Әлемдегі атақты адамдар №11. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


11-сабақ «Әлемдегі атақты адамдар»

(Т) «Суретке қара, сөйле»

  • Ол қалай киінген?
  • Ол қандай адам?
  • Ол немен айналысқан?
  • Суретте кім бейнеленген?

Жаңа сөздер:

Өмір – тіршілік

қалай? – сұрақ

1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқы. Сөздерді тіркестір.

Чарли Чаплин – англияның әйгілі киноактеры. Оның өмірі кино саласында өткен. Сол замандарда фильмдер дыбыссыз болатын. Халық қалай оны түсіне білген? Чарли түрлі қимылдар мен күлкілі мимикалар көрсетіп түсіндірген. Ол үстіне тар костюм мен кең шалбар, аяғына үлкен аяқ киім, басына дөңгелек қалпақ киген. Қолына бамбук таяқ ұстап, халықты күлдірткен. Чарли пантомиманың шебері болған.

1

әйгілі

А) аяқ киім

4

қалпақ

В) шебері

2

дыбыссыз

Ә) кино

5

бамбук

Г) киген

3

үлкен

Б) киноактер

6

пантомимия

Ғ) таяқ

Сергіту сәті

Ұзын құлақ, сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды,

Ойлы-қырлы жерлермен

Ытқып-ытқып жүгірді.

2-тапсырма. Оқыған мәтін мазмұны бойынша төмендегі сұрақтарға жауап бер.

Дескриптор

  • мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;
  • мәтіннің тақырыбына қатысты ойын айтады.

1. Чарли Чаплин қай елде дүниеге келген?

____________________________________

2. Чарли қай жерде жұмыс істеген?

____________________________________

3. Чарлиді сипаттап бер.

____________________________________

4. Чарли неге олай киінген?

____________________________________

5. Чарли қандай рөлдерді орындаған?

____________________________________

6. Пантомимия дегеніміз не?

____________________________________

7. Бүгінгі кино мен бұрынғы киноның айырмашылығы қандай?

____________________________________

8. Саған Чарлидің образы ұнады ма? Неге?

____________________________________

9. Мәтіннің негізгі ойы қандай?

____________________________________

10. Чарли Чаплинді атақты адамдар қатарына неліктен жатқызады деп ойлайсың?

______________________________________

11. Чарли Чаплин образын сен білетін қай актермен салыстырар едің? Неге?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Салымдар түрі: қалайша неғұрлым көп пайда табуға болады
» Қауіпсіз каникул: балаларыңызды алаяқтардан қалай қорғауға болады
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ
Пікір жазу