Қымбат - арзан. Математика, 1 сынып, сабақ жоспары.
Пән: математика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4A бөлім: Күнделікті өмірдегі есептеулер Күні:11.04.17 Сынып: 1А | Мектеп: НЗМ Көкшетау қаласы Мұғалімнің аты-жөні: Сабитова А.С. Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақ тақырыбы | Қымбат - арзан |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.1.3.6 1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 тг тиындарымен түрлі операцияларды орындау 1.5.1.2 орынды, бағытты, заттардың арасындағы қашықтықты анықтайтын сандарды, заттарды, тауар бағаларын/терминдерді салыстыру кезінде қолданылатын ұғымдарды пайдалану 1.5.1.6 амалдарды таңдауын негіздеу және қосуға, азайтуға қатысты есепті шешу әдісін түсіндіру |
Сабақ мақсаттары | 1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 тг тиындармен әр түрлі амалдар орындайды.Азайту амалына берілген есептерді шығаруды үйренеді. |
Бағалау критерийлері | Айырмалық салыстыруға берілген есептерді шығарады. Кері есеп құрастырады және шығарады Тауар бағаларын салыстыру кезінде «арзан», «қымбат» терминдерін пайдаланады. |
Тілдік мақсаттар | Арзан, қымбат |
Құндылықтарды дарыту/әлем азаматы/көпмәдениеттілік /интернационализм | Еңбек және шығармашылық |
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану |
Бастапқы білім | Саудаға қатысты есептерді шығара алады және кері есептер құрастырады |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||
Сабақтың басы 2 мин | (Ұ) Ұйымдастыру кезеңі: Біз балдырған баламыз, Құстай қанат қағамыз. Дүниені аралап, Оқып білім аламыз. Көзді салып қараңыз, Былай қанат қағамыз. Есеп шығарып, бәрін біліп, Біз білімді боламыз! -Балалар,бұл өлең не жайлы? -Қай сөзді қарамен көрсетіп қойдым?Неліктен | Интерактивті тақтада жазылған өлең жолдары. | ||
Сабақ ортасы 3-5 мин 5-7 мин 3-5мин 10 мин 10 мин | Жаңа сабақ тақырыбы мен мақсатын айту. Ұ) Ойын «Кім тапқыр?» ауызша есептеу тәсілі бойынша есеп. -30тг -70тг қымбат? Т,Қ) Ойын «Дүкенде» (Ойынның шартымен таныстыру) -Балалар,адамдар дүкенге не үшін барады? -Қазір біз де дүкенге саяхат жасап көреміз. «Жеміс-көкөністер » дүкені Бұл дүкенде не болуы мүмкін?(Балалардың жауаптарын тыңдау) -Ал дүкенде кімдер жұмыс істейді? –Сатушылар, күкеншілер. Ендеше, бізге бұл ойынды ойнау үшін сатушы мен тұтынушы қажет. Тұтынушы 2-3 тағам сатып алып,100 теңгелік монета төлейді.Сатушы азық- түліктің құнын есептеп,қалдық ақшасын қайтарады. Топ ішінде балалар қандай зат алатыны жайлы ақылдасып, дүкенге 2 оқушыны жібереді.Әр топтан 2 оқушыдан шығып , қалаған заттарын алады.Топта қалған балалар сатушыдан қайтарым ақшасын есептейді, А3 қағазына шартын құрып жазады.Топқа оралған тұтынушылар келіп түсіндіреді. Егер дұрыс қайтарым ақша әкелген болса,қол шапалақтап мадақтайды.Соңында сатушыға да ризашылығын білдіреді. -30 тг -50тг 100тг-30тг-50тг= 20 тг (қайтарым ақша) (Т,Қ) Оқушылар жалпы кұнын және 100 теңгеден қайтарылған ақшанын көрсететін таңдауларынын жазбасын жазады. (Т,Ж) Оқушыларға теңсіздікті зерделей отырып, салыстыру белгілерін ( <;>, =, ≠) пайдаланғанымызды естеріне салып, топтар немесе жұптар төлемдерді салыстырады. Мына сусын туралы не білесіңдер? Олардың құндарын салыстырып жазғызу. -45 тг55тг -25 тг-50 тг Салыстырады.Есеп құрады. (Ұ) Оқулықпен жұмыс. Есепті шығар: Асан,Үсен және Есеннің 50тг,20тг,100 тг ақшасы бар.Есеннің Асаннан 50 теңгесі кем. Есеннің Үсеннен 30теңгесі артық, Кімде қанша ақша бар? 1-топ Шарты 2-топ Сұрағы 3-топ Шешуі 4-топ Жауабы (Ұ) Карточкамен жұмыс | монеталар Екі бөлікке бөлінген әртүрлі теңге монеталар Теңге монеталар салынған қобдишалар | ||
Сабақтың соңы 5 мин | Бекіту сұрақтары: Рефлексия: -Балалар, әр топтың алдында түрлі іс-әрекеттегі смайликтер бар.Әр топ бүгінгі іс-әрекеттеріне байланысты смайликті таңдап алсын және өз таңдауын түсіндірсін.
-Кім критерийлерге жетті? -Қандай қиындықтар болды? -Қандай тапсырма қызықты болды? «Өз жетістігін бағалау» парағы Оқушыларға жасыл және сары стикерді таңдап, өз жеке жетістігін бағалау ұсынылады. | Түрлі іс-әрекеттегі смайликтер Өз-өзін бағалау парағы мен стикерлер | ||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||
Қабылдау деңгейі жоғары оқушыларға теңгемен байланысты өрнектерді шығаруды тапсырамын. | Оқушылардың монета теңгелерді ажырата алуы мен есептеуде қолдана алу қабілеттерін бағалаймын. Номиналы әр түрлі монеталармен төлем жасаудың 2-3 әдісін көрсете алуын бағалаймын. | Сергіту сәті | ||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | ||||
Қорытынды бағалау Сабақтың ең ұтымды кезеңдерін атаңыз. 1: 2: Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі сәтті атаңыз. 1: 2: Келесі сабақтың өткізуіне септігін тигізетіндей осы сабақтан сынып және жеке оқушылар жайлы не білдім? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?