Қысқы математикалық ойындар. Математика, 1 сынып, сабақ жоспары


Қысқамерзімді жоспар

Сабақ: Математика

Мектеп: Талдықорған қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Кудабаева А.К

Сабақтың тақырыбы: Қысқы математикалық ойындар

Мұғалімнің аты-жөні: Кудабаева А.К

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.3 Шамалар және олардың өлшем бірліктері

Сабақтың мақсаттары

1.1.3.3 ** Ұзындық: см, дм/ масса: кг/ көлем (сыйымдылық): л/ уақыт: с. шамасы мәндерін салыстыру және шама мәндерін қосу мен алу әрекеттерін орындау.

1.1.3.4 Ұзындықты өлшеу бірлігін: см, дм олардың арасындағы арақатынастар негізінде түрлендіру.

Тілдік мақсаттар

• сыйымдылық, көлем

  • ... қарағанда үлкен, .... қарағанда кем, тең, шамамен, жуық

• салыстырыңыздар, тексеріңіздер, салыстыра отырып тексеріңіздер, көрсетіңіздер

Құндылықтарды дарыту

Өзара сыйластыққа тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, Ғылымға кіріспе пәндерімен байланыс

Бастапқы білім

100-ге дейін жұп, тақ сандармен, ондықтармен тура және кері санай алуы; оқуы, жазуы, бір таңбалы сандарды қосуы.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

  • минут

Сан түзуіндегі сандар қатарын еске түсірейік.

((Ұ) Оқушылар жұппен бір сызық бойына тұрады (қолдарында сандар жазылған карточкалар).

Тапсырмалар, слайд

Сабақтың ортасы

30 минут

1-тапсырма.Буратиноға көмектесіп, жауабын сызықпен байланыстырып көрсетіңіз.

2-тапсырма.Өрнектердің мәнін табыңыз.

3-тапсырма. Кесінділердің ұзындығын өлшеңіз және нәтижесін жазыңыз.

4-тапсырма.Сурет бойынша асқабақтың массасын анықтаңыз. Өрнек құрастырып жазыңыз және мәнін есептеңіз.

5-тапсырма. Шайнекке неше литр су сыяды? Белгілеп көрсетіңіз.

Сабақтың соңы

2 минут

Қорытындылау

Рефлексия

-Бүгінгі сабақ кімге қиын болды? Кім түсінбеді?

-Кімде сұрақ бар?

-Кім бәрін түсінді, алға қарай жылжып басқа білім алуға дайын?

Қосымша ақпарат

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Өлшеу құралдары мен шамаларды таңдауда және өлшем жүргізуде қиналатын оқушыларға көмек көрсету.

Оқушылардың өлшеу құралдары мен шамаларды таңдауы және өлшем жүргізулері бағаланады.

Сергіту сәті арқылы жүргізіледі.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?
Пікір жазу