Геометриялық денелердің формаларының қалыптасуының негізгі зандылықтары. Графика және жобалау, 10 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Форманың қалыптасуы және құрылымдау

9-10 урок

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Геометриялық денелердің формаларының қалыптасуының негізгі зандылықтары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.4.1.1

Геометриялық денелердің формаларының қалыптасуының негізгі зандылықтарын және принциптерін білу

10.4.1.2

Әр түрлі беттер мен форма құрастыру тәсілдерін білу және түсінгендерін көрсету (көпқырлы және қисық беттер)

 Сабақ мақсаттары

  • геометриялық денелердің формаларының қалыптасуының негізгі зандылықтарымен және принциптерімен таныстыру;
  • әр түрлі беттер мен форма құрастыру тәсілдерін білу және түсінгендерін көрсету (көпқырлы және қисық беттер)

Бағалау критерийлері

  • геометриялық денелердің формалар қалыптасуының негізгі зандылықтарын және принциптерін біледі;
  • әр түрлі беттер мен форма құрастыру тәсілдерін біледі және түсінгенін көрсете алады;
  • фигуралардың пішінін талдайды;
  • формаларының қалыптасуының негізгі зандылықтарын қолдана отырып, өзбетінше жаңа формаларды жасайды;
  • жазық геометриялық фигуралардан композиция құрастыра алады;
  • композицияны үйлесімді түстік шешімде орындайды

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Геометриялық денелер, формалардың қалыптасуы, көпқырлы денелер және қисық жазықтықтар

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

формалардың қалыптасуы деген-...

Қарапайым базалық формаларға...

Сызбаны орындау үшін...

Жайманы орындау...

Құндылықтарды дарыту

  •  Еңбек және шығармашылық;
  •  оқушылар арасында бір біріне сыйластық;

Пәнаралық байланыстар

Дизайн, сызба

АКТ қолдану дағдылары

Интернет ресурстарымен жұмыс істеу дағдыларын дамытады

Бастапқы білім

Тілік пен қима. Кескіндерді қайта құру (реконструкция). Көріністердің түрі мен құрамын түрлендіру

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

1 сабақ

Сабақтың басы

5 мин

Сабақ басында:

- оқушылардың зейінін шоғырландыру

- оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын, тақырыбын анықтау

«Геометриялық денелердің формаларының қалыптасуының негізгі зандылықтары»

Сабақтың ортасы

5 мин

5 мин

25 мин

(Ұ) Оқушылармен геометриялық денелер формасының қалыптасу заңдылығын ашық және жабық сұрақтар арқылы талқылаңыз:

  • Форма дегеніміз не?
  • Форма қалыптастыру дегеніміз не?
  • Жазық және кеңістіктегі геометриялық денелер формасын жасау үшін

(Ұ) Оқушыларға заттың формасын геометриялық құрастырудағы тәсілдерінің мағынасын түсіндіріңіз.

  • Фигураны айналдыру нәтижесінде қандай жазық алуға болады?
  • Қарапайым 3D форма жасай аласыңдар? (оригами, сымнан басқатырғыш)
  • Қағаздан геометриялық формаар құрастыру (геометриялық денелер моделі)

(Ө) Тәжірибиелік жұмыс №5

Оригами орындаңыз (6-10 қадамнан кем емес)

Дескрипторлар:

  • оригамидің жасалу жолдарын біледі;
  • қағазды қолмен ұқыпты бүктейді;
  • түрлі моделдерді жасай алады;
  • формаларының қалыптасуының негізгі зандылықтарын қолдана отырып, өзбетінше жаңа формаларды жасайды

Әртүрлі формадағы заттар кескіндері бар сызбалар және кестелер.

Геометриялық денелердің материалды модельдері

(картоннан, қағаздан, сымнан, пластмассалардан)

Жұмыс дәптері, сызба жабдықтары.

Оқулық: Черчение и графика. Павлова А. А., Корзинова Е. Е. (изд. «Мнемозина» Москва 2011)

2 сабақ

Сабақтың ортасы

30 мин

(Ө) Тәжірибиелік жұмыс №6

Оқушыларға жазық геометриялық фигуралардан композиция құрастыру арқылы шығармашылық жұмыс орындауды ұсыныңыз. Орындалған композицияларын түстік шешімде альбомдарында салу (бірнеше шағын немесе ірі бір тақырыпқа арналған композициялар құру).

«Танаграм» басқатырмасымен таныстыру

Дескрипторлар:

  • фигуралардың пішінін талдайды;
  • жазық геометриялық фигуралардан композиция құрастырады;
  • композицияны үйлесімді түстік шешімде орындайды

Геометриялық денелер модельдері (картоннан, сымнан, пласстмасадан т.б.)

Презентация «Танграм»

Сабақтың соңы

10 мин

Сабақ соңында оқушылар

өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір критерийлер бойынша бағалайды

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Тәжірбиелік жұмысты тексеру нәтижесінде бағалау

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу