Қима мен тілікті қалыптастыратың көлемді моделдеу тәсіл-дері. Графика және жобалау, 11 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11

Қатысқандар:

қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Қима мен тілікті қалыптастыратың көлемді моделдеу тәсілдері.

Сабақта орындалатын оқу мақсаттары (оқу жоспарын негізге ала отырып)

12.2.4.2

3D объектіде тiлiктер мен қималардың құрылуы үшiн көлемді денелерді моделдеудің негізгі операцияларын пайдалану

Сабақтың мақсаттары

3D моделді бұйымның алдыңғы бөлігінің тілігін орындау

Бағалау критерилері

3D моделдің тілігін орындауда көлемді моделдеу тәсілдерін қолданады

Тілдік мақсаттар

«Қима мен тілікті қалыптастыратың көлемді моделдеу тәсілдері.» тақырыбы бойынша жаңа сөздер мен терминдерді қолданып өз идеяларын ұсына алады.

Глоссарий: бөлшек, ойық, бөлігі, қасиет, белгілеу, терезе, аксонометрия, құралдар, қима, модель, түрі, тілік, ось, мәзір.

Құндылықтарды білу

Қоршаған ортаға қатысты пайдалы және нақты шешімдер қабылдау үшін шығармашыл және сыни ойлай алу

Пәнаралық байланыс

Растрорлық және векторлық бағдарламалармен қамтамасыз етуде информатика пәнімен байланысады

АКТ дағдыларын қолдану

Веб-сайттарды және ғаламтор желілерін түрлі зерттеулерге, 3D және 2D сызбаларын орындау дағдыларын қалыптастыруда Компас 3D LTD қолдану

Алдыңғы білім

2D нысанның қима және тілік көрінісін орындау үшін БҚ (бағдарламамен қамтамасыз ету) қолдану тақырыбы бойынша білімдері мен түсініктерін қалыптастырады

Күтілетін нәтиже

3D моделді бұйымның алдыңғы бөлігінің тілігін көлемді моделдеу тәсілдерін қолданып орындайды

Сабақтың барысы

Жоспарланған сабақтың кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз)

Ресурстар

Сабақтың басы

- 5 мин.

Ой шақыру:

- Суретте не көріп тұрсыздар?

- Аксонометриялық проекциядағы қималар қалай аталады?

- Қималарды не үшін орындайды?

- Осы көрініс қалай жасалынған?

- Қалай ойлайсыздар, бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаттары қалай болмақ?

Сабақтың ортасы:

- 10 мин

20 мин.

Сабақтың түсіндірілуі:

Аксонометриялық проекцияда «Подшипник» деталінің алдыңғы бөлігінің тілігін орындау қажет.

Осы мақсатта келесі орындалатын тапсырманың алгоритмі:

1.Берілген 3D моделге көлденең XY жазықтық таңдаймыз, онды қима мен тілік сызықтарын белгілеуіміз керек.

2. «Эскиз» командасын таңдап, 2Д жүйесіне (система) өтіңіз.

3.Бөлшектің ортасынан екі түзу сызық жүргіземіз. Сызықтар бөлшектің шетінен шығып тұруы керек.

4. «Эскиз» командасын қолданып 3Д-ға өтіңіз.

5. Редактирование панелінен «Сечение по эскизу» командасын таңдаңыз.

6. Құралдар панелінен тік бағытты таңдап, бөлшектің төрт бөлігінің қимасын жасаймыз.

7. Қиманың шеттерін белгілеп, олардың түсін өзгертеміз. Ол үшін тышқанның оң жағындағы «Свойство грани» таңдаймыз.

Тәжірибелік жұмыс

Берілген 3Д моделінің алдыңғы бөлігінің тілігін орындаңдар.

Орындалған жұмысты басып шығару керек. Алдымен басып шығаруға дейін «Файл» командасында көріп шығыңыз.

Сабақ соңыңда орындалған жұмыс нәтижесіне кері байланыс берулерін ұсыныңыз.

Бағалауға арналған дескрипторлар :

  • Берілген бұйымның 3D сызбасын орындау үшін БҚ қолданады.
  • Бұйымның алдыңғы көрінісінің тілігін аксонометриялық проекцияда орындайды.
  • Бағдарламаның көмегімен орындалған жұмыстарын басып шығарады.

Күрделі сынық тілік

www.youtube.com/watch?v=y6e6CF1cWYQ

Компьютерлер, ноутбуктер

Сабақтың таныстырылымы

Сабақтың соңы:

- 5 мин.

Сабақтың соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

-Не білдім нені түсіндім?

-Түсініксіз не болды.?

-Нені жетілдіруіміз кажет?

Оқушылар өздерінің немесе бір-бірінің жұмыстарына критерилер бойынша баға береді.

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз

Пән аралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтармен байланыс

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданы-лады.

Бұл бөлімді оқушылар-дың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалар-дың қайсыбірі оқушы-лардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ бары-сында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Ойлану

Сабақ мақсатта-ры/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Диф-ференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспа-рланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу