Пропорционал кесінділер (Жаңа материалды меңгеру сабағы). Геометрия, 8 сынып, сабақ жоспары, 2 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

8.1A Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу.

Мектеп: Павлодар қаласындағы «химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі»

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Богданова Ю.

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Пропорционал кесінділер (Жаңа материалды меңгеру сабағы).

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Оқушылар:

8.1.1.8 пропорционал кесінділер туралы теореманы білу және қолдану;

 Сабақ мақсаттары

Оқушыларды пропорционал кесінділердің анықтамасымен таныстыру. Есеп шығару барысында пропорционал кесінділер туралы теореманы қолдануды үйрету

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

  • Пропорционал кесінділер туралы теореманы біледі;
  • Пропорционал кесінділерді анықтайды және есептің шарты бойынша пропорция құра алады;
  • Есепті шығаруда пропорционал кесінділер туралы теореманы қолданады.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

– кесіндіні тең (пропорционал) кесінділерге бөлу қадамын сипаттайды;

– есеп шығару барысында бөлімнің пәндік лексикасы мен терминологиясын қолданады.

Пәндік лексика мен терминология:

– көпбұрыш, үшбұрыш, төртбұрыш, бесбұрыш, алтыбұрыш, жетібұрыш, сегізбұрыш, тоғызбұрыш, онбұрыш;

– дұрыс көпбұрыш;

– дөңес, дөңес емес көпбұрыш;

– көпбұрыштың бір қабырғасына іргелес бұрыштар;

– пропорционал кесінділер.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

– - параллель түзулер ... қияды;

Құндылықтарды дарыту

Құрметтеу, ынтымақтастық, ашықтық.

Құндылықтарға баулу жұптық және топтық жұмыстар арқылы жүзеге асырылады.

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақтаны қолдану.

Бастапқы білім

Үшбұрыштар теңдігінің белгілері, тең бүйірлі үшбұрыштар қасиеттері мен белгілерін білу, түзулердің параллельдігінің белгілері мен түзу, қиюшыға қатысты қасиеттерді білу. Үшбұрыштар теңдігі мен түзулердің параллельдігін дәлелдей алу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

1-сабақ

Сабақтың басы

2 мин

Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу.

Сыныпта жағымды психологиялық ахуал тудыру.

«Уақыт капсуласы» стратегиясы. Мұғалім алдын-ала сыныптың әр оқушысына шағын тілектер дайындап, оларды бір-бірден киндер ұяшықтарға салып қояды. «Тілектердің» сыртқы бетінде берілген сандар оқушының сабақ барысында жұмыс жасайтын тобын білдіреді. Оқушылар тілектерді алып, сыныбына дауыстап оқиды, кейін топқа бөлінеді.

Киндер ұяшықтар

Мәселелік сұрақ

4 мин

АВ кесіндісіндегі С және D нүктелері және қатынастары орындалатындай берілген. Төменде берілген пропорцияларды аяқтаңыз:

Берілген есепті шығару үшін қандай білімдеріңізді қолдандыңыздар?

Бұл есептің сызбасын келтіруге болады ма?

Талқылау. Бір-бірін тексеру.

Қосымша 1

Сабақ тақырыбына шығу

3 мин

Бейне материал қарау.

Диалогтік оқыту.

Қосымша 2

Тақырып пен сабақ мақсатын тұжырымдау

1 мин

Оқушылар сабақ тақырыбы мен оның мақсатын тұжырымдайды.

- Орындаған тапсырма мен бейне материал бойынша сабағымыздың зерттеу пәні не болады деп ойлайсыздар?

Презентация.

Жаңа материалды өздігімен меңгеру

6 мин

2 мин

«Кластер» стратегиясы. Мақсат – сөздердің көлемі аз болатындай, бірақ максималды мәлімет алатындай, меңгерген материал бойынша көру арқылы бейне – сурет құрастыру.

Орындау қадамдары:

1. ортасына кілтті сөзді немесе сөйлемді (негізгі ой) жазу;

2. Айналасына негізгі фактілерді, ойды, бейнені білдіретін сөз немесе сөйлемдерді жазу;

3. Кілтті сөз бен айналасындағ фактілерді сызықтармен қосу, яғни байланысты анықтау.

