Жиынтық бағалау. Математика, 3 сынып, қосымша материал.
Мұғалімге арналған әдістемелік нұсқаулық
Бөлім. 2В-Аудан. Шамалар.
№65 сабақ. Тақырыбы: Жиынтық бағалау
Оқу мақсаты:
3.3.1.1 шеңбер мен дөңгелекті, олардың элементтерін (центр, радиус, диаметр) бір-бірінен ажырату және атау/симметриялы және симметриялы емес жазық фигураларды айыра білу және оларды қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіру
3.3.1.2 геометриялық фигураларды жіктеу
3.3.2.2 берілген қабырғалары бойынша тіктөртбұрыш пен шаршы, циркульдің көмегімен шеңбер салу
Сабаққа қажетті ресурстар: тапсырмалар, слайдтар
Сабақта қолданылатын деректі материалдар: Ауданның берілген мәндері бойынша фигураларды құрастыру кезінде, ауданды табу формуласынан ұзын-
дығы мен енін өрнектеп және осы берілгендері бойынша фигураны құрастыруға болады. Геометриялық есептерді шығару үдерісінде өлшем бірліктерге назар аудару өте маңызды.Шеңбер және оның бөліктеріне назар аудару.
Сабақ бойынша ұсыныстар: Кіріспе.
Аталған тақырыптарда жиынтық бағалау алу.
Ынталандыру
Білімнен бақыт табамызӨнер – білім көп оқыпӨсе берсін санамызКел, балалар, келіңдерМатематиканы көріңдерҚане, қарап шығыңдарОқуға зейін қойыңдар
Балалардың зейіні сабаққа аударылған соң сұрақтарға жауап алу арқылы дөңгелек, шеңбер оның элементтері туралы білімдерін еске түсіріңіз.
Шеңбер дегеніміз не?
Дөңгелек дегеніміз не?
Шеңбердің диаметрі мен радиусы дегеніміз не? Тақтада көрсетілген суреттерден шеңбер мен дөңгелек айырмашылығын, шеңбердің радиусы мен диаметрін көрсетуін сұраңыз. Өткенді қайталау арқылы балалардың тапсырманы орындауға белсенділігін арттырыңыз.
Шеңбер – дөңгелектің шегарасы
Дөңгелек – барлық нүктелері центрінен бірдей қашықтықта жатқан тұйықталған сызық.
О нүктесі – дөңгелектің (шеңбердің) центрі
АВ – диаметр (d) – шеңбердің центрі арқылы өтетін екі нүктені қосатын кесінді.
Радиус (R) – шеңберден центрге дейін жүргізілген кесінді (қашықтық) Балаларға тапсырмалар жазылған кима қағаздарды таратып беріңіз. Тапсырмаларды мұқият оқып, түсініп орындауға тапсырыңыз.
- Алдыңғы берілген түсініктерді пайдалана отырып радиустары 2 см, 3см, 1 см болатын шеңбер сызу. Шеңберді сызу арқылы балалардың циркульмен жұмыс жасау қабілеттері артады. Сыза отырып шеңбер туралы түсінеді.
- Суреттен цилиндр, шар, куб тәріздес фигураларды тауып сәйкестендіреді. Ол фигуралардың кеңістік фигуралары екендігі туралы түсініктері бекиді, кеңістік фигураларын тұрмыстағы заттармен салыстыру жасайды. Қай фигураны қай затқа ұқсатасың?
- Суреттегі заттарға мұқият қарап, олардың жақтарының қандай пішін құрайтынын анықтайды және атайды, ол фигураны сызып, әріптермен белгілейді. Ол алынған фигураның жазық фигуралар екендігін нақтылайды, аталуына назар аударады. Фигураны белгіленуі бойынша оқиды.
- Фигураның ауданын қалай табамыз? формуласы қандай? сұрақтарына жауап беру мақсатына бағытталған тапсырма.
Қабырға суретінің ұзындығы 40см, ал ені 10см қысқа . Қабырға суретінің ауданын тап.
Ұзындығы-40 см
Ені-? 10 см қысқа
S-?
40 см-10см=30см
S-40смх30см=1200см.кв
- Белгісіз шаманы табу үшін бірнеше қадамдар жасау арқылы жетуге болатындығын байқайды. Ол үшін есептегі белгілі және белгісіз шамаларға, сұраққа назар аудару керектігін түсінеді.
Бөлменің ені 4 м, ал ұзындығы одан 2 м артық. Егер 1 м.кв жерге 250 г бояу кететін болса, бөлмені бояуға барлығы қанша г бояу кетеді?
Ені-4см
Ұзындығы-?2 м артық
1 м.кв-250г бояу
Барлығы-? г бояу
4м+2м=6м
S-4мх6м=24м.кв
24м.квх250г=6000г=6кг
- Бұл тапсырма балалардың байқампаздығына бағытталған. Тапсырмада балалар шеңбердің толық еместігіне және шаршы да тік төртбұрыш екендігіне назар аударуы қажет.
Сурет сабағында Арман циркульды және сызғышты қолданып, түрлі геометриялық фигуралардың көмегімен көңілді бағдаршамның суретін салды. Суретке мұқият қара және анықта, Арман қандай қарапайым фигураларды қатыстырып салды.
- Тік төртбұрыш-
- Шаршы-
- Үшбұрыш
- шеңбер
Жауабы:
Тік төртбұрыш-1
Шаршы -6
Үшбұрыш-6
Шеңбер-0 (біз суреттен толық шеңберді көре алмаймыз тек доға сызықтарды ғана көреміз)
- Тапсырма шамаларды өрнектеуге бағытталған. Балалардың шамалар туралы шамалардың орны (үлкен, кіші) туралы білімдерін бекіте түседі.
Өрнекте
- Аудан өлшем бірліктері туралы түсініктерін арттыру мақсатында берілген. Тапсырманы орындау арқылы ар, гектар аталатын үлкен шамаларды өрнектеу жайлы білімі байқалады.
100 м2 =1 а (ар)
10000 м2= 1га (гектар)
1а = м2 1 га= м2 1 га = а
8а = м2 6 га= м2 5 га = а
14а= м2 68 га= м2 16 га = а
1а= 100 м2
8а=800 м2
14а= 1400 м2
1 га= 10 000 м2
6 га= 60 000 м2
68 га=68 000 м2
1 га = 600а
5 га = 500 а
16 га = 1600а
Рефлексия.
Бағалау жүргізу
А
В
С
Бағалау жүргізу.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?