Кеңістіктегі векторлар және оларға амалдар қолдану. Геометрия, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

10.3B Кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесі және векторла

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты- тегі :

Сынып:

10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Кеңістіктегі векторлар және оларға амалдар қолдану

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.4.1 - кеңістіктегі вектор, вектордың ұзындығы, тең векторлар анықтамаларын білу,

10.4.2 - векторларды қосу және векторды санға көбейтуді орындау;

 Сабақ мақсаттары

 

Векторларға сызықтық амалдар қолдану дағдысын қалыптастыру

 Бағалау критерийлері

  • Вектор түсінігін біледі және кеңістікте векторларға сызықты амалдарды қолдана алады
  • Векторларды қосу, алу тәсілдерін біледі
  • Векторды санға дұрыс көбейтеді

  Тілдік мақсаттар

Тілдік мақсат

Оқушылар: вектор, бағыт, бағыттас, қарама-қарсы бағытталған ,координата сөз тіркестерін қолданады;

Пәнге қатысты лексика мен терминология баистік жіктелуі

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер векторларды қосу, азайту, векторды санға көбейтуді жүзеге асырады және оларды геометриялық терминдермен интерпретациялайды.

Құндылықтарды дарыту

Ұжымдылыққа, өз бетімен жұмыс жасай білуге, тақырыптың өмірмен байланысын көрсету, тәрбиелеу.

Жаһандық азаматтылыққа тәрбиелеу

Ұжымдық жұмыста жұмыс жасауда оқушылар басқалардың пікірін қабылдауды, келісуді үйренеді.

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивтік құралдарды қолдану, интернет ресурстар.

Оқытудың өмірмен байланысы

Теориялық материалды талдау, өмірмен байланыс іздестіру.

Пәнаралық байланыстар

Сызу

Бастапқы білім

Жазықтықтағы векторлар, оларға амалдар, скаляр көбейтінді, вектор ұзындығы

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

1 сабақтың басы

3 мин

15 мин

20 мин

1- сабақтың соңы

2 мин

1.Оқушылармен амандасу.

2.Тақырыпты, сабақ мақсатын, бағалау критерийлерін анықтау.

3. Үй жұмысын тексеру.

4. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Ұштарының қайсысы басы және қайсысы ұшы екені көрсетілген бағытталған кесінді вектор деп аталады. Кеңістіктің кез келген нүктесін вектор деп қарастыруға болады. Мұндай векторлар нөлдік векторлар деп аталады.Нөлдік векторлардың басы мен ұшы беттеседі, сондықтан ол векторлардың қандай да бір айқын бағыты болмайды.

Егер векторлар бас нүктелері арқылы өтетін түзудің бір жағында жатса, бағыттас векторлар деп аталады.

Егер векторлар бас нүктелері арқылы өтетін түзудің әр жағында жатса, қарама-қарсы бағытталған векторлар деп аталады.

Тең векторлар -ұзындықтары бірдей бағыттас векторлар.

Қарама-қарсы векторлар– бағыттары қарама-қарсы, ұзындықтары тең векторлар

Векторларды қосу

Үшбұрыш ережесі

Параллелограмм ережесі

Көпбұрыш ережесі

Параллелепипед ережесі

Кезкелген a және b векторлары үшін және кез келген k, l сандар үшін мына теңдіктер орын алады.

1. (k l)a = k (l a) – көбейтудің терімділік заңы

2. k (a+b) = ka + kb - I- үлестірімділік заңы

3. (k+ l) a = ka + la - II -үлестірімділік заңы

5. Фронтальды жұмыс

Есеп 1.

Векторларды , , арқылы жіктеңдер .N-АВС үшбұрышының медианаларының қиылысу нүктесі.

Есеп 2

Өрнекті ықшамдаңдар:

Есеп 3

Төбесі О пирамиданың диагональдары М нүктесінде қиылысатын АВСD параллелограмы болып табылады. OD және OM векторларын = ,

= , = векторлары бойынша жіктеңдер

Тапсырма

Дескрипторлар

+/-

Фронтальды жұмыс

1

2

Векторларды дұрыс жіктейді

Векторлардың теңдігін дұрыс көрсетеді

3

Ізделінді векторлар дұрыс жіктелген

6.Алғашқы қортындылау

7. Үй жұмысы

ABCD тетраэдрінің ABC жағының АА1 медианасы Л нүктесінде АК : КА1 =3 :7 қатынасында бөлінеді. векторын , , векторлары бойынша жіктеңдер

8.Рефлексия

http://function-x.ru/vectors1.html#paragraph5

http://www.cleverstudents.ru/vectors/condition_of_vectors_collinearity.html

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылардың қабілетіне қарай тапсырмалар беру. Жеңілден күрделіге қарай есептің мағынасын тереңдету.

Бірін – бірі бағалау, мұғалімнің бағалауы,

өзін-өзі бағалау түрлері қолданылады.

Сабақ басында оқушылар қауіпсіздік техникасымен таныстырылады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу