Бірнеше есе кемітуге есептер. Математика, 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән:Математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3C бөлім Санды өрнек әріпті өрнек Теңдеулер

Күні

Сынып: 2А

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:Иманбаева Н З

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Бірнеше есе кемітуге есептер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.5.1.4 санды бірнеше рет арттыру/кеміту есептерін талдау және шешу; еселеп салыстыру, кері есептер құру және шешу

2.5.1.6 әрекеттер таңдауын негіздеу және көбейту мен бөлу есептерін шешу тәсілдерін түсіндіру

2.5.1.7 2 амалмен шығарылатын есептерді модельдеу және шешу (есе арттыруға/кемітуге; еселік салыстыруға берілген қарапайым есептердің түрлі комбинациясы)

Сабақ мақсаттары

Санды бірнеше есе арттыруға, азайтуға байланысты есептерді талдау және шешу; кері есептер құрастыру;

Көбейту және бөлуге байланысты қарапайым теңдеулер шешу;

Өрнекті оқу және жазу кезінде көбейту әрі бөлу амалдары компоненттерінің атауларын қолдану.

Бағалау критерийлері

Бірнеше есе кемітуге есеп шығарады.

Бірнеше есе кем санды табуға үйренеді

Тілдік мақсаттар

өрнек

Құндылықтарды дарыту

Топтық жұмыс барысында өзара жауапкершілік, сыйластық, өзара түсіністік құндылықтары қалыптасады.

Пәнаралық байланыстар

Тірек сөздерді қолдану арқылы қазақ тілі ағылшын тілі орыс тілі пәндерімен байланыс орнады.

АКТ қолдану дағдылары

Бастапқы білім

Оқушылар бірнеше есе арттыруға есептер шығаруды біледі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Психологиялық дайындық

Үлкенге де Сіз,

Кішіге де Сіз

Бар адамға құрметпен

Бас иеміз Біз

Ж) Үй жұмысын тексеру ауызша мадақтау

- ОМ таныстыру

Бірнеше есе кемітуге есеп шығаруды үйренетін боласың.

Бірнеше есе кем санды табуға үйренесің

Ережемен таныстыру (оқушылар оқулықтан өзі оқиды)

Санды бірнеше есе кеміту дегеніміз- cанды сол санның өзіне бөлу деген сөз. Мысалы: 12-ні 3 есе кеміту, яғни 12:3.

Әр жұпқа 3,6,9,12,15,18,21,24,27,30 сандары жазылған кеспеқағаздардың жиындарын тарату. Оқушылар кезекпен кеспеқағаздарды алып, кеспеқағаздан 3есе кем санды атайды.

Кеміт

3 -ке кеміт

24

27

30

x

3 есе кеміт

24

27

30

x

Нәтижесін салыстыр Не байқадың?

(Т) Ән салатын домбыра

оқулық,

әр жұпқа 3,6,9,12,15,18,21,24,27,30 сандары жазылған кеспеқағаздаржиындары

ламинатталған қағаздар, маркерлер

Сабақтың ортасы

Лашындар мен қарлығаштар

Есептің шартын, сұрағын,шешуін және жауабын салыстыр.

Оқушыларға ұлттық ойын ережесін түсіндіру. Екі команда ойыншылары бір біріне арқаларын сүйеп тұрады. Егер жүргізуші ла- немесе қар бөліктекрін айтса, ойыншылар тұра береді. Егер сөздер «лашындар» , «қарлығаштар» деп толық айтылса, онда ойыншылар шашыра кетеді. Салыстыру нәтижесінде оқушылар санды бірнеше бірлікке кеміту және бірнеше есе кеміту кезінде әртүрлі нәтиже шығатынына көз жеткізеді.

Ұлдар – 12

Қыздар-? 2 -еуі кем

Ш: 12-2= 10 (қ)

Ж: командада 10 қыз бар.

Ұлдар – 12

Қыздар-? 2 есе кем

Ш:12:2=6 (қ)

Ж: командада 6 қыз бар.

(Ж) Алдар көсе

Алдар көсе таңғажайып оқиғалар ойлап табатын. Ол жануар туралы 20 таңғажайып оқиғалар байлық туралы одан 5 есе кем оқиға ойлап шығарды.Алдар көсе барлығы неше оқиға ойлап шығарды.

Есепті жетелеуші сұрақтар қою арқылы талдау.

Жануарлар туралы неше оқиға болды?

Байлық туралы неше оқиға болды?

Енді барлығы неше оқиға болғанын білуге бола ма?

Жануарлар туралы – 20

Байлық туралы-? 5 есе кем ?

20:5=4 (о) -байлық туралы

20+4=24 (о) барлығы

(20:5)+20=24 Алдар көсе 24 оқиға ойлап тапты

Жауабы Алдар көсе барлығы 24 оқиға ойлап тапты.

Орындап көр

Оқушылар екі еселік салыстыруға есеп құрастыру керек.

  • айырмалық салыстыру
  • еселік салыстыру

Есептердің мәтінін оқушылар ауызша айтып, шешуі мен жауабын дәптеріне жазады.

Тапсырманы орындаған соң жұпта өзара талқылау, тексеру жұмысын жүргізу.

(Ж) Жайлауда

А. Отарда 36 қара қой бар. Ал ақ қойлар саны одан 4 есе аз. Отарда қанша қой бар?

Жауабы: 9 ақ қой

Ә) Үйірде 18 жылқы бар, ал құлындар одан 2 есе аз.Үйірде қанша жылқы мен құлын бар?

Жауабы: 27 жылқы мен құлын

Сабақтың соңы

Сабақты бекітуге арналған тапсырма

Әже 20 бауырсақ пісірді. Келесі жағдайда қанша бауырсақ қалады?

  • Егер бауырсақ санын 4-ке кемітсе ше?
  • Егер бауырсақ санын 4 есе кемітсе ше?

Кері байланыс:

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

«Кеміт»,«Алдар көсе»,

«Жайлауда», «Орындап көр» тапсырмаларын орындау барысында қиындық туындаған оқушыларға жеке қолдау көрсету

Әр оқушыныі жетістігіне баға беру үшін сабақ бойына бақылау жүргізу.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақталу сергіту сәтін орындау барысында қарастырылады



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу