Сабақтың тақырыбы Сандарды цифрлармен белгілеу. «3 саны және цифры». Математика, 1 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Пән: математика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1А Сан туралы ұғым | Мектеп: Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||
Күні: 9.09.2015ж. | Мұғалімнің аты-жөні: Сарыева А.Т. | ||||||
Сынып: 1В | Қатысқандар саны:20 Қатыспағандар саны: 0 | ||||||
Сабақтың тақырыбы | Сандарды цифрлармен белгілеу. «3 саны және цифры» | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
1.1.1.5 Сандық кесінді туралы білу | ||||||
Сабақ мақсаттары | Цифрді саннан айыра білу; бір таңбалы сандарды нүктелер, сүйектер, домино жиынтықтары, санды түзуде нүктелермен және т.б. көрсете білу. | ||||||
Жетістік критерийлері | Натурал сандар қатарында 3 санының орнын таба алады; 3 санын алу жолын біледі; 3 цифрын жазуды меңгереді. | ||||||
Тілдік мақсаттар | Бір, екі, үш, сан түзуі, келесі, түсіп қалған сан, сан, цифр, «кейін...», «... санының алдында болатын сан...», «алдыңғы», «келесі». | ||||||
Құндылықтарды дарыту | |||||||
Пәнаралық байланыстар | Сынып оқушылары цифрларды тінтеуірден тауып, жазу барысында АКТ пәнімен байланыс, ал «келесі», «алдыңғы» т. с. сөздерді пайдаланып ауызша сөйлеу барысында қазақ тілі пәнімен байланыс жүзеге асады | ||||||
АКТ қолдану дағдылары | Сандарды пернетақта арқылы жазып көреді | ||||||
Бастапқы білім | Оқушылар күнделікті өмірде немесе балалар бақшасында сандар ретімен санауды, цифр мен сан туралы білу тәжірибесіне сүйенеді | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы |
Санамақ айту: Бір дегенім – бесік, Шықтық содан өсіп. Екі дегенім – елім, Далам, тауым, көлім. Үш дегенім – үміт, Үміт артар жігіт. Төрт дегенім – төзім, Төзе білем өзім. Бес дегенім – бақыт, Бағалайтын уақыт.
| Сан қатары, 3 цифрының үлгісі (баспа және жазба); үш орам жүн жіп; әр оқушының партасына үш дөңгелек қағаз. | |||||
Сабақтың ортасы
|
(Ұ) Сан қатары бойынша жұмыс жүргізу. - 3 саны қай саннан кейін келеді? - 3-тің алдында қандай сан тұр? - Осы сандардың қайсысы үлкен/кем? - Неліктен? Үш санын немен байланыстыруға болатынын қарастыру (Үш би, үшбұрыш, бағдаршамның үш көзі – 2-4 слайд) 3 санын пернетақтадан кезекпен 2-3 балаға жазуды ұсыну. (ЖЖ) Оқушылармен 3санның құрамын талдау және 3-ке дейін санауды жұпта қайталауды ұйымдастыру. (Тапсырманы орындауға қиналатын оқушыларға дөңгелектерді пайдалануға болатынын ескерту). Оқулықтағы «Әрбір балада планшет болу үшін тағы қанша планшет керек?» тапсырмасын орындауды ұсыну. Оқушылар суреттегі бала саны мен планшет санын салыстыра отырып, санауы тиіс.
«Шаңғышыға кедергіден өтуге көмектес». Оқулықтағы (21- бет) сурет бойынша жұмысты жүргізу барысында оқушыларға жауабын түсіндіргенде мынадай сөз тіркестерін қолдану керектігін ескерту: «кейін...», «... санының алдында болатын сан...», «алдыңғы», «келесі». Қиындық туғызатын оқушыларға қайталату және сынып бөлмесінде жіпке керілген сан қатарын пайдалануға болатынын ескерту. Сергіту сәті «Көңілді күн». (Ө) Дәптермен жұмыс (14-15 бб.) 1. Оқушылар 3 цифрын оған сәйкес келетін зат санымен сәйкестендіріп, үш көбелекті салады. 2. Оқушылар әрбір алма ағашта үш алмадан болу үшін алмалардың суретін толықтырып салады. Сонда әр қатардағы алма ағаш алмаларының санын салыстырып қарап, қосындысы 3 болатын сандарды табу арқылы сан құрамы туралы білімдерін бекітеді. 3. (МК,Ө) 3 цифрын жазу үлгісі берілген соң (жазу кезінде әрбір қадамды дауыстап айтып отыру) оқушылар цифрдың неше элементі барын айтып, дәптердегі үлгіге қарап жолды толықтырып жазады. | ||||||
Сабақтың соңы | Сабақ соңында оқушылар сабақты қаншалықты түсінгенін тексеру үшін мынадай сұрақтар қою:
| ||||||
Дифференциация – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Оқушылармен 3 санның құрамын талдау және 3-ке дейін санауды жұпта қайталауды ұйымдастыру барысында тапсырманы орындауға қиналатын оқушыларға дөңгелектерді пайдалануға болатынын ескерту.Санауға, цифрларды жазуға қиналатын оқушыға дербес қолдау көрсету. Қабілеті жоғары оқушыларды санауға қиналатын оқушымен жұптастырып санауды тапсыру. | Оқушылардың натурал сандар қатарында 3 санының орнын таба алатындарын; 3 цифрын жаза алатынын бақылау арқылы бағалау. Санауға киналатын оқушыларды жазып алу. 3 санын құрамын жеке шаблонда орындалуын бағалау. | Сергіту сәттерін өткізу. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?