Сонымен қоса, оқушылар жаңа материалды мұғалім алдын ала дайындаған басқа да әдебиеттерден – журналдар, әртүрлі автор оқулықтарынан қарауға болады. Сола арқылы оқушлар анықтамалар мен белгілерді салыстыра алады, мәліметті өздігімен іздеу дағдыларын дамытады.

Карточка.

Пропорционал кесінділер - кесінд ұзындыұтары үшін пропорция орындаланыт кесінділерді айтады. и үшін мына тепе-теңдік орындалады:

.

теңдігі былай да жазылуы мүмкін: және .

Екі қатынастың теңдігі пропорция деп аталады.

Мына пропорцияда :

- пропорция мүшелері.

– шеткі мүшелері.

– ортаңғы мүшелері.

Келесі теңдіктер эвивалентте болып табылады: .

Бейне материал қарау

Теорема тұжырымдамасын дәптерге жазып алады.

Пропорционал кесінділер туралы теорема: Бұрыштың қабырғаларын қиятын параллель түзулер, осы бұрыштың қабырғалараын пропорционал кесінділерге бөледі.

Тірек схема діптерге жапсырылады.

Қосымша 3

Қосымша 4

Бекіту.

10 мин

Жұптасып, не үштікте жұмыс жасау.

Бос ұяшықтарды толтырады.

Бағалау критерийлері:

- пропорционал кесінділер туралы теореманы біледі,

- сызбада пропорционал кесінділерді анықтайды,

- есеп шығару барысында теореманы қолданады,

- пропорция құра алады,

- түрлендіруді дұрыс орындайды,

- теңдіктегі бос ұяшықтарды дұрыс толтырады.

Қосымша 5

10 мин

Топтыө жұмыс (3-4 адам).

«Өкіл» стратегиясы.

1. Әр топтан бір өкіл сайланады, оны сағат тілі бағытымен басқа топтарға делегат ретінде жібереді.

2. Өкілдің тапсырмасы – өз тобының тапсырма шешімін анық түсіндіріп беріп, сол топтың шешуін жазып алу.

3. Өкіл өз тобына қайтып келеді.

4. Шешу жолдарын талқылайды (өз жауаптарын басқа топ жауаптарымен салыстырады), анализ жасайды, қажет болған жағдайда өз шешімдерін толықтырады.

1. а және b параллель түзулер АОF (сызба) бұрыш қабырғаларын қиып өтеді. ОС = 4 см, ВС = 6 см, DE = 9 см болса, OD кесіндісінің ұзындығын анықтаңыз.

2. l, m, n параллель түзулер MAN (сызба) бұрыштың қабырғаларын қиып өтеді. АВ = 4 см, CD = 8 см, В1С1 = 5 см, C1D1 = 6 см болса, АВ1. және BD кесінділерінің ұзындығын анықтаңыз.

3. с және d параллель кесінділер ВАС (сызба) бұрыштың қабырғаларын қиып өтеді. AD = 4 см, D1E1 = 16 см және DE=ADl болса, DE кесіндісінің ұзындығын анықтаңыз.

Этап рефлексиясы:

  •  Есеп шығару барысында қиындықтар туындады ма?
  •   Атап шығыңыз.
  •  Қосымша түсіндіруді қажет ететін сұрақтар бар ма?

Қосымша 6

Reflection

1 мин

Оқушылар келесі сөйлемдерді толықтырады:

  • Бүгін мен ...................................................................білдім.
  • .................................................................... қызықты болды.
  • ................................................................ қиындық туғызды.
  • Мен ............................................. тапсырмаларды түсіндім.
  • Енді мен ........................................................жасай аламын.
  • Сабақ менің өмірім үшін ............................................ берді.

Қосымша 7

Homework

1 мин

  • Теориялық материалды қайталау.
  • Тапсырма. AB-ның CD-ға қатынасы 7-ге тең. EF түзуі CD түзуінен үш есе қысқа. AB-ның EF-ке қатынасын анықтаңыз.

Қосымша 7

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу