Маған көмектесетін адамдар 3-сабақ. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 1 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

  • САБАҚ: Қазақ тілі

Бөлім: Менің жанұям мен достарым

  • ТАҚЫРЫБЫ: Маған көмектесетін адамдар
  • 3-сабақ
  • МЕКТЕП: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі
  • Мұғалім: Бердібаева А.М.
  • СЫНЫП: 1
  • ҚАТЫСҚАНДАР САНЫ:
  • ҚАТЫСПАҒАНДАР САНЫ:

ОҚУ МАҚСАТЫ:

О 1 Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды және сөздердің мағынасын түсінеді.

А4 Анық әрі таза сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді.

Т6 Түрлі құрылымдағы мәтіндерді түсінеді.

 САБАҚТЫҢ

 МАҚСАТЫ:

Барлық оқушылар жасай алады:

  • хормен қайталайды;
  • жаңа сөздердің айтылуы мен мағынасын түсіне алады;
  • мамандықтардың атауларын біледі.

Оқушылардың көбі жасай алады:

  • мамандық иелерінің атқаратын жұмыс түрлері туралы айта алады;
  • жаңа сөздерді қолданып, суреттер мен сөздерді сәйкестендіре алады. дыбыстық жаттығуларды сауатты орындай алады.

Оқушылардың кейбірі жасай алады:

  • жаңа сөздерді рөлдік ойындарда қолдана алады;
  • бірнеше сөйлемнен тұратын мәтін құрай алады.

 Сөздік қор:

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: мұғалім, дәрігер, әскери адам, аспаз, кітапханашы, тігінші, құрылысшы, жүргізуші, оқытады, емдейді,пісіреді,тігеді, қорғайды, жүргізеді, тұрғызады, көмектеседі, болғым келеді

Алдыңғы білімдер

Маған көмектесетін адамдар, 2-сабақ

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Дереккөздер

Сабақтың басы

Ертеңгілік шеңбер

Мейірімді жүрекпен,

Ақ пейілді тілекпен,

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық!

Амандасқаннан кейін бір-біріне жақсы тілектер айтады. Мысалы: Сенің көзің әдемі. Сен мейірімдісің.

Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстырып өту.

Сабақтың ортасы

Ой қозғау. Жұмбақ жасыру.

1. Алып жатқан жан-жақты,

Үйлерді кім тұрғызды? (құрылысшы)

2. Өміріңді күзеткен,

Ысқырығы күшті адам (милиционер)

3. Өскен шашты жаратпайтын,

Қайшысы бар жалаңдайтын.(шаштараз)

«Кімнің заты?» Мамандық иелеріне қатысты заттарды көрсету. Оқушылар кімнің заты екенін анықтап, не үшін қажет екенін айтады. Мысалы, қайшы, бас киім, таразы және т.б.

(Т) Оқушыларды суреттер бойынша екі топқа бөлу (математикалық пішіндер мен ойыншықтар).

1) Берілген суреттегі адамдардың кім екенін анықтап, олардың қалай көмектесетінін талдайды. Мысалы, бұл - өрт сөндіргіш, ол өрт сөндіреді.

2) Оқушылардың арқаларына бізге көмектесетін адамдардың не істейтіндері туралы сөйлемдер жазылған қағаздар жапсырылады. Мысалы: Ол өрт сөндіреді. Ол дәмді тамақ жасайды. Топ мүшелері бір-бірінің арқасындағы сөйлемдерді тезірек оқып, соған сәйкес суреттерді табулары керек.

Топтар бір-бірін пікір айту арқылы бағалайды.

(Ж) Рөлдік ойындар. Жемістердің суретін таңдату арқылы жұпқа бөлу. Кімде екі бірдей сурет болса, жұп болып жұмыс жасайды. Арнайы дайындалған орынға барып, диалог жүргізеді.

Ұсынылатын тақырыптар:

«Кітапханада»

«Дүкенде»

«Асханада»

«Бас бармақ» әдісі бойынша бір-бірін бағалайды.

( Қ) Тыңдалым. Аудиожазбадан диалог тыңдайды. Диалогтың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.

-Сәлеметсіз бе?

-Сәлеметсіз бе? Кіріңіз. Отырыңыз. Қай жеріңіз ауырады?

-Менің тамағым ауырады.

-Мен сізді тыңдаймын. Қызуыңыз бар ма?

-Иә, қызуым бар.

-Мына дәріні ішіңіз. Ертең тағы келіңіз.

-Рахмет. Сау болыңыз.

Жетістік критерийі:

Диалогта кім туралы айтылғанын және оған қажет затты анықтай алады, онда айтылған бір-екі сөзді түсінеді.

1. Диалогта бізге көмектесетін қандай адам?

А) мұғалім

Ә) сақшы

Б) дәрігер

В) шаштараз

2. Суреттегі қай зат оған керек?

А) Ә) Б) В)

3. Диалогта бар сөздердің астын сыз.

Тамақ, дәрі, сабақ, қызу, қайшы.

4) Асты сызылған сөздерге дыбыстық талдау жасау, дәптерлеріне көшіріп жазу.

Жұмбақтар

http://balakai.kz/zhumbaktar/767-ksibi-mamandy-ieleri-turaly-zhmbatar.html

https://www.google.kz/search?rlz=1C1IRFE_enKZ630KZ632&espv=2&biw=1440&bih=799&tbm=isch&sa=1&q=мамандықтар+туралы+суреттер

Аудиожазба

(Дүкенде)

Сабақтың соңы

Оқушылардан болашақта кім болғысы келетінін сұрау. Мысалы: Мен мұғалім болғым келеді. Ол мейірімді адам. Себебі ол жазуға, оқуға үйретеді.

Кері байланыс. Пайыздық көрсеткіш арқылы сабақты қалай түсінгендерін айтады.

25% 50% 75% 100%

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Балаларға қалай көмектесесіз? Қабілетті балаларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – оқушылардың білімдерін қадағалауды қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланысДенсаулық пен қауіпсіздікАКТҚұндылықтар

Көмек ретінде мамандық иелерінің суреттерін атауларымен көрнекті жерге іліп қоямын.

Оқушылар бір – бірін «Бас бармақ» әдісі және пікір айту арқылы бағалайды.

-Керемет жұмыс істедің! ,- Жақсы жұмыс істедіңдер!- сияқты мадақтау сөздерін айтамын.

Пәнаралық байланыс: математика (топқа бөлу барысында математикалық пішіндерді қазақша айтады)

Құндылықтар

Мамандық иелерінің еңбектеріне құрмет сезім

Ынтымақтастықта, ауызбіршілікте жұмыс жасау

Бақылау

Сабақтың мақсатына жеттім бе?

Оқушылар не үйренді?

Ынтымақтастық атмосферасы қандай болды?

Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма?

Жоспарланған уақытты ұстандым ба? Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен?

Қорытынды бағалау

Сабақтың ең ұтымды кезеңдері:

1:

2:

Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі сәтті кезең:

1:

2:

Осы сабақтан келесі сабақты өткізуге септігін тигізетін сынып және жеке оқушылар жайлы не білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу