Рим сандары. Математика, 2 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: математика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2 В тарау «Уақыт аралығы туралы түсінік» | Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Мерзімі: 2 - тоқсан | Мұғалімнің аты-жөні: Сейсембаева С.И. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 2 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Рим сандары | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 2.1.1.7 Сандарды рим және латын цифрымен нөмірлеу туралы білу | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Римдік сандарды танитын болады.Рим сандарын 50-ге дейін жаза алады. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Қолдану: сағаттың моделінен (суретінен рим сандарымен жазылған ұғымдарына сай уақыттарды көрсете алады; циферблатта көрсетілген уақытты терминдерді дұрыс қолдана отырып, айта,оқи алады. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Рим саны, шығу тарихы, оқылуына байланысты сөздерді пайдалану. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Оқушылар уақытты босқа өткізбеу керектігін түсінеді. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Сабақ ғылымға кіріспе, дүниетану, өнер пәндерімен байланысады. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ | АКТ – да мультфильмдер, суреттер көрсетіледі. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Уақыт өлшем бірліктері туралы түсінік алды. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 5 минут | (Ұ Сағаттың суретін көрсетіңіз, сіздің қалаңыздағы қоғамдағы орындағынікі болса жақсы, мысалы, теміржол бекетіндегі рим цифрлары бейнеленгенсағатты талқылаңыздар: бұл сағаттарды кімдер көре алар еді? Бұл оларға не үшін керек?
Балалар: Екінші сағаттың цифр көрсеткіші рим цифрымен көрсетілген. Логикалық тапсырмалар. Екі бала 3 сағат бойы шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады? |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ ортасы 30 минут | (МК) Рим сандары – сандарды белгілеу үшін қолданылатын таңбалау жүйесінің дәстүрлі аты. Рим сандары жүйесі ондық разрядтар мен олардың жартысы үшін айрықша таңбалар енгізуге негізделген: Рим сандары — таңбалау жүйесінің сандарды белгілеу үшін қолданылатын дәстүрлі атауы. Б.з.б. 500-жылдар шамасында этрускілерде пайда болып, Ежелгі Римде қолданылған. Рим цифрлары жүйесі ондық разрядтар мен олардың жартысы үшін айрықша таңбалар енгізуге негізделген: Кез келген натурал сан осы цифрларды қайталау арқылы жазылады. Егер бұл жағдайда үлкен цифр кіші цифрдың алдында тұрса, онда олар өзара қосылады (қосу принципі), ал егер кіші цифр үлкен цифрдың алдында тұрса, онда кіші цифр үлкен цифрдан алынады (азайту принципі). Соңғы ереже бір цифрды төрт рет қайталап жазбау үшін қолданылады. Мысалы: VІІ=5+2=7, ІX=10–1=9, XІV=10+(5—1)=14, XXL= =50—10—10=30, XXXІІІ=10 +10+10+1+1+1=33, т.б. Рим цифрлары арқылы жазылған көптаңбалы цифрларға арифметикалық амалдар қолдану өте қолайсыз. Қазір Рим цифрлары көп қолданылмайды. I = 1 Х =10 С = 100 М = 1000 V = 5 L = 50 D = 500.
Алғашқы 12 сан рим цифрымен былай жазылады: I, II, III, IV, V, VI, VII, VIII, IX, X, XI, XII Мысалы: XXVIII = 28, XXXIX = 39, CCCXCVII = 397, MDCCCXVIII = 1818. (Ө/Ж, Қ) Оқушылардың рим цифрларымен өздерінің жасын көрсетуін сұрау. Олардың өздері үшін маңызды V зат туралы ойлауын (мысалы достарының немесе отбасы мүшелерінің саны) және олардың қанша екенін рим сандарымен атауын сұрау |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия. Ламинад қағазға жазу арқылы мына сандарды рим цифрларымен көрсет: 45, 16, 50, 20. | Смайликер | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қабілеті жоғары оқушылар рим сандарын 100-ге дейін қалай меңгергенін күрделі сандардың рим түрінде көрсетулерін сұрау арқылы байқау. Рим сандарының шығу тарихын біледі. | Ламинад қағаз бойынша берілген тапсырмалар арқылы бағаланды. | Дүниетану, тарих және АКТ пәндерімен байланысты. Рим сандарының тарихы, оны қай кезде қолданатынымызды білді. |
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: қазақ тілі және әдебиеті Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4-бөлім. Айналамыздағы дүние | Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||
Мерзімі: 2- тоқсан | Мұғалімнің аты-жөні: Құрмансеитова Р.М. | |||||
Сынып: 2 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Суретпен берілген өлеңдерді оқу | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | Т/А3 Тыңдалған материал бойынша жауап беру және мазмұндау 2.1.3.1 Баяндау арқылы оқиғаны өз бетінше мазмұндай алады Т/А8 Мультимедиялық құралдарды қолдану арқылы тыңдау және өз пікірін білдіру 2.1.8.1 Талқылауларға қатысып, өз пікірін білдіреді.
О4 Сұрақтар қоя білу және бағалау 2.2.4.1 Өз тәжірибесімен байланыстыра отырып, оқиғалар, кейіпкерлер туралы сұрақ қоя біледі және пікір айта бастайды. О8 Мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау 2.2.8.1 Мұғалімнің көмегімен түрлі мәтіндердегі сөйлемдер мен әдеби көркемдегіш құралдардың қолданысын салыстырады. | |||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылардың көркем әдебиетке қызығушылығын арттыру | |||||
Жетістік критерийлері | -мұғалімнің көмегімен сөздерді орынды қолдана отырып, берілген тақырып бойынша шағын өлең құрап жаза алады; -өлең жолдарын еске сақтайды, белгілі уақыт ішінде жаза алады. | |||||
Сөздік қор
| Сурет бойынша әңгіме құру барысында оқушылардың сөздік қоры молаяды, жеке сөздерді үш тілде айтып үйренеді. | |||||
Құндылықтарды дарыту | Сабақта оқушылардың қызығушылығы, сауаттылығы артады. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Сурет желісі бойынша өлең айту кезінде ғылымға кіріспе және дүниетану пәнімен байланыс жүзеге асады. | |||||
АКТ | Интернет желілерінен өлеңдер іздестіреді. | |||||
Алдыңғы меңгерілген білім | сурет бойынша талқылау жасап, өз ойын, пікірін білдіріп үйренді. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 10 минут | (Ұ) Оқушылар шеңберде отырып, өздері білетін тақпақтарын айтады. (ОТ) Айтқан тақпақтарының не туралы екеніне талдау жасайды. Автор осы өлеңді жазған кезде қандай сезімде болды, не туралы ойлады? | Глобус | ||||
Сабақ ортасы 25 минут | (Ұ) Оқушыларға глобустың суреті көрсетіледі. Осы суретті пайдалана отырып, бір шумақ өлең жазатыны хабарланады. Көз алдарыңа не елестеді? (Ұ) Оқушылар аудиодан өлең тыңдайды. Талдауға сұрақтар:
- Өлеңнің ерекше әсерлі тұсын табуын; - Басқалардың ойын тыңдап, өз пікірін айту. (Ж) Кім есіне қанша сөз сақтай алды? 1 минут уақытта қанша сөз жаза алады есептеу. (Т) Әр топқа жыл мезгілдері туралы өлең беріледі. Өлеңді оқиды, талдайды. Өлеңге сәйкес сурет салады. Тақтаға іледі.
1-топ. Жаз. Жаз келді, алақай! Ойнаймыз далада. Үйіңде отырмай, Жүріңдер балақай! 2-топ. Күз. Алтын, сары, қызыл, көк, Алуан-алуан жапырақ. Күзгі бақта күлімдеп, Көз тартады атырап. 3-топ. Қыс. Далада қар борайды, Ақ мамыққа орайды. Мұз болады, қатады, Жып-жылтыр боп жатады. 4-топ. Көктем. Бүршік шашып, жапырақ ашып, Даланы гүлдер басады. Сұлу көктем есігін ашып, Шуағын бізге шашады. (Ұ) Оқушыларға күн сәулелері беріледі. | https://www.youtube.com/watch?v=UKrcFg7Sn14 https://www.youtube.com/watch?v=6JAdbNkc970 суреттер
| ||||
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия. Күннің сәулелеріне жазған сөздер тақтаға ілінеді. Келесі сабақта осы сөздерден өлең құрастырылады. |
| ||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Жазу қабілеті жоғарылау оқушыларға суреттерді ретімен құрастыра өлеңдерді жазу ұсынылады, ал қабілеті төмен оқушыларға ауызша әңгіме құрастыру ұсынылады. Оқушылардың әр іс-әрекеті бағаланып, мадақтау сөздер мен шапалақтау және смайликтер беріледі. Оқушыларға қажетті сөзді таңдап және фразаларды өңдеп жетілдіруі мен түзетулері үшін бағытталған жазу (кіріспе, есте сақтау, көрсету) арқылы қолдау көрсетіледі. | Төменде аталған қабілеттерін бағалау: - өлеңнің тақырыбын, жеке сөз немесе сөз тіркесіне қарай ұнаған жерлерін айта білуін; - өлеңнің ерекше әсерлі тұсын табуын; - басқалардың ойын тыңдап, өз пікірін айта алуы. | Сергіту сәті өткізіледі. Ойын кезіндегі қауіпсіздік ережелері айтылады. |
1-топ. Жаз.
Жаз келді, алақай!
Ойнаймыз далада.
Үйіңде отырмай,
Жүріңдер балақай!
2-топ. Күз.
Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
3-топ. Қыс.
Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды.
Мұз болады, қатады,
Жып-жылтыр боп жатады.
4-топ. Көктем.
Бүршік шашып, жапырақ ашып,
Даланы гүлдер басады.
Сұлу көктем есігін ашып,
Шуағын бізге шашады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?