Тест (Алматыкітап бойынша). Математика, 3 сынып,қосымша материал.
Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар
Бөлім. 1С-Көбейту және бөлу кестелері
№ 40- сабақ. Тақырыбы: Тест
Оқу мақсаты: Көбейту кестесін біледі, Шамалар арасында байланысты орнататын формуланы теңдік ретінде қолдануды түсінеді, Бір немесе екі амалдан тұратын өрнектерді жазады, оқиды, құрастырады. 2-3 амалмен берілген шамалар арасындағы байланысты шешіп, талдайды, Жанама сұрақтармен берілген есептерді құрастырады, амалдардың орындалу ретінің дұрыс көрсетілгендігін және орындалғандығын тексере алады.
Сабаққа қажетті ресурстар: слайдтар, тест тапсырмалары жазылған карточкалар
Сабақта қолданылатын деректі материалдар: Өрнектің мәнін табуда өрнектегі амалдардың орындалу тәртібі қатаң сақталады. Оқушылар әртүрлі есептерді сызбаны немесе қысқаша жазуды қолданып шығаруды қайталайды, шамалар арасындағы тәуелділікке берілген есептерді шығаруды және талдай білуді бекітеді.
Сабақ бойынша ұсыныстар: Кіріспе.
Ынталандыру.
Қане тәртіп сақтайық
Тез есептеп аттайық
Алға қадам басқанда
Батылдықпен аттайық-
деп математикадан тарау бойынша алған білімдерің қаншалықты екендігін және өз жетістігіңді білу байқау үшін тест тапсырмасын орындаймыз.
Кел, балалар, келіңдер,
Орындайық ойланып.
Ойланамыз деп және,
Уақыттан да қалмайық.
Тест
1. Сан қатарын жалғастыр. 0, 3, 6, 9,...A) 12, 14, 16, 18, 20.B) 12, 15, 18, 21, 24, 27, 30.C) 12, 16, 20.D) 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20.
2. 1000 - 367=?A) 623.B) 633.C) 723.D) 733.3. 238+356=?A) 594.B) 582.C) 592.D) 593.
4. Асханаға 65 кг алма әкелінді. Аспаз 9 кг тәтті нан пісіруге жұмсады. Неше кг алма қалды? A) 65 кг алма. B) 56 кг алма. C) 74 кг алма. D) 14 кг алма. 5. Х - пен 14 - тің қосындысы 60 - қа тең. Х
нешеге тең? A) 46. B) 56. C) 64. D) 74.
6. (а + 125) – 100. Егер а = 225 болса, өрнектің мәні нешеге тең? A) 150. B) 250. C) 50. D) 125.
7. Бірінші орамда 81 м мата, ал екінші орамда одан 25 м артық мата бар. Екі орамда барлығы неше етр мата бар?A) 106 м мата.B) 187 м мата.C) 56 м мата.D) 137 м мата.8. (355 - 138)+657=?A) 217.B) 617.C) 177.D) 874.
9. 69 - 4*9 Өрнектегі амалдардың орындалу тәртібін көрсет.A) -, *.B) *, -.C) *, *.D) -, -.
10. 27 - 6: 3=7. Теңдік тура болатындай етіп, жақшаларды қой.A) (27 - 6): 3=7.B) 27 - (6: 3)=7.C) (27 - 6: 3)=7.D) 27 - 6: 3=7
11. Үш сыныпта 97 оқушы оқиды. Бірінші сыныпта 26, екінші сыныпта 36 оқушы, ал қалғандары үшінші сыныпта оқиды. Үшінші сыныпта неше оқушы оқиды?A) 62 оқушы.B) 71 оқушы.C) 35 оқушы.D) 71 оқушы.12. а - 354=239. Теңдеудің мәні нешеге тең?A) 593.B) 115.C) 125.D) 595.
13. Кез келген санды 1 - ге көбейткенде................................ шығады.A) Бір.B) Нөл.C) Сол санның өзі.D) Келесі сан.
14. 0*3; 3*0; 0*25; 99*0; 0*40. Нәтижелері нешеге тең?A) Бірге.B) Нөлге.C) Сол санның өзі.D) Келесі сан шығады.
15. Нөлге................................ болмайды.A) Қосуға.B) Азайтуға.C) Бөлуге.D) Көбейтуге.
16. Сөреде 4 математика оқулығы және одан 4 есе артық қазақ тілі оқулығы бар. Сөреде қазақ тілі оқулығы нешеу?A) 16.B) 8.C) 0.D) 12.
17. Мәні 10-ға тең болатын өрнекті тап.
А) (579-509)·9
В) 630:70+70:70
С) 107·3-21:3
Д) 505:5-20·5
18. Теңдеуді шеш: а·8=320
А) 50
В) 20
С) 40
Д) 60
19. Есепті шығар:
Ақ қайың – 45 жыл
Емен — ? жыл, 3 есе артық ? жыл
А) 180 жыл
В) 135 жыл
С) 92 жыл
Д) 6075 жыл
20. Арман 60 теңгеден 2 сурет дәптер, 45 теңгеден 1 қалың дәптер сатып алды. Ол барлығы қанша ақша төледі?
А) 140 тг
В) 165 тг
С)120 тг
Д) 105 тг
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?