Аксонометриялық проекция. Графика және жобалау, 10 сынып, сабақ жоспары, 2 сабақ.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Бөлім 2: Кескіндердің негізгі түрлері және салулар

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Аксонометриялық проекция

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.2.2.1

Тегіс геометриялық денелер мен көлемді бұйымдарды құру тәсілдерін білу және түсіну (аксонометрия)

11.2.2.2

Заттың (дененің) берілген көріністері бойынша, құрылымдау ережелерін білетіндігін көрсете отыра аксонометриялық проекцияны орындау

11.7.1.1

Қызық есептер (мысалы: пропедевтикалық, эвристикалық) шығару барысында ұтымды жолдарды ұсыну

 Сабақ мақсаттары

Геометриялық денелердің аксонометриялық проекцияларда салыну жолдарын, оларды сызбада дұрыс орналасуын үйрену.

 Бағалау критерийлері

Білім алушы

  • Проекциялаудың әдістері мен тәсілдерін біледі.
  • Сызбада бірнеше проекция жазықтығына проекциялауды және қажетті көріністерді анықтай біледі.
  • Ұтымды шешімдерді қолдану арқылы тапсырмаларды орындайды.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

Бұйымдардың геометриялық формаларының қасиеттерін сиппаттайды. Заттардың кеңістікке орналасу, салыну ережелерін талдайды.

Пәндік лексика және терминология:

Аксонометрия, диметрия, изометрия, кескін, текше, конус, радиус, диаметр, өлшем бірліктерін қою.

Сөйлемге қажетті сөз тіркестері:

  • Аксонометриялық проекция...
  • Изометриялық проекцияда осьтер...
  • Фронталь диметрия проекцияда осьтер...

 Құндылықтарды дарыту

Өзгелердің көзқарасын бағалау және сыйлау.

Оқушыларды жұппен және топпен жұмыс істеу қабілеттерін қалыптастыру.

Эстетикалық талғамдарын дамыту.

Оқушыларды жауапкершілікке және біріге жұмыс істеуге тәрбиелеу.

 Пәнаралық байланыстар

Өнер, геометрия, информатика пәндері бойынша пәндік теорияны қолдану.

 АКТ қолдану дағдылары

Берілген сабақ барысында оқушылар қажетті ақпарат жинау үшін және зерттеу барысында АКТ дағдыларын қолдана алады.

Бастапқы білім

 Зерттеу жүргізе алады. Көркем материалдарды қолдана біледі. Оқушылар жұмыстарын таныстыра және талдай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин.

Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақтың басында оқушылар назарын аударуға екпін жасау. Коллаборативті орта қалыптастыру.

«Комплимeнттeр бұрқacыны» әдіcі aрқылы ынтымaқтacтық aтмоcфeрacын құру. Бұл әдіcтің мaқcaты-бaлaлaрдың нaзaрын ортaғa aудaрып, бір-бірінe мeйірімділікпeн қaрaуғa тәрбиeлeу. Оқушылар сынып ішінде үлкен бір щеңбер құрып, өз қасында тұрған сыныптастарына комплимeнттeр aйтaды.

Мыcaлы : Ceн бүгін өтe әдіміcің...

Ceн мeйірімдіcің...

Оқушыларды бүгінгі сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттары және сабақ мақсаттарымен таныстырыңыз. Сабақ соңында күтілетін нәтижеге назар аудару қажет.

Сабақтың ортасы

5 мин.

5 мин

20 мин

Жаңа тақырыпты түсіндіру. Сұрақтар:

Оқушылармен бірге өткен сабақта алған білімдерін тексеру мақсатында сұрақ жауап өткіземін. Сұрақтарға жауап беріңіздер.

  • Фронталь, горизонталь проекциялар жазықтығына тағы бір вертикаль жазықтық орналасқан, ол қандай жазықтық?
  • Бізге қарсы орналасқан вертикаль проекция жазықтығын қандай жазықтық деп атайды?
  • Фигураны жазықтыққа кескіндеген кезде проекциялаушы сәулелер бір нүктеден тарайтын болса, мұндай әдісті қалай проекциялау деп атайды?
  • Координаттарының екі осінің көлбеулігі бірдей, үшіншісі басқаша болатын аксонометриялық проекция түрі?
  • Координаттар жүйесінің осімен Oz жүйесі не деп аталады?
  • Координаттар жүйесінің осімен Oх жүйесі не деп аталады?
  • х және у осьтерінің көлбеулігі бірдей, барлық үш ось бойынша өлшемдер бірдей кемиді, бұл аксонометриялық проекцияның қай түрі?
  • Осьтер бойынша өлшеу дегенді білдіретін проекция түрі?

Тапсырма №1

Кестені толтыр

Тапсырманы орындамас бұрын оқушыларды 2 топқа бөліп алуға болады.

Тапсырма №2

1 топ фронтальды- диметрияда, 2 топ изометрияда дененің (орындық) аксонометриялық проекциясын орындап, өлшемдерін түсіріңіз.

Тапсырманы бағалау критерийлері:

  • Проекциялаудың әдістері мен тәсілдерін біледі.
  • Сызбада бірнеше проекция жазықтығына проекциялауды және қажетті көріністерді анықтай біледі.
  • Ұтымды шешімдерді қолдану арқылы тапсырмаларды орындайды.

https://www.youtube.com/watch?v=zxYuzxMve7k

Аксонометриялық проекция

Сабақтың соңы

5 мин.

Рефлексия:

«Талқылаудағы әріптестер»

Серіктеспен талқылау:

Сіз үйренген үш жаңа нәрсені атаңыз:

  • Не оңай болды?
  • Не қиын болды?
  • Сіз болашақта білгіңіз/үйренгіңіз келетін нәрсе .

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

 Жұмыс барысында оқушылар түрлі іс шараларға қатысады. Қажет болған жағдайда мұғалім және басқа да оқушылар тарапынан қолдау қарастырылған.

 Топтық жұмыс қарастырылған.

 Топта ролдердің бөлінуі әрбір оқушының жұмысқа белсенді араласуын және өзара қолдау мен көмекті көздейді.

Бақылау,

Кері байланыс

Бағалау критерийлері

Жұмысын қорғау кезіндегі бағалау.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Құралдарды ұқыпты қолдана білу, жұмыс орнын бейімдеу.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу