Қосындыны санға көбейту. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Бөлімі: Кестеден тыс көбейту және бөлу 84-сабақ. Тақырыбы:Қосындыны санға көбейту | Мектеп: | ||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||||||||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: | Қатыспаған оқушылар: | |||||||||||||||||||||||
Оқу мақсаты: | 3.1.2.9 100 көлеміндегі сандарды ауызша көбейту мен бөлуді орындаудаи қосындыны және көбейтіндіні бір таңбалы санға бөлу, қосындыны санға көбейту ережесін қолдану 3.1.2.3 көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін тиімді есептеулер жүргізу үшін қолдану | ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты: |
| ||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Қосындыны санғакөбейту тәсілін түсіндіре алады; Өрнектердің мәндерін қолайлы тәсілмен таба алады. | ||||||||||||||||||||||||
Ғылыми тіл |
| ||||||||||||||||||||||||
Құндылықтар | Оқушыларды бір-бір бірінің пікірін сыйлауға, құрметтеуге дағдыландыру. | ||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Көркем еңбек, жаратылыстану | ||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта | ||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Санның квадраты мен кубын табу. | ||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы | Т.Ж. Белсендіру. Сабақ топта «Сәйкестендір» ойынын жүргізумен басталады. Топқа ыдыс пен оның ауызына сәйкес өрнектер және жауаптары жазылған парақшаларды тастаңыз. Балалар өрнек мәнін тауып ыдыс пен ыдыс ауызының қақпағын сәйкестендіру керек . Өрнек мәнін қалай тапқандығын сұрау арқылы бүгінгі сабақ тақырыбын ашу. Өрнектің мәнін қалай тапқан тиімді екендігін сұрау. Сонда қосындыны санға көбейтудің тиімді тәсілін таңдау керек деген қорытынды жасалады. Алғашқы түсініктерін бекіту мақсатында тапсырмалармен жұмыс жасау. Тапсырмалармен жұмыс. Суретте қанша шаршы бар бар? Бұл сабақта оқушыларға өрнек тірек ретінде және қосындыны санға екі тәсілмен көбейтуді сурет арқылы түсіндіру ұсынылады. Топтарға қосындыны санға көбейтуге бір өрнек құрастырып және оны ламинатталған параққа жазуды ұсыныңыз. Спикерлер құрастырылған өрнекті оқиды және тәсілдің неге тиімді екенін дәлелдейді. Әр топ келесі топтың жұмысын бағалайды. Егер топ қателессе, оны түзетуге мүмкіндік беріңіз. Қосындыны санға көбейтудің тәсілдері:
жэд Жұптық жұмыс. Фигураның периметрі мен ауданын тап. Оқушыларға жұппен тіктөртбұрыштардың моделімен жұмыс жасауды ұсыныңыз. Бақылаңыз, егер оқушы қиналған жағдайда қолдау көрсеетіңіз. | Кеспе қағаздар, суреттер 4 слайд 5 слайд Түрлі-түсті қағаз, желім, қайшы, сызғыш. | |||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы | Ж.Ж. Тиімді тәсілді таңда. Тапсырманы жұппен орындауды тапсырыңыз. Тапсырманы тек қана жылдам емес, онымен қатар дұрыс және ұқыпты орындау керектігін естеріне салыңыз. Бірнеше оқушының жауаптарын тыңдаңыз, қалғандары өзін-өзі тексеру кезінде шапалақтайды. Балалардың қосындыны санға көбейтудің ережесін жаттап алу керектігін естеріне түсіріңіз. (46+24)*7 (37+13)*9 (300+4)*3 (20+7)*7 (12+18)*3 (14+36)*5 Тапсырманы орындауда кейбір өрнек мәндерін бірден табу мүмкін еместігін тек тиімді, қолайлы тәсілді таңдау керектігін ескерту. Ж.Ж. Кестені толтыр. Фигураның ауданы мен периметрін табу үшін оқушыларға тіктөртбұрыш моделін жасауға тапсыру. Бақылып қиындық туған жағдайда қолдау көрсету. Периметр табуда жазылған өрнекті оқып бүгінгі тақырыппен байланысын сұрау.
Т.Ж. «Ойлан, тап» есепті нұсқа бойынша шығаруға болады. Оқушылар есепті шығарып болған соң өзара тексеру мақсатында дәптерлерін ауыстырады. Бұл әрекет есептің мазмұны мен шығарылу барысын түсінуге мүмкіндік береді. Есепті шығарып болған соң қалаулары бойынша болған оқушыларға кері есеп құрастыруға тапсырыңыз. Қысқаша шартының жазылуы: 1 күнде-90 және 30 6 күнде-? бұйым Жауабы: (90+30)*6=90*6+30*6=540+180=720 5 сақина-25 г 50г-? Сақина Жауабы: 25:5=5 (1 сақинаға кететін алтын) 50:5=10 Ж.Ж. «Байланысын тап» Бұл тапсырма алдыңғы тапсырмалардың жалғасы, Оқушылардың қосындыны санға көбейту тәсілдері туралы дағдыларын бекітуге бағытталған. (6+3)*9 3*8+4*8 (7+2)*6 5*7+3*7 (5+3)*7 6*9+3*9 (2+8)*3 7*4+3*4 (3+4)*8 7*6+2*6 (7+3)*4 2*3+8*3 | А4 форматтағы парақ,маркер 6 слайд 7 слайд
8 слайд | |||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы | Қалыптастырушы бағалау . Кеспеқағаздағы тапсырманы ұсынуға болады. Өрнектерді жаз және олардың мәнін есепте: «Ойлан тап!» 3 және 6 сандарының қосындысын 7 есе арттыр. 12 және 8 сандарының қосындысын 5 есе арттыр. Қосындыны көбейтіндіге айналдыр және есепте: 13∙3+7∙3 29∙5 + 11∙5 Жұмыс аяқталған соң, сынып болып тексереді. Кері байланыс. «Белгілер» әдісі | Кеспеқағаздар 9 слайд Таратпа тапсырмалар 10 слайд |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?