Шағын архитектуралық құрылыстар: отыратын орындар мен көпірлер. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған ұсыныстар

Тақырыбы:Ауызша көбейту мен бөлу тәсілдері

Оқу мақсаттары:

3.1.2.9 100 көлеміндегі сандарды ауызша көбейту мен бөлуді орындаудақосындыны және көбейтіндіні бір таңбалы санға бөлу, қосындыны санға көбейту ережесін қолдану.

Сабаққа қатысты деректі материалдар: Бұл сабақта көбейтудің үлестірімділік қасиеті бойынша қосындыны санға көбейтуді түсіндіру керек: қосындыны санға көбейту үшін осы санға әрбір қосылғышты көбейтіп, шыққан нәтижелерді қосуға болады. Қосындыны санға көбейтудің екі алгоритмін құруға болады:

1-алгоритм: • екі санның қосындысын табу; • қосындыны санға көбейту.

2-алгоритм: • бірінші қосылғышты санға көбейту; • екінші қосылғышты санға көбейту; • шыққан нәтижелерін қосу

Ынталандыру.

Мұғалім биік ғимараттардан бөлек, елдімекендерді безендіру үшін шағын архитектуралық құрылыстар: көпірлер, гүлзарлар мен көгалдар да қолданылатыны туралы әңгімелейді

Белсендіру.

  • №1 тапсырманы орындау – топ ішінде ауызша орындатыңыз.

2. Қосындыны санға бөлу ережесін пайдалана отырып,есепте:36 : 3         28 : 2          84 : 4        55 : 5         99 : 9

Өздік жұмыс

(Т.Ж) 2-тапсырманы топпен орындайдатыңыз және нәтижесін эталонмен салыстыртыртыңыз.

(20+400):6=70 320:8+200=240 (170+30):5=40

(400-40):60=6 360:6+840=900 170+150:3=220

7·(800-750)=350 560:8·5=350 40·6+640:8=320

(Ж.Ж) «Үйшіктер» ойыны. 3-тапсырма жұпта орындатыңыз. Әр жұпқа өрнек жазылған әртүрлі шатырлы 4 үйшікті таратып беріңіз.Жұпта үйшіктегі мысалды шығарады, жауабын оның бос орындарына жазады. (Оқушыларды жұмыс істеу барысын бақылап, қиындыққа кезіккен оқушыларға көмектесу). Тапсырманы орындап болған оқушыларға үйшіктерін салыстыртыңыз. Нәтижелерді салыстыртып, талдатыңыз.

40 =360 1000-440=560

380-20=360 7·80=560

90·4 =360 70·80=560

(Ж.Ж)4-тапсырма. «Көршіңмен кеңес» ойыны.

12:6·9=18 6·(240-200)=240

30:6·9=45 (60+30):9=70

40:8·3=15 150:(2·5)=15

4·6+76=100 (30+60):3=30

Оқушыларға мысалдарды жұпта орындайды. Әр жұпқа мысал жазылған кеспеқағаздарды таратылады.. Оқушылар түсіп қалған сандарды орнына жазып, мысалды аяқтайды. Тапсырманы шығарып болған соң, жұптар тапсырманы өзара тексеру үшін жұмыстарымен алмасады.

(Т.Ж) 5-тапсырма топта орындалады. Бірінші есепті шағын топта талқылайды.. Талқылауда келесі сұрақтар қойылады:

-Не белгілі?

-Нені табу керек?

Оқушыларға есептің шартын жазды және шешуін шығарады.Дұрыс жауапты бір оқушы тақтаға жазады.

І топ: 5-тапсырма (а)

І бума- 128 м мата

ІІ бума -? 45 м мата артық? м мата

Ш:1)128+45=173 (м)

2)173+128=301(м)

Ж:екі бумада 301 метр мата бар.

ІІ топ: 5-тапсырма (ә)

І бума- 128 м , 45 м мата артық

ІІ бума -? ? м мата

Ш:1)128-45=83 (м)

2)83+128=211(м)

Ж:екі бумада 211 метр мата бар.

ІІІ топ: 5-тапсырма (б)

І бума- 128 м мата

ІІ бума - 45 м мата

Жұмсалды – 90 м мата

Қалды ? м мата

Ш:(128+45)-90=83(м)

Ж:83 метр мата қалды.

(Ө.Ж) 6-тапсырма. Шаршы сыз. Қабырғалары 4 см болатын шаршы сызады және ауданы мен периметрін табады.Бұл тапсырманы орындай отырып, оқушылар өткен формулалармен тапсырма бойынша білімдерін және тәжрибелерін қайталайды. Оқушылар бұл тапсырмаларды үлкен қызығушылықпен орындайды.Тапсырманы орындау кезінде өз бетімен жұмыс істеуде қиындыққа кездескен оқушыларға көмек көрсету

Есептерді шығару барысында шаршының S = а •а ауданын табатын, шаршының Р = а • 4 периметрін табатын формулалар қолданылады. Геометриялық есептерді шығару үдерісінде өлшем бірліктерге назар аудару өте маңызды. Есептеулер кезінде барлық сандық мәндер бір өлшем бірліктермен берілуі тиіс.

4 см S = а •а

Р = а • 4

7-тапсырма.Төмендегі көрсетілген массаны алу үшін қандай және қанша гір тасын алу керек.Өрнекті жаз

355г=200г+100г+50г+5г

650г =500г+100г+50г

215 г= 200г+ 10г+5г

8-тапсырмада өррнектерді баған түрінде жазып, есептейді.

Бұл сабақта үш таңбалы сандарды баған түрінде разрядтан аттап жазбаша қосу және азайту алгоритмдері қарастырылады.

1. Жүздіктерді жүздіктердің, ондықтарды ондықтардың, бірліктерді бірліктердің астына жазамын.

2. Бірліктерді қосамын (азайтамын) және нәтижені бірліктердің астына жазамын.

3. Ондықтарды қосамын (азайтамын) және нәтижені ондықтардың астына жазамын.

4. Жүздіктерді қосамын (азайтамын) және нәтижені жүздіктердің астына жазамын.

5. Жауабын оқимын

600 457

-462 +349

138 806

Кері байланыс



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу