Әлемдегі атақты адамдар №11. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ

3-сынып (ОМЖ)

6-бөлім: Атақты адамдар

11-сабақ «Әлемдегі атақты адамдар»

Бұл сабақта оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың оқылым дағдысын қалыптастыру көзделеді.

Сабақта ұстанатын қағидалар:

  • Сабақты жоспарлау кезінде әр сыныптың ерекшеліктерін басшылыққа алуды ұмытпаңыз;
  • Аймақтың ерекшелігіне, тілдік ортаға, сыныптың деңгейіне қарай тапсырмаларды күрделендіруге немесе жеңілдетуге болады;
  • Сыныптағы оқушылардың қажеттіліктерін (аудиал, визуал, кинестетик) ескере отырып, саралау тапсырмаларын беруге болады;
  • Әр оқушының білім деңгейін, оның ілгерілеуі үшін не істеу керектігін білген өте маңызды;
  • Оқушыларды үнемі қадағалап, үнемі қолдау көрсетіп отырыңыз;
  • Сабаққа қажет ресурстарды алдын-ала дайындап, қажетіне қарай бейімдеңіз;
  • Ең басты міндет - мақсатқа жету.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты:

  • Ұйымдастыру кезеңінде оқушылар «Инфографика» әдісі бойынша суреттегі бейнеге қатысты ақпаратты жинақтайды, тірек сөздермен белгілейді. Топ мүшелері тірек сөздерді қолданып таныстырылым жасайды. Бұл әдіс арқылы оқушылар сабақтың тақырыбын болжайды және алдынғы білімдерін еске түсіріп жинақтайды.

Инфографика – хабарды, ақпаратты, білімді графикалық тәсілдер арқылы ұсыну.

Инфографика деп қандай да бір оқиғаны сипаттау немесе деректерді жеткізу мақсатында кез-келген мәтін мен графиканың үйлестіріліп берілуі. Инфографика – бұл ақпаратты визуалды түрде ұсыну. Көбінесе қиын ақпаратты тез, оңай және анық жеткізу қажет болғанда қолданылады. Инфографиканың қолдану аясы өте кең: ол географияны, журналистиканы, білім саласын, статистиканы, техникалық мәтіндерді қамтиды. Инфографика кең көлемді материалдарды ұйымдастырумен бірге, заттар мен фактілердің байланысын, ара салмағын уақыт пен кеңістікте көрнекі түрде көрсете алады.

  • Әр сабақтың басында мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын оқушыларға түсінікті тілмен жеткізуі керек. Оқушы осы сабақта нені білу керектігін жақсы түсінуі керек;
  • Сабақ барысында қажетіне қарай сабақ мақсаттарын оқушылардың естеріне түсіріп отырыңыз.

Жаңа сөздер:

  • Жаңа сөздердің мағыналарын суреттер арқылы түсіндіріңіз;
  • Қолдану ерекшеліктерін көрсетіңіз;.
  • Бірнеше рет қайталатып айтқызыңыз;
  • Сабақ барысында түрлі жағдаяттарда қолдатыныз.
  • Сөздерді меңгертуде сөздің аудармасын айтпаңыз;
  • Сөздерді сөздік дәптерлеріне жаздыртыңыз.

Сергіту сәті:

Ұзын құлақ, сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды,

Ойлы-қырлы жерлермен

Ытқып-ытқып жүгірді.

  • Оқушылар мәтінді бірге дауыстап оқиды, содан кейін қимыл арқылы көрсетеді.

Грамматикалық қоржын:

  • Мұғалім ойын ретінде өткізеді (тақта, қоржын, сөздер немесе суреттер);
  • Мақсаты: диалог арқылы меңгерту
  • Тақтада «Қалай?» сұрағы жазылады. Оқушылар жұптасып сұрақ және жауап ойластырады. Мысалдар қайталанбас үшін, әр жұпқа арнайы тақырып таратылады.

Мысалы, танысу: Сенің атың қалай? Менің атым Жанар.

1. қал-жағдайын сұрау

2. барар жолды сұрау

3. болған оқиғаны сұрау

4. бір нәрсені анықтау

5. көшенің атауын сұрау

6. денсаулығын сұрау

1-тапсырма:

  • Оқушылар мәтінді жеке оқып шығады;
  • Оқылым барысында түсінбеген сөздерді түртіп отырады;
  • Оқып болған соң, түсінбеген сөздер талқыланады;
  • Мұғалім оқушының түсінігін Мәтін не туралы? деп тексере алады.

Бағалауы:

  • Оқушыларды пайыздық көрсеткіші арқылы өзін-өзі бағалайды.

2-тапсырма:

  • Бұл тапсырманы оқушы жеке орындайды;
  • Әр сұрақ жеке әр оқушыға арналады (білім деңгейіне қарай);
  • Жабық сұрақтар мәтін бойынша нақты жауабын табады – деңгейі төмен оқушыларға бағытталған.
  • Ашық сұрақтар оқушыны өмірмен байланыс жасауға бағытталған – деңгейі жоғары оқушыларға беріледі.

Бағалау:

  • Мұғалім оқушының тақырып бойынша тірек сөздерді қаншалықты қолдана алуын;
  • Сұрақтың мазмұнын қаншалықты түсінгенін, жауабы қаншалықты дұрыс, толық бере алғанын;
  • Өмірмен байланыс жасай алуын бағалайды.

Кері байланыс оқушының оқыту үрдісі қалай өткені және қандай нәтижеге қол жеткізгендігі туралы ой-пікірін тыңдауға негізделеді. Кері байланыс сабақтың соңында ғана емес, сабақ барысында оқушылардың өз бетімен орындайтын тапсырмаларының соңында жүргізіліп отыруы керек. Мұғалім оқушының кез келген кері байланыс парағын оқи  отырып, жұмысының сәтсіз шыққан тұсын және сәтті шыққан қадамын, ендігі  іс-әрекетін қалай жақсартуға болатынын алдын-ала біледі. Сонымен қатар кері байланыс парағы арқылы оқушының үніне құлақ түріп, оқу мен оқытудағы кездесетін кедергілерді айқындап, келесі оқытуға бұдан да жақсырақ дайындалуына түрткі болады.

Рефлексия мақсаты - еске түсіру, өзінің  сабақ бойындағы іс-әрекетіне баға беру, талдау және мәселелердің шешу жолдарын іздестіру.

«Бағдаршам» тәсілі оқушылар өз істерінің мәнін түсініп, оны ойлану барысында  өзіне-өзінің нені, қалай жасағаны  туралы толық және анық есеп береді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Салымдар түрі: қалайша неғұрлым көп пайда табуға болады
» Қауіпсіз каникул: балаларыңызды алаяқтардан қалай қорғауға болады
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ
Пікір жазу