Тентек болма № 6. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ

3-сынып (НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ, ОМЖ БОЙЫНША)

2-тарау

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Сабақтың тақырыбы: Тентек болма 7

Сабақтың мақсаты:

3.1 Оқу түрлерін қолдану

3.​3.​1.​1* мәтінді немесе оның бөлімдерін мәнерлеп оқу, шолып (танысу мақсатында) оқу/рөлге бөліп оқу

2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог)

3.​2.​3.​1* белгілі тақырыптағы әңгімеге қатысу және сұхбаттасын түсіну және олардың ойын толықтыру

5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)

3.​5.​1.​5* үлгі бойынша сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жай сөйлем және мұғалімнің қолдауымен құрмалас сөйлем құрастыру

Қызығушылықты ояту. «Ақ пен қара» ойыны

Оқушылар шеңбер жасап, ақ пен қара болып араласып тұрады. Мұғалім «Ақ» дегенде оқушылар адал, батыл, тапқыр, тәртіпті, сабырлы, ал «Қара» дегенде қорқақ, жалқау, сенімсіз, ерке, тентек, шулы деп айтады. Бұл тәсіл сабақтың ең басында өткен сабақтардағы сөздерді естеріне түсіріп, сөздік қорларын молайтуға көмектеседі, қызығушылықтарын оятады.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты.

Суреттер және «Менің атым Қожа» кинофильмінің қысқа үзіндісін көрсету арқылы сабақтың мазмұнына болжау жасатыңыз. Өйткені болжату арқылы баланың сыни ойлау дағдысын дамыта аласыз. Әр сабақтың басында мұғалім сабақтың тақырыбымен, мақсаттарын оқушыларға түсінікті тілмен жеткізуі керек. Оқушы осы сабақта нені білу керектігін жақсы түсінуі керек. Сабақ барысында қажетіне қарай сабақ мақсаттарын оқушылардың естеріне түсіріп отырыңыз.

Жаңа сөздерді меңгерту.

Жаңа сөздерді меңгерту- сабақтың ең маңызды кезеңі. Сөздерді меңгертуде сөздің аудармасын айтпай, суреттерді, мағыналас сөздерді, қарсы мәндес сөздерді, қимыл, ым-ишараны қолданыңыз. Сөздердің мағынасын түсінгеннен кейін оқушылардың өздеріне сөз тіркестерін, сөйлемдер құруларына мүмкіндік беріңіз. Оқушылардың ойлануына уақыт беріп, жауап беруге деген талпыныстарын үнемі қолдап отырыңыз. «Жоқ, дұрыс емес!», «Қате!» деген сөздер айтудан аулақ болыңыз. Баланың ынтасын жоғалтып алмау керектігін үнемі есте сақтаңыз. Сондай-ақ жаңа сөздерді оқушы сабақтың барлық кезеңдерінде қолдануына мән беріп отырыңыз. «Сөйлеу қабырғалары» бірнеше сабақ бойы оқушыларға көмек болу үшін, үлкен ақ парақтарға жазып іліп қойыңыз. Оқушылар арасындағы қарым-қатынас, өзгелерге көмек, мейірімділік, ұқыптылық, әдептілік, еңбекқорлық туралы өлең мен әңгімелердің жақсы топтамасын дайындаңыз. Сөздерді меңгергеннен кейін алдағы сабақтарда да сол сөздерді қолданыстарына енгізгендері маңызды.

Грамматикалық қоржын.

Оқушыларға слайдтан көрсетіп, теңеумен таныстырыңыз. Ол үшін олар берілген сөйлемдерді оқып, талдайды. Теңеу жасайтын жұрнақтар және шылаулармен (секілді, сияқты) танысады. Берілген сөздерді байланыстырып теңеулер жасайды. Осы ретте өздеріне де мысалдар келтірулеріне мүмкіндік беріңіз. Танысып болғаннан кейін, оқушылар кестеде берілген сөздер мен суреттерді пайдаланып, теңеу жасайды. Теңеулерімен сөйлемдер құрастырады. Сөйлемдер құрастыруда мақсатқа сәйкес жай және құрмалас сөйлемдер құрастыруларына мән беріңіз, қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек көрсетіңіз. Соңында оқушылар жұптасып, бір-біріне сөйлемдерін оқып береді, «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Бірнеше жұптардың сөйлемдерін тыңдаңыз, ауызша комментарий беріңіз, мадақтаңыз.

Оқылым.

Оқылымның алдында оқушыларға таныс емес сөздерге түсінік беріледі. Шолып оқу дағдысын естеріне түсіріңіз. 2 минут өткеннен кейін, оқулықты жауып, есінде қалған мәліметті жұбына айтып береді. Содан кейін кітапты қайтадан ашып, мәтінді оқуды жалғастырады. Оқушылар бір-бірін «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Мұғалімнің тарапынан тапсырманы орындауда не қиын болды? деген сұрақ арқылы кері байланыс беріңіз. Содан кейін оқушылар мәтінді мәнерлеп оқиды, «Кофе таяқшалары» әдісі арқылы сұрақтарға жауап береді. Оқылымнан кейін оқушылар теңеулерді қолданып, мәтіндегі кейіпкерлерді сипаттайды. Ол үшін Т-кестесін толтырады. Ұсынылған сөздер мен сөз орамдарын пайдаланады. Алдын-ала дескриптормен таныстырыңыз. Жауаптарын барлық оқушыдан сұрау қажет емес, 2-3 жұптан сұрасаңыз жеткілікті. Жұмыстың соңында жұптар смайликтер арқылы бір-бірін бағалайды. Жұпқа бөлгенде, қабілеттері әртүрлі оқушыларды бірге отырғызыңыз. Қабылдау деңгейі жоғары оқушы жұбына қолдау көрсеткенін қадағалаңыз. Бір-біріне айтып жатқан уақытта, осы сабақта өзіңіз көздеген бір-екі жұптың қастарына барып тыңдаңыз. Өз дәптеріңізге қай оқушының неден қиналып отырғанын тіркеп отырыңыз. Бұл келесі сабақты жоспарлағанда өзіңізге қажет. Сол оқушылардың ілгерілеуіне ықпал ететін тапсырма дайындаңыз.

Сергіту сәтін жүргізгеннен кейін, оқушылар Қанат пен Жансаяның рөліне еніп, сұхбат құрастырады. Оқушыларға алдын-ала тірек сөздер, суреттер беріңіз, дексриптормен таныстырыңыз. Соңында жұптар бір-бірінің жауаптарын тыңдап, толықтырады. «1 жұлдыз, 1 тілек» әдісі арқылы бағалайды. Бір жұлдыз - жұмыс істеген кезде оқушыларға ерекше ұнаған бір зат. Бір тілек - жақсартуға болатын жағы.

Рефлексия, үй жұмысы.

Сабақты бекіту кезеңінде оқушыларға «Аяқталмаған сөйлемдер» әдісін ұсынуға болады.

Мен ... туралы жаңа ақпарат білдім.

Мен ... сияқты сөздерді меңгердім.

Мен үшін ... қызық болды.

Мен ... таңғалдым.

Мен үшін ... қиын болды.

Сабақ соңында үй тапсырмасының қалай орындалатынына қысқаша түсінік беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу