Көпбұрыштар. Математика, 2 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
| Мектеп: Көкшетау қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Мұғалімнің аты-жөні : Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | |||||||||||
Сабақ тақырыбы | Көпбұрыштар | |||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу) | 2.3.2.1 позициялар, бағыттар және қозғалыс туралы нұсқаулықты сақтап, нүктелік қағазда кесінділер, түзулер және геометриялық фигуралар салу 2.3.2.2 тік бұрыш сызу | |||||||||||
Сабақ мақсаттары | Нүктелік қағазда кесінділер, түзулер және геометриялық фигуралар салу мен тік бұрыш сызу дағдыларын қалыптастыру | |||||||||||
Бағалау критерилері |
| |||||||||||
Тілдік мақсаттар | Позиция, реттілік, бағыт, қозалыс. | |||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Еңбек және жауапкершілік. | |||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Қазақ тілі, жаратылыстану пәнімен байланысты | |||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Реттілік туралы түсініктерді дамыту | |||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||
Қызығушылықты ұйымдастыру 2 минут | «Ертеңгілік шеңбер» Мақсаты: Оқушыларды сабаққа ұйымдастыру, сабаққа қызығушылығын аудару, сабақ тақырыбын анықтауға мүмкіндік туғызу. Оқушылар шеңбер құрып тұрады. Оларға пішіндер таралып беріледі де, топ құрауын сұрайды. /оқушылар төртбұрыштар, үшбұрыштар және көпбұрыштар болып бөлінеді/. -балалар, сіздер қандай заңдылыққа сүйене отырып топ құрастырдыңыздар? /Балалардың жауаптары/
Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру. | слайд | ||||||||||
Сабақ басы 5 мин 5 мин 15 мин 3 мин 5 мин 3 мин | (Ұ) Өткенді еске түсіру. Мақсаты: оқушылардың геометриялық пішіндер туралы білімдерін қайта жаңғырту, бекіту, бір-бірімен ақпарат алмасу. «Сен маған-мен саған» Геометриялық пішіндер бойынша оқушылар бір-біріне сұрақ қояды, жауап береді, түсіндіреді, дәлелдейді. (Ұ)Жаңа сабақ. Мақсаты: оқушының білімін анықтау арқылы оған бағыт бағдар беру, жаңа білімді бекіту, позицияларды сақтай отырып, бұрыштар салу. Мұғалім тақтадан үшбұрыш және төртбұрыш геометриялық пішіндерін көрсетеді.
/оқушы тақтаға шығып, өз нұсқасын көрсетеді. Тексеріледі, түзетулер мен толықтырулар енгізіледі/.
/бесбұрыш/ -дұрыс айтасыздар, бұл геометриялық пішін құрастырудың бір үлгісі. (Т)Талқылаймыз. Мақсаты: бұрыштар салу, және олардың айырмашылығын анықтау дағдыларын дамыту. 1-топ: геометриялық пішіндер дегеніміз не?
2-топ: қандай бұрыш түрлерін білесің?
3-топ: геометриялық пішіндер неден құралады?
Тапсырма түсіндіріліп болған соң бағалау критерийімен таныстырылады.
Жоғарғы балл -3 балл. Әрбір тапсырмаға 1 баллдан беріледі. /Топ оқушылары тапсырманы орындап болған соң, бір-бірінің жауабын тыңдайды, бірін-бірі бағалайды/ (Т,Ж) Мақсаты: жұппен жұмыс жасай білу, сызба барысында позицияларды ескере отырып, геометриялық пішіндер сызу. Тапсырма: жұптаса отырып, геометриялық пішіндер сызу. Сызба барысында позициялардың сақталуын ескеру. 1 –топ: тік төртбұрыш, шаршы, трапеция 2-топ: тең бүйірлі үшбұрыш, тең қабырғалы үшбұрыш, тік бұрышты үшбұрыш. 3-топ: бес бұрыш, алты бұрыш, жеті бұрыш
«Жұптық бағалау» әдісі бойынша бағалайды. Бағалау критерийі:
Жоғарғы балл-3 балл. | слайд Постер құрастыру Слайд А4 форматындағы қағаздар, слайд | ||||||||||
Сабақтың соңы 2 мин | (МК) Кері байланыс. Жұмысты орындауда не қиын, не жеңіл болды? Неліктен? + Мен ................ үйрендім. -Маған .............. қиын. Өзін-өзі бағалау Оқушылар өз жетістіктерін смайликтер арқылы бағалайды. | Смайликтер арқылы бағалау | ||||||||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||
Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар үшін тапсырманы күрделендіру: Қабілеті жоғары оқушылар ережелерді, сұрақтарды өз бетінше құра алады. | Сергіту сәттерінде, белсенді жұмыс түрлерін өткізуде қауіпсіздік техникасын сақтау | |||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?