Фигураның аудандары. Геометрия, 8 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар: | Мектеп: Қарағанды қ. НЗМ | |||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||
Сынып: 8 | Қатысқандар саны: | Қатысқандар саны: | ||
Сабақ тақырыбы | Фигураның аудандары | |||
Сабақтың түрі | қайталау сабағы | |||
Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
| |||
Сабақтың мақсаты | меңгерген қасиеттер мен формулаларды қолданып, фигуралардың аудандарын есептеу дағдыларының дамуына жағдай жасау | |||
Бағалау критерийі: | Оқушылар:
| |||
Күтілетін нәтиже | Оқушылар:
| |||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар фигуралардың аудандарын табуға байланысты терминдерді біледі (аудан, табан, биіктік, қабырғаның ұзындығы, периметр, бұрыштың синусы, диагонал және т.б.) Пәнге қатысты лексика мен терминология: Тіктөртбұрыштың, параллелограмның, трапецияның және ромбының аудандарының формуласы. Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: Тең көпбұрыштардың аудандары тең. | |||
Құндылықтарды дарыту | Осы сабақта жоспарланған жұмыстар арқылы құндылықтарды дарыту жүзеге асады. Оқушыларға есептер шығару үшін шығармашыл болуы керек. Жұптарда жұмыс істеу арқылы, оқушылар жаупкершіліктері артып, әріптестерін тыңдап, ойларымен алмасып, пікірталастарға қатысуды үйренеді. Оқушылардың танымдық қызығушылығын туғызу. Өзара бағалай білуге үйрету. Ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу. | |||
Пәнаралық байланыстар | ||||
АКТ қолдану дағдылары | Интерактивті тақтаны жазу және көрнекі құрал ретінде қолдану. | |||
Алдыңғы білім | Үшбұрыштың, тікбұрыштың, квадраттың, параллелограмның, трапецияның, ромбтың ауданын есептеу формулалары. | |||
Сабақтың барысы | ||||
Сабақтың кезеңдері | Жоспарланған іс-шаралар | Дереккөздер | ||
Басы
| І. Ұйымдастыру кезеңі. Мұғалім сабақтың тақырыбын хабарлайды. Оқушылармен бірге сабақ мақсаты тұжырымдалады. Одан кейін бағалау критерийлерін айтады. Мұғалім оқушыларды сабақ жоспарымен таныстырады. 1. Тест тапсырмасы. 2. Дайын сызбалар бойынша есептер. 3. Деңгейлік есептер шығару. 4. Топпен жұмыс. 5. Өздік жұмысы. 6. Сабақты қорытындылау. | Презентация 1-4 слайд | ||
Ортасы 5 минут 10 минут 15 минут 5 минут | ІІ. Теорияға шолу. Оқушыларға көпбұрыш аудандарын табуға байланысты тест тапсырмасы ұсынылады. Оқушылар жеке жұмыс істейді. Тапсырма орындалған соң, презентация бойынша тексеру орындалады. Қажет болған жағдайда кейбір оқушылар шешу жолына түсініктеме береді. ІІІ. Дайын сызбалар бойынша есептер. Оқушылар жұппен орындайды: ақылдасады, бір-біріне көмектеседі. Тапсырмалар орындалып біткен соң жұптар өзара бір-бірін тексереді. Дайын сызбалар бойынша есептер ІV. Деңгейлік есептер шығару. Оқушылар жеке орындайды, кейбір оқушылар тақтада орындайды. Қажет болған жағдайда мұғалім бағыт-бағдар береді, есепті дұрыс шығаруға бағыттайды. . V. Қолданбалы есеп. Оқушылар 3 топқа бөлініп, қолданбалы есептерді орындайды. Тапсырманы орындауға 5 минут уақыт беріледі, қалған уақыт орындаған тапсырмаларын ортаға шығып қорғауға арналады. Оқушылар шешу жолдарын үлкен қағазға жазып, бағалау үшін тақтаға іледі. Қалған топтар жұмысты бағалап, есеп бойынша сұрақтар қояды.
Компания, табандары 430 м, 770 м және кіші бүйірі 300 м болатын тікбұрышты трапеция тәріздес аумақты көгалдандыру мақсатында ойнатылған тендерді жеңіп алды. Егер 5 м2 аумаққа 2 қарағай ағаш егу керек болса, берілген аумаққа қанша түп қарағай ағашы керек. | 5-6 слайд Қосымша 1 7 слайд Қосымша 2 8 слайд Қосымша 3. 9 слайд Қосымша 4 | ||
Сабақтың соңы 3 минут | Рефлексия. Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: - нені білдім, нені үйрендім? - нені толық түсінбедім? - немен жұмысты жалғастыру қажет? Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір критерийлер бойынша бағалайды | 10 слайд | ||
Дифференциалдау | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |
Жұппен және топпен жұмыс барысында өздеріне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен жұмыс істеу барысында, есепті шешу және талқылау жолдарын бақылап, үйренеді. Жеке орындауғы арналған деңгейлік тапсырма дифференциацияны қамтамасыз етеді. | Мұғалімнің қалыптастырушы бағалауы сабақтың өн бойында жүргізіледі – мұғалім жұмыстардың орындалуын бақылайды, ауызша түсініктемелер береді. Оқушылардың сабақтағы әрекеті мен талқылауға қатысуы және басқа да іс-шаралардағы белсенділігін бақылай отырып бағалайды. Жұмыс орындалғаннан кейін топтардың бір-бірін бағалауы. Оқушылардың жеке жұмыстарын мұғалімнің бағалауы. | Сабақта техника қауіпсіздігі ережесін сақтау. Оқушылардың әрбір іс-әрекеттеріне бөлінетін уақыттарды тиімді ұйымдастыру. Тапсырмаларды оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай таңдау. | |
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | |||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру