Тұрмыс-салт жыры. Төрт түлік мал. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, дидактикалық материал.


Пір - деген өте қасиетті сөз. Пірлік деп белгілі бір саланың маманын, жетілген адамын айтады. Пірлік жол көрсететіндей, ауру сырқауы, жолдас адасқаны, жаны күйзелгенде қолтығынан демейтін дәрежелі адам болған.Түйе пірі - Ойсыл қара деп жүрген Увайс Қарани шын мәнінде өмірде болған адам. Пайғамбар дәуірінде өмір сүрген өмірін түйе бағумен өткізген. Сиыр пірі - Зеңгі баба. Бұлда өмірде болған адам. Халық ауыз әдебиетінде Зеңгі баба өмірін сиыр бағумен өткізген, сопылық ілімін жақсы ұстанғанының бірі, түркілер арасында пір болған, ұлықтардың пірі болған адам.

Жылқы атасы - Қамбар ата туралы халық арасында әр түрлі дерек бар. Мысалы, Сайын далада ұшқан құспен, даланың бөкені, киігімен жарысып өскен, атқа мініп жауға шапқан адамнан артық керемет болған емес. Сондықтан халық атқа мініп, елін жаудан қорғаған ерін, пір тұтуы көңілге қонымды әрі қолайлы жағдай.Қой атасы - Шопан ата. Зерттеушілердің пікірінше 13 - 14 ғасырларда өмір сүрген. Ол халық жадында шопандық кәсіптің пірі ретінде аңыздық тұлға болып сақталады. Ешкі пірі - Сексек ата. Шежірелік дерек бойынша Қазығұрт тауының бауырында Тұрбат деген жерде жерленген Исмайыл атаның баласы. .

Төрт түліктің пайдасы

Төрт түлік малдың ең қасиеттісі түйе болып табылады. Қазақ халқы түйені дала кемесі деген. Ол шөлге шыдамды, жүк артса - көлік, жесе - ет, ал жүні - киімге жараған. Қазақтар түйенің жүнінен жүн шапандар киген, ол жеңіл, жұмсақ әрі қыста жылы болған. Тағы түйенің жүнінен тек жамылғы көрпелер жасаған, аяқ асты тастауға болмайды деп төсеніштер жасамаған. Түйенің шудасы қайнатып, емге пайдаланған, ал терісінен ер қаптаған. Ал сүтін болса емге пайдаланған. Сүті қою, құнарлы. Сүтінен шұбат, құрт, балқаймақ, т. б. жасаған.Сиыр малың қазақтар көбінесе тамаққа жараған сиырды кейде көшке де, егіске де пайдаланып отырған. Сиыр да үйдің берекесі, айран - сүттің көзі, отбасының асыраушысы ретінде қадірлі мал болған. Ертеде сиыры жоқ үй ас - ауқаты кедей болып есептелген. Ертеде сиырдың терісінен құдықтан су тартатын қауға ыдыстар, қымыз ашытатын сабалар, сусын құятын торсықтар жасаған. Тіпті сиырдың тезегін отын ретінде, егіншілікке пайдаланған. Ал мүйізінен тарақ жасаған.Қой төрт түліктің ішіндегі қазақтың сүйіктісі «Мал өсірсең қой өсір, пайдасы оның көл көсір» деген қазақ атамыз. Өзі өсімтал, тез ет алып қонақ кәдеге жарап отыратын, сүті майлы әрі пайдалы. Қой мен ешкінің иленген терісі түрлі сырт киім мен аяқ киім тігуге пайдаланған. Қойдың жүнінен киіз басып, жіп иіріп, баулар жасалады, кілемдер, текеметтер тоқылады.Қазақ халқы қой мен ешкіні «уақ мал» деп атайды. Ешкі өте өсімтал мал. Ешкінің еті жеңіл, әрі сіңімді, сүті өте құнарлы. Ешкінің сүттісін арнайы ұстап, ана сүтіне жарымаған баланы ешкі сүтімен асыраған. Ешкінің серкесін әрдайым қойдың отарына қосып отырады, оның бүкіл отарды бастап, жайылымға апарып, әкелетін қасиеті бар. Ешкі жеңілтек мал деп есептелген, мінезі ұшқалақ, шыдамсыз баланы «ешкі құсап селтеңдеп» деп ешкіге теңеп отырады. Тағы ешкінің жүнінен түбіт орамалдар тоқиды. Ол жылы әрі жұмсақ болады.

Қазақтың қасиетті малдарының бірі - жылқы. Ат - ер қанаты. Жылқы жүйрік, әрі өте төзімді мал оны салт мінуге, күш көлік ретінде пайдаланады. Сайын далада ұшқан құспен жарысып, халық үшін атқа мініп жауға шапқан батырларымызда аз емес. Қымызды емге пайдаланған, бойыңды қыздырып қысты күні жылы әрі жұғымды болады. Жылқының жалынынан, құйрығынан арқан жіп есілді, етінен қазы - қарта, жал - жая жасайды.

Мақал мәтелдер: Сиырдың сүті – тілінде. Түйенің танығаны жапырақ.2.Ақсақ қой түстен кейін маңырайды.3.Малдың жәйін баққан білер, оттың жәйін жаққан білер.4.Жоғалып табылған мал олжа,Ауырып жазылған жан олжа.5. Ас қадірін білмесең, жаяушылық көрерсің, Ас қадірін білмесең, ашаршылық көрерсің.6.Аттың бәрі тұлпар емес, Құстың бәрі сұңқар емес.

Үйге тапсырма: Мульфильмді көріп, сұрақтар құрастыру. (2)

https://www.youtube.com/watch?v=7qBTK7eiSXI

Қошқар мен теке(қазақша мультфильм).mp4



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?
Пікір жазу