Тентек болма № 6. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, презентация.
Болжайық!
Сабақтың тақырыбы:
Тентек болма
Сабақтың мақсаттары:
- мәтінді мәнерлеп, шолып оқимын;
- тақырып бойынша диалогке қатысамын;
- үлгі бойынша жай және құрмалас сөйлем құрастырамын.
Сөздік қоржын
Шула
Ерке
Тентек
әжесінің еркесі
ерке болу
ерке бала
тентек бала
тентек болу
балалар шулады
сынып шулады
Грамматикалық қоржын
Теңеу мағынасындағы сөздер:
сияқты, секілді
Жұрнақтар: -дай, -дей, -тай, -тей
сияқты ыстық
сияқты суық
-дай шулады
-дай күшті
-дай қорқақ
-дай сұлу
Кестеде берілген сөздер мен суреттерді пайдаланып, теңеу жаса. Теңеулерімен сөйлемдер құрастыр.
Кері байланыс
Қанат пен Жансая аулада ойнайды. Қанат Жансаяның добын сұрайды. Жансая бермейді. Қанат Жансаяның добын тартып алады. Жансая жылайды. Бір қария шулап жүрген балаларды көреді де, оларды өзіне шақырады.
Қария Қанатқа:
- Балам, сен ер жігітсің, қыздарды ренжітуге болмайды. Тентек болма! - дейді.
Содан кейін Жансаяға бұрылып:
- Ерке қызым, саған да айтар сөзім бар. Ойыншықтарыңмен бөлісе білу керек, - дейді.
Қанат пен Жансая өз әрекеттері туралы ойланды.
Оқылым!!!
Мәтінді мәнерлеп оқы, сұрақтарға жауап бер.
Оқыған мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер.
Мәтіндегі кейіпкерлерді ата.
Қанат пен Жансая аулада не істеді?
Неліктен Қанат Жансаяның добын тартып алды?
Қария Қанатқа қандай ақыл айтты?
Қария Жансаяға не деді?
Қанат пен Жансая өз қателіктерін түсінді ме?
Қайсысының әрекеті дұрыс деп ойлайсыңдар?
Т - кестесі
Теңеулерді қолданып, мәтіндегі кейіпкерлерді сипатта.
Қанат
Жансая
Сөздер мен сөз орамдары:
- Менің ойымша / менің пікірімше, .......
- Себебі ........
- тапсырманы дұрыс орындадым, қате жоқ!
- тапсырманы орындауда қателер болды!
- тапсырманы орындау қиын болды!
Кері байланыс
Сұхбаттасу
Қанат пен Жансаяның рөліне еніп, сұхбат құрастыр.
Диалогке қажетті сөздер мен сөз тіркестері:
Добыңды берші, бермеймін, бірге ойнайық, өз добым, сенің добың, тартып аламын, тентек, ерке, шулайды, түсіндім, кешір.
Дескриптор
сұхбаттасына сұрақтар қояды;
сұхбаттасының сұрақтарына жауап береді;
тірек сөздерді орынды қолданады;
- сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.
Бір жұлдыз, бір тілек!
Рефлексия
Мен ... туралы жаңа ақпарат білдім.
Мен ... сияқты сөздерді меңгердім.
Мен үшін ... қызық болды.
Мен ... таңғалдым.
Мен үшін ... қиын болды.
Мәтінді оқу, мазмұнын айту.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру