санды өрнектерді (үш амалдан артық) салыстыру

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың барлығы:

бөліндінің бір разрядында нөл болатын кезде үш таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу алгоритмін және кері амал алгоритмін танып біледі.

Оқушылардың көпшілігі:

бөліндінің бір разрядында нөл болатын кезде үш таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу алгоритмін және кері амал алгоритмін қолданады, әріпті, санды өрнектерді (үш амалдан артық) салыстырады.

Оқушылардың кейбірі:

бөліндінің бір разрядында нөл болатын кезде үш таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу алгоритмін және кері амал алгоритміне мысал келтіре алады.

Бағалау

критерийлері

Ғылыми тіл

бөліндінің бір разрядында нөл болатын кезде үш таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу алгоритмін және кері амал алгоритмінің орындалу ретін түсіндіре алады.

Пәндік терминология мен тірек сөздер

Бірлік, ондық, жүздік, көбейту алгоритмі, бөлу алгоритмі.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын сұрақтар:

Талқылау:

- Көбейтуді қалай орындауға болады?

- Көбейтуді қалай орындағаныңды түсіндіре аласың ба?

- Бөлуді қалай орындайды?

Жазу:

Баған түрінде орындау.

Тірекбілім, білік, дағдылар

Жазбаша көбейту, бөлу амалдарының алгоритмі.

Жоспар

Жоспарлан

ған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

0-2

Ынталандыру.

"Сіздер білмейсіздер" тренингі.Оқушылар шеңберге жиналып,"Сіздер білмейсіздер..." деп бастап, өзгелер білмейтін бір құпиясын айтып шығады "Мозайка" әдісі бойынша топқа бірігу. Балық,гүл,

қоян,жылқы суреттерінен мозайка жасап,қиындыларды құрастыру арқылы топқа бірігу.

2-слайд

Мозайка

Балық,гүл,

қоян,жылқы суреттері

3-слайд

3-5

Білу

(Ө.)"Карта" әдісі

1-тапсырма

Баған түрінде жазу,есептеу

Оқушыларға қима қағазға жазылған өрнектер және өрнектердің жауабы таратылып беріледі.Берілген өрнектерді жауабымен сәйкестендіріп, бір-біріне беттестіріп қояды.Орындап болған соң әр топтан спикерлер шығып, топтардың жұмыстарын тексеріп, бағалап шығады.

430∙2 860 103∙3 309 107∙5 535

640:2 320 303:3 101 760:5 152

4-слайд

Оқулық

"Карта"әдісі

Қима қағаз

6-10

Түсіну

(Т.)"Домино" әдісі

Көбейту кестесін қайталау

«Домино»

 Қағаз қиындылары домино пішіндес қиылып, ортасынан қаламмен сызылады. Топтағы бірінші оқушы оң жақ бөлігіне өрнек жазады, келесі оқушы келесі домино парақшасының сол жағына сол өрнектің жауабын жазып, оң жағына өз өрнегін жазады, тиісінше келесі оқушы өз доминосына осындай жазба қалдырады.

 Барлық топ өз доминоларын жасап болған соң, араластырып, көршілес топқа домино қиындыларын құрастыруға ұсынады. Әрі жылдам, әрі дұрыс құрастырған топ жеңіске жетеді.

(Ө.)2-тапсырма"

Баған түрінде жазу, есептеу. Дұрыстығын тексеру.

120∙3=360 304∙2=608

420:2=210 804:4=201

5-слайд

Оқулық,

Дәптер

Домино қималары,

өрнектер

11-28

Қолдану

(Ө.)3-тапсырма

а)Баған түрінде жазып, амалдардың орындалу реті бойынша өрнектің мәнін табу

209∙3+636:6

1)209∙3=627

2)636:6=106

3)627+106=733

ә)"Ротация" әдісі

Тапсырма:

1.Көбейтуге өрнек құрастыр

2.Бөлуге өрнек құрастыр

3.Әріпті өрнек құрастыр

Үш топқа 3 түрлі маркер беріледі.Әр топ бастапқы өздеріне берілген түспен жазады, шапалақ ұрғанда парақтар ауысады, алдына келген параққа тапсырманы өз маркерімен жазады.Ойын соңында мұғалім жинап алып маркер түсі бойынша қай топ қатесіз жазғанын, қай топ қателескеніне талдау жасап, бағалайды

Оқулық, дәптер

6-слайд

7-слайд

Кесте

29-37

Талдау.

(Ө.) 4-тапсырма

Кесте бойынша өрнектер құрастыру, олардың мәнін салыстыру

880:4+101∙5=725 340∙2-606:3=478

707:7+410∙2=921 802:2-104∙3=89

Жинақтау

(Ө.)5-тапсырма

а)Қысқаша жазылуы бойынша есеп құрастырып, оны шығару

Қысқаша жазылуы:

Екі кемеде-220 адамнан

Үш кемеде-303 адамнан ? артық

ә)

Тіктөртбұрыштың ауданы 72 см2, ал ені 6 см. Тіктөртбұрыштың қабырғасының ұзындығын тап.

S=72см2

в-6см

а=?

а=72см2:6см

а=12см

Сергіту сәті "Қошемет" тренингін жүргізу

Оқушылар шеңберге жиналады, мұғалім "Шашы ұзын қыздарға қошемет дегенде "ортаға шашы ұзын қыздар шығады, қошемет көрсетіп, барлығы шапалақ ұрады.Әрі қарай "Галстук таққандарға қошемет", "Белбеу таққандарға қошемет", "Көзілдірік таққандарға қошемет" деген коментарийлер айтылып, қошемет жасалады.

Оқулық

Кесте

8-слайд

Қысқаша жазылу

9-слайд

10-слайд

38-40

Бағалау

Тест.

 

1. 85:17 өрнегінің мәні.

а) 6

ә) 3

б) 5

 

2. у – 100 = 600 – 450 теңдеудің шешімі.

а) 200

ә) 250

б) 150

 

3. 4 санының кубы нешеге тең?

а) 60

ә) 64

б) 16

 

4. Қабырғалары 3см 2мм шаршының перимерін тап.

а) 12см 8мм

ә) 10см 8мм

б) 11см 8мм

 

5 15 жаңғақты ағайынды 5 балаға тең бөліп беру керек. Ағайындылардың

әрқайсысына неше жаңғақтан тиеді?

а) 3 жанғақ

ә) 2 жаңғақ

б) 1жаңғақ

6-тапсырма

Есептеулерді тексеру, қатесін түзеу

Рефлексия

Көңіл-күйбет-әлпеті салынған суретті таңдау

11-слайд

Үлгі

Тест

12-слайд

13-слайд



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу