Үйдің қабырғасы неден жасалған? (ОМЖ бойынша 3-сабақ). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ

3-сынып (НЗМ құрастырған ОМЖ бойынша)

4-тарау

Сәулет өнері

3-сабақ

Үйдің қабырғасы неден жасалған?

Бұл сабақта оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың жазылым және айтылым дағдыларын шыңдау көзделеді.

Оқушылардың барлығы: Суреттер мен сөздерді сәйкестендіріп, олармен сөйлемдер құрастырып айтады.

Оқушылардың көпшілігі: Жаңа сөздерді қолданып, сұрақтарға жауап жазады және сурет бойынша үйді сипаттап айтады.

Оқушылардың кейбірі: Ғимараттың түрін анықтап, сипаттап айтады.

Мұғалімнің сабақалды дайындығы: (дидактикалық материалдарды қараңыз)

Ескерту: кейбір көрнекіліктерді, АКТ қолдану мүмкін болған жағдайда, қағазға шығарудың қажеті жоқ.

Мына ресурстарды дидактикалық материалдардан оқушылар/топтар санына қарай көбейтіп алыңыз:

  • Өткен сабақта танысқан жаңа сөздер мен үй тапсырмасын тексеру/пысықтау үшін сізге «Адасқан буындар» кестесін (АКТ қолдану мүмкін болмаған жағдайда) 1 параққа шығарып алу керек.
  • Суретті сөздікті топтар санына сәйкес етіп, 2-3 параққа шығарыңыз.
  • Грамматикалық кестені топтар санына қарай жеке-жеке парақтарға шығарып алыңыз.
  • №5 слайдпен танысыңыз. АКТ қолдану мүмкін болмаған жағдайда 2-тапсырмаға қажетті материалдарды топтар санына сәйкес дидактикалық материалдардан шығарып алыңыз.
  • №6 слайдпен танысыңыз. А4 форматты 3 қағазға 3 бояма суретті жеке-жеке шығарып алыңыз.
  • №7 слайдпен танысыңыз. АКТ қолдану мүмкін болмаған жағдайда «Жетістік баспалдағын» үлкен етіп шығарып, тақтаға іліп қойыңыз.

Мұғалімнің сабақ барысындағы әрекеті:

  • Оқушыларды көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алыңыз. Оқу құралдарын парталарға қойған соң оқушыларды шеңбер бойымен тұрғызып, №1 слайдты ашыңыз. «Кім жылдам?» ойыны арқылы адасқан буындардан сөздер құрап, тақтаға жазуын тапсырыңыз. Тақтаға барлық 8 сөз жазылғаннан кейін оларды дауыстап оқуын тапсырыңыз. Жасырылған сөздерге ортақ атаудың ҒИМАРАТ екенін оқушылар тез әрі оңай тауып алады деп күтіледі. АКТ қолдану мүмкін болмаған жағдайда алдын ала дайындап алған «Адасқан буындар» кестесін тақтаға іліп, оқушылар назарын кестеге аударыңыз. Жасырылған сөздерді анықтау жұмысын ұйымдастырыңыз. Үй тапсырмасы мен жаңа сөздерді қайталауға аралған бұл ойынға 3-4 минут уақыт бөліңіз.
  • Жасырылған сөздерге ортақ атау (ғимарат) анықталғаннан кейін «Ғимараттар қандай? Олар неден жасалады?» деген сұрақтарды қоя отырып, жаңа сабақтың тақырыбын жариялаңыз.
  • Тақырыпты жариялағаннан соң: «Бүгінгі сабақта нені білгің келеді? Тақырыпқа қатысты нені білуіміз керек? Оларды меңгергеніңді қалай білеміз?» деген сұрақтарды қойыңыз. Осы сұрақтарға жауап беру барысында оқу мақсаты мен бағалау критерийлері анықталады. Оларды оқушылардың өздеріне жазғызыңыз (тақтаға) немесе дайын слайдты (қағазды) тақтаға іліп қойыңыз (№2 слайд).
  • Оқушыларды «Сандар» әдісімен 3 топқа біріктіріп отырғызыңыз.

(1-тапсырма) №3 слайдты ашыңыз. Суреттер мен сөздерді сәйкестендіріп, олармен сөйлемдер құрастыруды тапсырыңыз. Суретті сөздікте берілген 9 сөзді 3 топқа үш-үштен бөліп беруге болады. АКТ қолдану мүмкін болмаған жағдайда топтарға суретті сөздік таратылып, «Кім жылдам?» ойыны арқылы жаңа сөздерді меңгерту жұмысын жалғастыруға болады. Тез әрі дұрыс жауап берген топ жеңмпаз болатынын ескертіңіз. Әр жауапты барлық оқушылармен біріге отырып, «Мадақ сөздер» арқылы бағалаңыз.

№4 слайдты ашып немесе грамматикалық кестені әр топқа үлестіріп, жаңа сөздердің (грамматикалық терминдер мен ережелерді атамай) қолданысын меңгертіңіз.

(2-тапсырма) №5 слайдты немесе алдын ала дайындап алған үлестірмелі қағаздарды (сұрақтар мен сурет) пайдаланыңыз. АКТ қолдану мүмкін болмаған жағдайда алдын ала шығарып алған үлестірмелі материалды әр топқа таратыңыз. Әр топқа үлестірмелі қағаздарға қоса, бір А4 форматты қағаздан таратыңыз. Оқушылар сурет пен сұрақтарды қарап, шағын мәтін құрастырып жазады. Дайындыққа 7 минут, мазмұнын топта айтуға 1 минут, сыныпта мазмұндауға 1 минут берілетінін ескертіңіз. Әрбір топ жұмысының «Шапалақ» әдісі арқылы бағаланатынын ескертіңіз.

(3-тапсырма) Әр топқа 1 бояма суреттен таратыңыз. Оқушылар 5 минут ішінде суретті бояп, ғимараттың түрін анықтауы тиіс. Боялған суретті сипаттап айтуға 1 минут, жалпы тапсырманы орындауға 8 минут берілетінін және дескриптор арқылы бағаланатынын ескртіңіз.

(рефлексия) Оқушылар назарын №7 слайдқа немесе «Жетістік баспалдағы» плакатына аударыңыз. Оқушыларға сабақтағы өз жұмыстарына баға беруін сұраңыз. Төмен баға берген оқушылармен «кері байланыс» жүргізіңіз.

№8 слайдты ашып, үй тапсырмасының орындалу ретімен таныстырыңыз. Тапсырманы орындау жолын барлық оқушылардың түсінгенін қадағалаңыз.

Құрметті әріптес! Сізге әдістемелік көмек көрсету үшін СМК порталы қажетті ресурстар кешенін ұсынады. Ісіңізге сәттілік тілейміз!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу