Өнімдер жәрмеңкесі. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Бөлімі: Көбейту және бөлу

45 сабақ. Тақырыбы: Өнімдер жәрмеңкесі

Мектеп:

7

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Айдаболова Қаракөз Батырхановна

Сынып: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.1.2.4. 6; 7; 8; 9сандарына көбейту мен бөлу кестесін құру, білу және қолдану

3.5.1.2 – есептерді шығаруда «бір заттың массасы», «саны», «жалпы

масса»/ «бір затқа жіберілген шығын», «заттардың саны», «жалпы шығын»/

ұзындығы, ені,ауданы ұғымдарының өзара тәуелділігін пайдалану

Сабақтың

мақсаты:

Оқушылардың барлығы 6; 7; 8; 9 сандарына көбейту мен бөлу кестесін­ құрады және қолданады

Оқушылардың көпшілігі есептерді шығаруда бір заттың массасы, саны, жалпы массасы / бір затқа жұмсалғаны, заттың саны, жалпы жұмсалғаны арасындағы тәуелділікті пайдаланады;

Оқушылардың кейбіреуі 2–3 амалмен орындалатын есепті кесте, сызба, қысқаша жазу түрінде модельдейді.

Ғылыми тіл

Оқушылар 6; 7; 8; 9 сандарына көбейту мен бөлу кестесін­ құрады және қолданады

Түйін сөздер мен сөз тіркестері: өрнек,

өрнектердің мәндерін табу..

Талқылауға арналған сұрақтар

Санның және айнымалының қосындысын (айырмасын,

көбейтіндісін, бөліндісін) қалай табуға болады?

Амал компоненттері мен нәтижелері арасындағы өзара байланыс

жайлы қандай қорытынды жасауға болады?

Құндылықтар

Жауапкершілік,өмір бойына білім алу.

Пәнаралық байланыс

Әдебиеттік оқу, көркем еңбек.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Көбейту кестесі, бөлудің сәйкес жағдайлары, шамаларды көбейту

және бөлу.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

5мин

Психологиялық дайындық

Қайырлы күн, достым,

Қайырлы күн болсын.

Бүгінгі сәрсенбі күнің

Сәттілікке толсын!

Біздің алар бағамыз

Кіл бестікке толсын!

Оқушыларды топқа бірігуі Алдын-ала дайындалған қима қағаздарды таңдау әдісі арқылы топқа бірігу.

«Қауын», «Қарбыз», «Сәбіз», «Қызылша».

Слайд №2

Топқа бірігуге арналған қима қағаздар «Қауын», «Қарбыз», «Сәбіз», «Қызылша».

Кіріспе тапсырма.

Жасырған суретті тап

(Ұ.Ж.) Оқушылар жасырған суретті табу үшін сұрақтарға жауап беру керек. Ол үшін сурет бетіндегі тапсырмаларға жауап беру керек. Әрбір дұрыс жауап сайын сурет ашылып отырады. Жасырған сурет «Өнімдер жәрмеңкесі» деп аталады. Сурет неге

« Өнімдер жәрмеңкесі» деп аталғандығын сұрау арқылы оқушы пікірін тыңдау. Әрбір топ өз өнімдерінің ерекшеліктерін айтады. Мысалы: 1-топ қауын, 2- топ қарбыз, 3- топ сәбіз, 4- топ қызылша өнімдерін таныстырады. Бұл тапсырма арқылы оқушылар 6; 7,8;9 сандарының көбейту және бөлу кестесін қайталайды.

Сөздік бағалау «Жарайсың!», «Керемет», «Ақылдым сол», т.с.с.

Слайд №3,4

Сабақтың ортасы

30мин

Өрнектерді салыстыр

(Ұ.Ж.) Оқушылар суреттегі жемістерге қарайды. Бірдей жемістер бірдей санды білдіреді. Оқушылар жемістерді сандармен ауыстырады. Санды өрнек құрастырады және оларды салыстырады. Жазған өрнектерін ламинатталған параққа жазады.

Топтар бірі –бірінің жұмыстарын тексереді.

Геметриялық фигуралар арқылы бағалау

Бағалау жүйесі

-5 - 4 - 3

Теңдеуді шеш

(Ж.Ж) Оқушылар тарзыдағы қанттың массасын табу үшін күрделі теңдеу құрастырады және оны шешеді. Оқушылар алдымен тапсырманы жеке орындайды. Орындап болған соң жұбымен дәптерлерін аустырып, салыстыра отырып тексереді.

Қате кеткен жағдайда, бір оқушының жұмысын тақтаға жазып түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

«Смайлик» арқылы бағалау

Есепті шығарып көр

.Ж.). Оқушылар жұпқа бірігіп, есептің сызбасы бойынша есеп құрастырады. Әрбір жұп өзі құрастырған есептің шығарады және шығару жолын талқылайды. Оқушылар есептің жауабын басқа жұптармен алмасып, дайын жауабы арқылы тексереді. Бірнеше жұптың құрастырған есептерін тыңдау. Бұл тапсырма арқылы оқушылар өрнек құру арқылы есепті шығару жолдарын пысықтайды.

Тапсырма:

Қияр – 9 кг

Қызанақ - ?, 3 есе артық

Пияз – ?, 3 кг артық

«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау

Амалдарды орында

(Ө.Ж.) Оқушылар тапсырманы өз бетінше орындайды. Оқушылар амалдарды орындап, жемістің орнына мәнін жазады. Жемістің орнына қоятын сандар алдыңғы амалдың нәтижелері болады. Бірдей жемістердің орнына бірдей сан жазады. Амалдар бірінен соң бірі тізбек түрінде орындалады. Тапсырманы орындап болған соң, жұбымен дәптерін ауыстырып, бір –бірінің жұмысын тексереді.

Геметриялық фигуралар арқылы бағалау

Бағалау жүйесі

-5 - 4 - 3

Өрнек құрастыр

(Ж.Ж.). Оқушылар тапсырманы жеке орындайды. Оқушылар кестеде көрсетілген амалдардың реті бойынша өрнек құрады.Дайын жауап бойынша өзін –өзі тексереді. Қиын болған жағдайда түсіндірме жұмыстарын жүргізу.Бұл тапсырма өткен сабақта меңгерген дағдыларды бекітуге арналған.

Тапсырма:

а)Жақшасыз:

81-ді 9- ға бөл;

6 –ға 5 – ті көбейт;

4 – ке 7- ні көбейт;

1-, 2- және 3- амалдардағы нәтижелерді қос.

ә) Жақшалы:

150 –ден 78 –ді азайт;

1-амалдың нәтижесін 8-ге бөл;

4 пен 8-ді көбейт;

2- және 4 –ші амалдардың нәтижесін қос.

«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау.

Слайд №5

Слайд № 6

Слайд №7

Слайд № 8

Слайд № 9

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия

Не білдім?

«Менің көңіл-күйім баспалдағы»

Оқушылар стикерлерге өз есімдерін жазып (немесе смайликтің суретін салып) тақтада салынған баспалдақтардың біріне жабыстырады.

Баспалдақтар:

«Керемет!», «Өзіме сенімдімін!», «Маған көмек керек!»

Қосымша ақпарат

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жұптардың өзара сөйлесулерін бақылап, тыңдап жүру барысында тапсырманы орындауға қиналатын оқушыларға қолдау көрсету.

«Жетістік баспалдағы» арқылы бағалау.

Сөздік бағалау

«Смайликтер» арқылы бағалау

Өмір қауіпсіздігінің ережелері.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу