Кеңістіктегі түзулердің перпендикулярлығы (бекіту сабағы). Геометрия, 10 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.2А Кеңістіктегі перпендикулярлық | Мектеп: | ||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||
Сабақ тақырыбы | Кеңістіктегі түзулердің перпендикулярлығы (бекіту сабағы) | ||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 10.2.6. перпендикуляр түзулердің анықтамасын және қасиеттерін біледі, оларды есептер шешуде қолданады. | ||||||||
Сабақ мақсаттары | Кеңістіктегі түзулердің перпендикулярлығының анықтамасын біледі. Перпендикуляр түзу мен жазықтықтың қасиеттерін үйренеді. | ||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||
Тілдік мақсаттар | Пән бойынша лексика және терминология нүкте; түзу; жазықтық; кеңістік; кеңістіктегі параллелдік; кеңістіктегі перпендикулярлық; айқас түзулер; кеңістіктегі бұрыш; екіжақты бұрыш; фигуралардың параллель және ортогональ проекциялары; көпжақ; дұрыс көпжақ; көпжақтың қимасы; кеңістіктегі нүкте мен түзу арасындағы арақашықтық; нүкте мен жазықтық арасындағы арақашықтық; айқас түзулер арасындағы арақашықтық; кеңістіктегі нүктелердің геометриялық орны. Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер егер түзудің екі нүктесі жазықтыққа тиісті болса, онда... ; екі жазықтық өзара параллель, егер... егер жазықтықтағы түзу көлбеуге перпендикуляр болса, онда ол.... берілген нүктеден берілген жазықтыққа түсірілген перпендикуляр деп... екі жазықтық арасындағы бұрыш деп... фигураның берілген жазықтыққа ортогональ проекциясы деп… дөңес көпжақтың әрбір жағы… дөңес көпжақтың қимасы деп … кеңістіктегі нүктеден түзуге дейінгі арақашықтық деп… кеңістіктегі нүктеден жазықтыққа дейінгі арақашықтық деп… кеңістіктегі нүктелердің геометриялық орны … | ||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Ортақтаса жұмыс істеу арқылы өзінің ортадағы қажеттілігін түсіну; өз бетімен жұмыс істеу дағдысы, мәселелерге сыни тұрғыдан ойлау дағдысы. | ||||||||
Пәнаралық байланыстар | Архитектура, Физика | ||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Ғаламтордан мәліметтер алу, оны өңдей білуі, деректермен жұмыс жасау, компьютерлік бағдарламаны, графикалық калькуляторды қолдану дағдысын қалыптастыру. | ||||||||
Бастапқы білім | Жазықтықтағы перпендикуляр түзулер. Пифагор теоремасы. Параллель көшіру. | ||||||||
Сабақ барысы | |||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||
Сабақтың басы 3 минут | Ұйымдастыру сәті Оқушылармен амандасу. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. | ||||||||
Сабақтың ортасы «Иә, Жоқ» ойыны (7 мин) Жеке жұмыс 10 мин
жұптық жұмыс 15 минут | Теориялық материалды қайталау видео түсіндіру және «иә, жоқ» ойынын ойнау
Оқушылар жоғары деңгей сұрақтарына «Иә» немесе «Жоқ» деп бірыңғай жауап берулері қажет. 1. Кез келген екі перпендикуляр түзу бір жазықтықта жатады; 2. Тік бұрыш жасап айқасатын кез келген түзулер перпендикуляр болады; 3. Егер түзу бір түзуге перпендикуляр, ал екінші түзуге параллель бомаса. Онда бірінші және екінші түзулер өзара перпендикуляр болады. 4. Түзудің берілген нүктесі арқылы осы түзуге перпендикуляр бір ғана түзу жүргізуге болады. 5. Түзуде жатпайтын нүкте арқылы осы түзуге перпендикуляр тек бір ғана түзу жүргізуге болады. 6. Бір түзуге перпендикуляр түзулер өзара параллель деген тұжырымдар дұрыс па? Оқушыларға жауаптарын дәптерге жазуды, салыстыруды және күмәнді сұрақтарды талқылау ұсынылады.
1-сұрақ. К төбесінен АСВD квадрат жазықтығына КВ түзуі болатындай етіліп түсірілген. Егер квадраттың қабырғасы 4см, ал КВ=4см болса, К төбесінен квадраттың төбелеріне дейінгі қашықтықты табыңыз. 2-сұрақ. SABCDEF алтыбұрышты пирамидасы берілген. табан жазықтығымен қандай бұрыш жасап қиылысатынын табыңыз. 3-сұрақ Берілген суреттерден кеңістіктегі перпендикуляр түзулерге мысал бола алатынын таңда
4-сұрақ Берілген суреттерден параллель түзу мен жазықтыққа мысал бола алмайтын жұбын таңда
3. Жұптық жұмыс. Оқушыларды жұпқа бөліп төмендегі тапсырмаларды орындау ұсынылады: 112. АО, ВО және СО кесінділері өзара қос-қостан перпендикуляр. Егер АО=ВО=СО болса, онда АВС бұрышын табыңдар. 113. Суретте: Егер 1) болса ағаштың биіктігін табыңдар. 114. АО, ВО және СО кесінділері өзара қос-қостан перпендикуляр. Егер: 1) АО=4см, ВО=3см, СО=3см; 2) АО=5см, ВО=12см, СО=16см болса, АВ, АС және ВС-ны табыңдар. 128. АВСD параллелограмы диагональдарының қиылысу нүктесі О арқылы МА=MC, МВ=MD болатындай ОМ түзуі жүргізілген. ОМ түзуінің параллелограм жазықтығына перпендикуляр екенін дәлелдеңдер. 129. МА түзуі диагональдары О нүктесінде қиылысатын ABCD квадратының жазықтығына перпендикуляр. а) BD түзуі АМО жазықтығына перпендикуляр; ә) МО BD екенін дәлелдеңдер | https://bilimland.kz/kk/subject/geometriya/10-synyp/kengistiktegi-tuzulerding-perpendikulyarlyhy слайд-5 https://bilimland.kz/kk/subject/geometriya/10-synyp/kengistiktegi-tuzulerding-perpendikulyarlyhy слайд-6 слайд-7 Геометрия. 10-сынып. Шыныбеков Ә.Н. 33-бет слайд-8 Геометрия. 10-сынып. Атанасян Л.С. 44-бет | |||||||
Сабақтың соңы 2 минут 3-минут | Үйге тапсырма Үй тапсырмасына бағыт бағдар беру. Рефлексия Сабақты қорытындылау. Оқушыларға стикер таратып, сабақтан алған әсерін, білімін, пікір тілектерін, ұсыныстарын жазуды ұсынады.
| В.Гусев, Ж.Қайдасов, Е.Есенғазин Геометрия есептер жинағы. 10-сынып 18-бет слайд-9 слайд-10 | |||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||
Деңгейлік тапсырамалар кезінде оқушылардың қастарына барып тапсырмаларды орындауын бақылап, сұрақтары болса жеке жауап беріп бағыттап отырамын. Сызбаны дұрыс салуын қадағалаймын. Жұмысты жылдам әрі дұрыс орындаған, жеке жұмысты толық әрі нақты орындаған оқушыларға дербес қолдау көрсетіп отырамын. | Тапсырмаларды орындау деңгейіне қарай бағалаймын. А деңгейіндегі тапсырмаларды қатесіз бағалау критерийіне сай ұпайларын алған оқушылардың барлығы да бүгінгі сабақ мақсатына жеткенін, Ал В мен С деңгейіндегі тапсырмаларды орындаған оқушыларға ерекше мақтап барлығыңда сол деңгейге жетулеріңе мүмкіндік бар екенін айтып өтемін. | Сыныпта парта мен орындықтардың оқушы денсаулығына зиян келтірмейтіндей етіп орналастырылуына басты назар аударамын. Сызу және жазу құралдарымен қауіпсіз жұмыс жасау техникасын ескертемін. | |||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | |||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру