Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті Ертегілер – қысқа фильмдерді көру. (2-сабақ). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 1 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6

Күні: 4.03.2016

Сынып: 1

Мектеп: Көкшетау қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні : Лепесбаева А.Т., Темирова Ж.А.

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті

Ертегілер – қысқа фильмдерді көру. (2-сабақ)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Ж 5 Жай сөйлемді жазуда бас әріптер мен нүктені саналылықпен қолданады.

А 5 Қарапайым фильмдер мен есту материалдары бойынша оқиғаларды талқылайды.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар төмендегіні меңгереді:

Жай сөйлемдерді жазуда бас әріп пен нүктені қолдана алады. Қарапайым фильмдер мен есту материалдары бойынша оқиғаларды түсінеді.

Оқушылардың көпшілігі:

Жай сөйлемді жазуда бас әріптер мен нүктені саналылықпен қолданады.Қарапайым фильмдер мен есту материалдары бойынша оқиғаларды талқылайды.

Кейбір оқушылар:

Жай сөйлемді жазуда бас әріптер мен нүктені басқа да тыныс белгілерді саналылықпен қолданады.Қарапайым фильмдер мен есту материалдары бойынша оқиғаларды талқылап, өз ойын жеткізе алады.

Жетістік критерийлері

Сөйлемдерді бас әріптен бастап жаза алады;

Нүктені қою арқылы қарапайым сөйлемдердің ара жігін ажырата алады.

 Сөздік қор

Айдаһар, маса, қарлығаш, бала, қан, ұстап алады, ұшады, жылайды, көмектеседі.

 Құндылықтарды дарыту

Сыйластық, құрмет

 Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

Алдыңғы меңгерілген білім

«Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» ертегісінің мазмұнын біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин

8 мин

) «Жүректен- жүрекке»

Оқушылар бір-біріне жылы тілектер айтады.

Мен саған денсаулық тілеймін.

Мен саған қуаныш тілеймін.

Мен саған жақсы көңіл-күй тілеймін.

(Ж) «Қадамдар» ойыны.

«Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» бейнематериалы негізінде сөздерді жарысып дұрыс айтады. Бір сөз - бір қадам. Көп сөз айтқан оқушы жеңіске жетеді.

Маса, бала, ана, қан, айдаһар, түлкі, тышқан, қарлығаш, балапан, көмектесті, шағады, ұшады, ұстайды, емдейді, құйрық.

Сабақ ортасы

8 мин

2 мин

7 мин

10 мин

, Ж) «Ақпараттпен бөліс»

Кестеде берілген суреттер мен іс-әрекеттерді сәйкестендіреді. Сәйкестендіргендері бойынша жұпта бір-біріне әңгімелейді.

Баланы шағады

Тамақ пісіреді

Бесікте ұйықтайды

Құйрықты тістейді

Адамды қорғайды

(Ұ) «Сергіту сәті»

Бейнематериалда берілген қимылдарды қайталап жаттығып жасау.

(Ж) «Сауаттылық сәті»

Оқылған сөйлемдердің ара-жігін ажыратып, тыныс белгісін қояды. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді жазады.

айдаһар ау....рды т...лкі айдаһарды емд...ді маса қ...нды баладан алды ....йдаһар қарл....ғаштың қ....йрығын т...стед... қарл....ғаш ада...дарға к...мектест....

(Ө,Қ) "Мен білемін!" Ертегі кейіпкерлерін сипаттап жазады. Алғашқы үлгіні мұғаліммен бірлесе жасайды.

Оның қанаттары бар.

Ол ұшады.

Оның түсі қара, ақ.

Ол адамдарға көмектеседі.

Дифференциация.

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар кейіркерлерді өздері сипаттайды.

Қабылдау деңгейі орташа оқушыларға тірек сөздер ұсынылады.

https://www.youtube.com/watch?v=wAKpGwfZdk4

Сабақтың соңы

3 мин

(МК) «Бағдаршам» арқылы өзінің сабақтағы жұмысына баға беру.

Қызыл түс – түсінбедім

Сары түс – сұрақтарым бар

Жасыл түс – толық түсіндім

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар үшін тапсырманы күрделендіру:

оқушылар заттардың түстерін анықтап сөйлемде айта алады.

Қабылдау деңгейі орташа оқушы сыныпта бар заттарды тізіп бір-екі сөйлем айтады.

Сергіту сәттерінде, белсенді жұмыс түрлерін өткізуде қауіпсіздік техникасын сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Әдістемелік бірлестік жетекшісі ____________Д.Ш. Рахимова



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу