Тіктөртбұрыш, ромб, квадрат және олардың қасиеттері. Геометрия, 8 сынып, презентация.


ТІКТӨРТБҰРЫШ , РОМБ, КВАДРАТ

АНЫҚТАМАЛАРЫ, ҚАСИЕТТЕРІ, БЕЛГІЛЕРІ

Оқу мақсаттары

8.1.1.6 тіктөртбұрыш, ромб және квадрат анықтамаларын білу және қасиеттері мен белгілерін қорытып шығару

САБАҚ МАҚСАТЫ

тіктөртбұрыш, ромб және квадрат анықтамаларын білу;

тіктөртбұрыш, ромб және квадрат қасиеттері мен белгілерін білу;

тіктөртбұрыш, ромб және квадрат қасиеттері мен белгілерін есеп шешуде қолдану

СҰРАҚ ЖАУАП:

Қандай төртбұрыш параллелограмм деп аталады?

Параллелограммынң қандай қасиеттерін білесіңдер?

Параллелограмм белгілерін ата.

Жекелеме жұмыс

Қосымша 1

«Параллелограмм. Тіктөртбұрыш. Ромб. Квадрат»

1. Қай фигура келесі қасиеттерге ие?

- барлық бұрыштары тең;

- диагональдары тең;

- диагональдары тік бұрыш жасап қиылысады және сол фигураның бұрыштарының биссектрисалары боп табылады?

А. Тіктөртбұрыш Б. Ромб В. Квадрат Г. Параллелограмм

2. Барлық қабырғалары өзара тең тіктөртбұрыш

А. Тіктөртбұрыш Б. Ромб В. Квадрат Г. Параллелограмм

3. Төбелері тіктөртбұрыштың қабырғаларының ортасында болатын тіктөртбұрыш:

А. Кез келген параллелограмм Б. Тіктөртбұрыш В. Ромб Г. Квадрат

4. Қандай екі тең үшбұрыштан квадратты құрастыруға болады?

А. Тікбұрышты Б. Дұрыс В. Теңбүйірлі Г. Теңбүйірлі тік бұрышты үшбұрыш.

5. Ромбтың бір диагоналі оның бір қабырғасына тең. Ромбтың бұрыштары:

А. 30°, 60°, 30°, 60° Б. 45°, 45°, 135°, 135° В. 60°, 60° , 120°, 120° Г. 30°, 150°, 30°, 150°

6. Параллелограммның екі бұрышының қосындысы 134°. Оның бұрыштарын табыңыздар.

А. 134°, 134°, 46° 46° Б. 67°, 67°, 113°, 113° В. 67°, 67°, 134°, 134° Г. 67°, 113°, 134°, 46°

7. Тіктөртбұрыштың диагональдарының қиылысу нүктесінен оның қабырғаларына түсірілген перпендикулярлардың ұзындықтары сәйкесінше 3 см және 5 см. Тіктөртбұрыштың периметрін табыңыз.

А. 16см Б. 24см В. 32см Г. 48 см

8. Параллелограммның периметрі 36 см. Оның бір қабырғасы 12см. Қалған қабырғаларының ұзындықтарын табыңыз.

А. 12, 12, 6, 6 Б. 12, 18, 12, 6 В. 12, 6, 10, 8 Г. 12, 12, 8, 8

9. Ромбтың доғал бұрышының төбесінен түсірілген биіктігі оның қабырғасын қаққа бөлееді. Робмтың бұрыштарын табыңыз.

А. 60°, 60°, 120°, 120° Б. 45°, 45°, 135°, 135° В. 90°, 90° , 90°, 90° Г. 30°, 30°, 150°, 150°

Жұптық жұмыс

Қосымша 2

Рефлексия

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Сабақ несімен маған ұнады?

Өзім және болашақ өмірім үшін мен қандай дағды қалыптастырдым?

Қандай кемшіліктерім бар: білімім де ме, әлде сөйлеуімде ме?

 

Үй тапсырмасы

3-нұсқа. Қосымша 2



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу