«Дені саудың – жан сау» тақырыбында әңгімелер (4-сабақ). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Қазақ тілі (Т2)

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5. Дені саудың – жаны сау

Күні: 30.01.2017

Сынып: 2 С

Мектеп: Көкшетау қ. ФМБ НЗМ

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

«Дені саудың – жан сау» тақырыбында әңгімелер (4-сабақ).

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.5.1.3 мұғалімнің көмегімен етістіктің шақтарын, бұйрық райдың болымды, болымсыз формаларын ажыратып, ауызша сөйлеу тілінде қолдану

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: мұғалімнің көмегімен бұйрық райдың болымды, болымсыз формаларын ауызша сөйлеу тілінде қарапайым түрде қолданады.

Көптеген оқушылар: мұғалімнің көмегімен бұйрық райдың болымды, болымсыз формаларын ауызша сөйлеу тілінде қолданады.

Кейбір оқушылар: бұйрық райдың болымды, болымсыз формаларын ауызша сөйлеу тілінде өздігінен қолданады.

Бағалау критерийлері

Бұйрық райдың болымды, болымсыз формаларын сөйлеу барысында қолданады.

Тілдік мақсаттар

Кеңес беру, таңертең, түсте, кешке, күн тәртібі

Құндылықтарды дарыту

Құрмет көрсету

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

Денің сау болу үшін не істеу керектігі жайлы кеңестер бере алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

7 мин

(Ұ) Қызығушылықты ояту. «Сөйлемдер тізбегі» ойыны. Оқушылар тақырыпқа қатысты сөйлемдер айтып тізбек жасайды. Тізбекке қатыса алмаған оқушы тізбектегі барлық сөйлемдерді қайталайды.

Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

Сабақтың ортасы

5 мин

13 мин

3 мин

1 мин

8 мин

(Ұ) «Тыңда, айт!» Оқушылар хат түрінде жазылған мәтінді тыңдап, хат авторының жіберген қателігін талқылайды.

Сәлем, достар! Мен сендерге Алматы қаласынан жазып отырмын. Мен дұрыс тамақтанамын, тазалықты сақтаймын және спортпен айналысамын. Бірақ мен көп ауырамын. Мен неге көп ауыратынымды түсінбеймін. Сендер маған көмектесе аласыңдар ма? Мен сендерге өзімнің күн тәртібімді жіберемін.

Мен таңертең бір рет тісімді тазалаймын және қолымды жуамын. Содан соң қолымды кешке жуамын.

Мен 3 рет тамақтанамын. Таңертең мен ғаздалған сусын ішемін және қытырлақ картоп жеймін.

Ал түсте шай ішемін және ботқа жеймін.

Кешке шырын ішемін және көп кәмпит жеймін.

Мен шахматпен айналысамын. Мектептен келіп, көп уақыт шахмат ойнап, үйде отырамын. Далада серуендемеймін.

Сәлеммен, Нұрбол

(Ж) «Мен білемін!» Оқушыларға жұпта хат иесіне кеңестер жазады. Сынып алдында қорғайды. Әр кеңес беруде белгілі бір мәселе бойынша береді. Берілген критерийлер бойынша бір-бірін бағалап отырады.

Тапсырманың мақсаты - оқушылардың айтылым дағдысын дамыту, болымсыз етістікті сөйлеу барысында қолдану дағдысын қалыптастыру.

  • Тазалық сақтау
  • Дұрыс тамақтану
  • Спортпен айналысу

Бағалау критерийлері:

  • Кеңесті дұрыс берді
  • Сөздерді дұрыс айтты

Кері байланыс. «Смайликтер» арқылы тапсырма бойынша кері байланыс жасайды.

- жеңіл болды

- аздап қиындау болды.

- қиын болды.

Сергіту сәті. «Алақай, балақай!»

Оқушылар тақпақты айтады және орындайды.

1 – бір орында жүгір,

2 – 2 аяқпен секір,

3 – үш отырып, үш тұрып,

4 – қолыңды төмен түсір.

(Ө) «Ойлан, жаз» Оқушылар айтылған кеңестер негізінде өзінің денсаулықты сақтауы бойынша кестені толтырады.

Денім сау болу үшін мен..................

Тазалықты сақтаймын

Дұрыс тамақтанамын

Спортпен айналысамын

Дескриптор:

  • кестені дұрыс толтырады;
  • фразаларды дұрыс қолданады;
  • болымды, болымсыз етістіктерді дұрыс қолданады.

Сабақтың соңы

3 мин

Рефлексия. «Аяқталмаған сөйлемдер» арқылы сабақтағы жұмысын қорытындылайды.

Мен бүгін..........

Маған бүгін.........

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу